9 - Шабан, 1446 жыл.
     8 - Ақпан, 2025 жыл.   


БІРІНШІ ТОМ, 49-шы ХАТ

Хақ субханаһу уә та'ала дін және дүние мақсаттарыңызға жеткізсін! Дүние ләззаттарының фәни [өткінші] ниғметтерінің зиянынан құтылудың емі – оларды исламға сай қолдану. Яғни Аллаһу та'аланың бұйрықтарына және тыйымдарына бағыну. Исламға сай қолданылмаса, бұл ләззаттар зиянды болады. Аллаһу та'аланың ашуына, азабына себеп болады. Шынайы түрде, толықтай құтылу үшін бұл ләззаттарды мүмкін болғанша доғару қажет. Тоқтата алмағандардың емін, дәрісін қолдануы керек. Осылайша сол зиянынан құтылады. Бұл ләззаттарды доғара алмай, емін де қабылдамағандардың, осылайша пәлекеттерге, дерттерге душар болып, бақыттан мақұрым қалғандардың обалы жоқ! [Ислам діні дүниенің ләззаттарына, зауықтарына тыйым салмайды. Оларды хайуандар секілді азғын, зиянды түрде қолдануына тыйым салады]. Нәпсілерінің қалауына еріп, дүниенің ләззаттарын исламға сай қолданбайтындар, осылайша пайдалы және тұрақты болған жәннат ләззаттарынан қашқандар тым байқұс адамдар. Олар Аллаһу та'аланың бәрін көріп тұратынын білмей ме? Зияннан құтылу үшін дүниенің ләззаттарын исламға сай қолдану керектігін естімеген бе? Сұраққа, есепке тартылу күні әлбетте келеді, әр адамның дүниеде істегендері алдына қойылады. [Дүние зауықтары мен ләззаттарының соңынан жүгіргендердің өлгеннен кейін тірілудің бар екеніне, исламға бағынғандардың жәннаттың зауықтарына кенелетініне, исламға бағынбағандардың тозақ отында жанатынына сенбейтіні аңғарылады. Алайда олар озат, ұлы тұлға деп сенген еуропалықтар, америкалықтар жәннатқа, тозаққа сенеді. Шіркеулері адамға толы. Еуропалықтардың әдепсіздіктеріне, намыссыздықтарына өркениет деп еліктеген, олар сияқты ахиретке сенген азаматтарға керітартпа, дүмше деп тиісетіндердің шынайы түрлері айқын. Ақылдары жоқ, нәпсілерінің зауқының тұтқыны болған осындай бейшараларға алданбау керек]. Дүниеде Раббысының разылығына жеткен, Оның харам еткендерінен сақтанғандарға ол күні сүйіншілер болсын! Дүниенің жылтыр өміріне алданбағандарға, Раббысының азабынан қорқып, нәпсілеріне ие болғандарға, үйіндегілерге және қарамағындағыларға намаз оқуды әмір еткендерге [және әйелдеріне, қыздарына көшеге шыққанда орануды үйреткендерге] сүйіншілер болсын, сүйіншілер болсын! Аллаһу та'ала көрсеткен бақыт жолында болғандарға және Мұхаммед алейһиссаламға бағынғандарға сәлем болсын!

 

ЕКІНШІ ТОМ, 38-ші ХАТ

Адам мен Аллаһу та'ала арасындағы ең үлкен перде – адамның нәпсісі. «Нәпсіңді таста да, маған кел! Іздеген күніңді жабатын бұлт сенсің! Өзіңді тап!» делінген. Нәпсінің арадан кетуі виждани [жүрекке қатысты] және зауқи іс. Сөз және жазумен түсіндіріле алмайды. Кітап оқу арқылы түсінілмейді. Ежелде нәсіп етілген болуы және Аллаһу та'аланың жәзб етуі [тартуы] қажет. Себептер әлемі болған бұл дүниеде махаббат шартымен бір әулиенің сұхбаты жеткілікті. Махаббат көп болған сайын Оның жүрегінен жайылып, оған келген фәйздердің, марифаттардың көбін алып, кемелдікке жетеді. «Адам сүйгенімен бірге болады» хадис шәрифі осыны хабар беруде.

