![]() ![]() БІРІНШІ ТОМ, 178-ШІ ХАТШынайы мұсылман болған ата-бабаларымыздың, үлкендеріміздің жолынан айрылмауымызды тілеп дұға етемін. Тура жол, құтылу жолы олар жүрген және кітаптарында көрсеткен жол. Ей, бауырым! Ақыр замандамыз. Діни білімдер азайды. Ислам дінін ұстануда немқұрайлық пайда болды. Сүннеттер тәрк етілді. Бидғаттар жайылды. [Британдықтар мен миссионер поптардың тоқыма кітаптарымен, көп ақша және қаруымен құрылған масон кәпір ұйымдары және мұсылман атанған рафизи, уаһһаби бидғатшылары әлемнің барлық жерінде әһли сүннет болған шынайы мұсылмандарға тиісіп жатыр]. Күпірлік пен бидғаттар кеңінен тараған осы қараңғы заманда шынайы мұсылман балаларының әһли сүннет ғалымдарының кітаптарынан діндерін үйренуі әрі осы кітаптарды барлық жаққа таратуы – бірінші міндет. Ұмытылған діни білімдерді қайта жандандыру ең құнды амал. Ислам білімдерін үйренуге және таратуға күндіз-түні тырысыңыз! Саясатқа араласпаңыз. Үздіксіз дұға етіп Аллаһу та'аладан көмек сұраңыз! [Біз құлмыз. Құлдық міндетімізді атқаруымыз қажет. Ол үшін дұрыс иман келтіруіміз және ислам дінін ұстануымыз керек. Жүрек көзі ашылып, жындарды, перілерді, періштелерді, рухтарды көруді, олармен сөйлесіп ғайыпты білуді тіпті ойыңызға да алмаңыз! Аллаһу та'аланың бар екенін, бір екенін, құдіретінің шексіз екенін осындай хабарлардан емес, ғылым мен медицина білімдерінен үйреніңіз. Бұл білімнің орны – адамның миы. Мидың ғылыммен, медицина білімдерімен, соғыс құралдарын дайындаумен және сауда-саттық, егіншілік білімдерімен айналысуы жүректің фәни болуына, дүние істерін ойламауына зиянын тигізбейді. Ми дүниелік білімдерін ойлап жұмыс істегенде жүрек Аллаһу та'аланы бір мезетке де ұмытпайды. Сондай-ақ бұл істерді атқаруды және дұшпанда табылған соғыс құралдарын бейбітшілік заманында дайындауды ислам діні әмір етеді. Исламның осы бұйрығын да орындау жүректің тазалығын, фәнасын арттырады. Рафизилер мен уаһһабилер және оларды бағып отырған христиандар мен яһудилер бұл жазғандарымызды түсінбейді. Олар миларымен де, жүректерімен де дүниелік табысы және нәпсілерінің қалауы мен зауқын ойлайды. Төртеуі де әһли сүннетке дұшпандықта ортақтаса күш салуда. Бұл опасыз шабуылдарын британдықтар басқаруда]. |