9 - Шабан, 1446 жыл.
     8 - Ақпан, 2025 жыл.   

  Негізгі бөлім / Пайғамбарымыз / "Асхаби кирам" кітабы / ИСЛАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ФИТНА - КІРІСПЕ

ИСЛАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ФИТНА - КІРІСПЕ

КІРІСПЕ

Аллаһу та'ала дүниедегі барша адамзатқа мейірімді. Ол пайдалы нәрселерді бәріне жібереді. Ахиретте тозаққа түсуі керек болған мұсылмандардан қалағанын рақымдылық танытып кешіреді де, жәннатқа кіргізеді. Әр жандыны жаратқан, әр болмысты әр мезетте бар қылып ұстап тұрған, бәрін қорқыныш пен үрейден қорғайтын жалғыз Ол. Осындай Аллаһтың құрметті есіміне сыйынып, осы кітапты жазуды бастаймыз.

Аллаһу та'алаға шүкір! Оның ең сүйікті пайғамбары Мұхаммед алейһиссаламға дұға мен сәлем болсын! Осы ұлы пайғамбардың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) әһли бәйтіне және әділ, сенімді сахабаларының әрбіріне (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) қайырлы дұғалар болсын!

«Тәзкирә-и Қуртуби» мухтасарында жазылған хадис шәрифте: «Сахабаларымның арасында фитна шығады. Бұл фитнаға араласқандарды менімен сұхбаттасуының құрметіне Аллаһу та'ала кешіреді. Кейіннен келгендер бұл фитнаны ауыздан ауызға жеткізіп алаулатады, осы себептен тозаққа түседі» делінген. Үндістанда хижри 1034 [м.1624] жылы қайтыс болған ұлы ислам ғұламасы Имам Раббани Ахмед Фаруқи Серһенди (рахметуллаһи алейһ) әһли сүннет сенімін, мұсылмандықтың дұрыс жолын, тасаууфтың ислам дінінен бөлек нәрсе емес екенін жеткізу үшін әр елге хаттар жолдаған. Бес жүзден асқан бұл хаттары үш том болып жинақталып басылған. Екінші томының отыз алтыншы хатында асхаби кирам арасындағы фитнаны ұзақ жазған.

Үшінші халифа хазреті Осман (радиаллаһу анһ) заманында Абдуллаһ бин Сәбә есімді йемендік яһуди исламда алғаш рет араңдатушылық фитнасын шығарды. Бұған алданғандар асхаби кирамға араласа бастады. Тарих бойы масондар мен яһудилер тарапынан қолдау көрді. Уақыт өте азғындықтары артып, исламды іштен құлатуға тырысты және көп мұсылманның қан төгуіне себеп болды. Алайда ислам діні бірігуді, бауыр ретінде бір-бірін жақсы көруді бұйырады.

Асхаби кирамға (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) дұшпан болғандар уақыт өте он екі топқа бөлінді. Бәрі де мұсылмандарды алдау, бөлу үшін жоспармен жұмыстарын атқарып жатыр. Асхаби кирамның (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) бір-біріне дұшпан екенін айтып, сол ұлы тұлғаларды хазреті Әлиге (радиаллаһу та'ала анһ) бағынбады деп өте жаман жалалар жабуда. Ағартушы дін адамы, көрнекті жазушы дегендей атаулармен жамылған осы фитнашылар мен бүлікшілер өтіріктерін халық назарына шығарып, жаман жалаларын жайып, мұсылмандарды оятуға тырысқан әһли сүннеттің таза ұстаздарына керітартпа, надан дейді. Осы қадірлі ұстаздардың атына дақ түсіруге, абыройын төмендетуге тырысуда. Асхаби кирамның (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) олардың балағаттауымен абыройы түсіп қалмайды, осы ұстаздардың да қадірі олардың тіл тигізуінен артуда, абыройы мен құрметі көтерілуде.

Дін бауырларымыздың бауырды бауырдан айыруға тырысқан осындай араңдатушылардың жылтыр жалаларына алданбауы үшін отыз алтыншы хатты парсы тілінен түрік тіліне аударып, «Исламдағы алғашқы фитна» атауын бердік. Ынсаппен оқыған қадірлі жастардың пәк рухтары мен таза ар-ождандарының әһли сүннеттің дұрыс екенін көретініне сенімдіміз.

Аллаһу та'ала мұсылмандарды бөлінуден сақтасын! Бәрімізді разы болған, ұнатқан әһли сүннеттің дұрыс жолында біріктірсін! Ислам дұшпандарының өтіріктеріне алданып, тұзақтарына түсуден қорғасын! Әмин!