 

ЕКІНШІ ТОМ, 39-шы ХАТ

Әһлуллаһтың [әулиелердің] бар болуы тірі кезінде де, қайтыс болуынан кейін де рақымдылық. Тірі кезінде берген фәйздері мен берекеттері қайтыс болуынан кейін де жалғасады. Фәйздері мен берекеттері олардың жолынан айрылмағандарға ағуды жалғастырады. Дінде шығарылған бидғаттың сүннеттердің нұрын жоқ қылуына ұқсайды. Қайырлы іс жасауға тырысыңыз! Жақсы амал мен ғибадат жасауда жарысыңыз! Марқұмның балаларына қызмет етуді бақыт [олжа] деп біліңіз! Оларды исламға сай қуантыңыз!

 

ЕКІНШІ ТОМ, 45-ші ХАТ

Сүйікті ұлым! Дүниенің көрінісі тәтті. Алайда ақиқатында ол у. Қадірсіз. Оның тұзағына түскен адам құтыла алмайды. Бұл умен өлген адам өлексе болады. Оған көңілмен байлану тентектік. Сырты жылтырланған нәжіс, шекермен қапталған у секілді. Ақылды адам ондай жасанды, өтірік әсемдікке алданбайды. Бұзылған, зиянды зауықтарға көңілмен байланбайды. Бұл қысқа өмірінде иесінің разылығына жетуге тырысады. Ахиретте пайдасы тиетін нәрселерге қол жеткізеді. Құлшылық міндетін атқарады. Аллаһу та'аланың бұйрықтарына беріледі. Харам еткен, тыйым салған нәрселерден сақтанады. Осылай істемей, зиянды нәрселердің соңынан жүгіретіндердің обалы жоқ!

Шынайы досты ренжітуден қорқамын,

Бұл қорқудан күндіз түні жанамын!

 

[Дүние – Аллаһу та'ала жақсы көрмейтін, харам еткен, зиянды нәрселер деген сөз. Харамдардан сақтанатын адам дүниеге алданбаған болады. Аллаһу та'ала дүниеде ешбір зауыққа, ешбір ләззатқа тыйым салмады. Бұларды азғын, шамадан тыс, зиянды күйде қолдануды харам қылды. Көрсеткен пайдалы, әдепті түрде қолдануды әмір етті].

 

ЕКІНШІ ТОМ, 61-ші ХАТ

Бұл дүниеге келуіміздің мақсаты – Аллаһу та'аланың марифатына қол жеткізу. Марифат екі түрлі. Біріншісі ғылым жолымен, яғни назар және ойлану арқылы пайда болады. Мұны ислам ғалымдары хабар берді. Екіншісі кәшф және шуһуд арқылы [жүректе] пайда болады. Бұл тасаууф иелерінен [әулиелерден] келеді. Біріншісі - білім, ақыл және пікір арқылы пайда болады. Екіншісі - хал, өздігінде. Біріншісі арифты жоқ қылмайды, екіншісі жоқ қылады. Өйткені бұл марифат маруфта жоқ болу деген сөз.

Қурб – белгілі әрекет емес,

Қурб-и Хақ – бар болудан құтылу! [Қурб-и Хақ – Аллаһты жақсы көру деген сөз].

 

Біріншісі илм-и хусули. Айналаны түсіну. Екіншісі идрак-и басит болып, оның айналасы жоқ. Өйткені мұнда әзір болған Хақ. Адам фәни [жоқ] болған. Біріншіде нәпіс қарсы шығуда. Өйткені нәпіс және жаман сипаттары бар. Оның қырсықтығы мен қалаулары жоқ болмаған. Азғындықтан және құтырудан құтыла алмаған. Иман бар болса, көріністе. Амалдар, ғибадаттар кейіпте. Нәпіс күпірін жалғастыруда, Мәуласына [иесіне] дұшпандықта. Хадис құдсида: «Нәпсіңді дұшпан деп біл! Өйткені ол маған дұшпан» делінген. Бұл марифат «Иман-и мәжази» деп аталды. Бұл иман жоқ болуы мүмкін. Екінші марифатта адам жоқ болғандықтан нәпіс иманға келген. Бұл марифат [иман] жоқ болмайды. Бұған «Иман-и хақиқи» делінеді. Амалдар да шынайы болады. Хадис шәрифте: «Йа, Раббым! Сенен соңы күпір болмаған иман сұраймын» делінген. «Ниса» сүресінің 136-шы «Ей, иман келтіргендер! Аллаһқа және Расулына иман келтіріңдер!» аятында осы иманға ишара етілген. Имам Ахмед бин Ханбал білімде және ижтиһадта ең жоғары дәрежеде болса да, Бишри Хафидың есігіне барып, осы марифатқа талапкер болды. Себебі сұралғанда «Ол Хақ та'алаға менен көбірек ариф» деді. Әбу Ханифа Нуман Куфи (рахметуллаһи алейһ) өмірінің соңғы екі жылында ижтиһадты қойып, жалғыздықты таңдады. Қайтыс болғаннан кейін түске кіріп: «Соңғы екі жыл болмағанда Нуман құрып кетер еді» деді. Жалғыз қалуының себебі осы марифатты толықтыру еді. Бұл марифаттың нәтижесі болған иманның кемелдігіне қол жеткізу еді. Әйтпесе білімде және амалда оның дәрежесі өте жоғары еді. Ешбір амал ижтиһад дәрежесіне жете алмайды. Ешбір ғибадат дәріс беру дәрежесіне бара алмайды. Амалдардың кемелдігі иманның кемелдігіне байланысты. Ғибадаттардың нұрлылығы ықыластың мөлшеріне байланысты. Иманның кемелдігі және ықыластың мөлшері де марифатқа байланысты. Бұл марифат пен иман-и хақиқи фәнаға және өлмей тұрып нәпістің өлуіне байланысты болғандықтан, фәнасы көп болған адамның иманы кемел болады. Сондықтан Сыддық-и әкбардың иманы бұл үмбеттің имандарының қосындысынан көп болды. Хадис шәрифте: «Әбу Бәкірдің иманы үмбетімнің иманымен тартылса, Әбу Бәкірдің иманы ауыр басады» делінген. Өйткені фәнада теңдесі жоқ еді. Хадис шәрифте: «Жүрген өлі көргілерің келсе, Әбу Кухафаның ұлына қараңдар!» делінген. Әбу Бәкірдің фәнаға мысал ретінде көрсетілуі фәнадағы кемелдігіне дәлел. Өйткені асхаби кирамның бәрінде фәна пайда болған. Бұл марифат кімде пайда болса, сүйінші болсын! Қайда болса, сол жаққа жүгіру керек. Өкінішке орай, іздеу керек болған нәрсе тәрк етілуде. Бұзу әмір етілген нәрсе жөнделуде. Қиямет күні қай бетімен және қай үзірлі себеппен есебін бермекші?

 

ЕКІНШІ ТОМ, 62-ші ХАТ

Адамның абыройы иманда және марифатта. Мал-мүлкі мен мансабында емес. Иманды күшейтуге тырысыңыз! Марифат дәрежелеріне көтерілуге күш салыңыз! Хадис шәрифте: «Ахирет үшін еңбектенген адамды Аллаһу та'ала барлық мақсатына жеткізеді. Бірақ дүниелік істердің соңынан жүгіргендерді құртады» делінген. Күнкөріс үшін қиналған адамның бір жұмыста істеуі рұқсат. Табыс тапса жақсы болады. Таба алмаса, ол жұмысқа қатты кіріспеу керек. Қатты кірісуінің соңы келмейді. Зияны артады.