1 - Сафар, 1447 жыл.
     26 - Шілде, 2025 жыл.   


ЕКІНШІ ТОМ, 89-шы ХАТ

Әр түрлі жұмыстармен әуре болсаңыз да ықыласқа қол жеткізуді қалауыңыз бізді қуантты. «Беруді қаламаса, қалауды бермес еді» делінген. Науқас адам өз ауруын дәрігерге айтуы керек. Фәйздің қайнар көзі Расулуллаһ. Бірақ арашылар арқылы келген кезде ауысады. Ғұламаларымыздың жолында фәйзге жету үшін мүршидтің сұхбатына үздіксіз қатысу шарт. Мүршидтің жүрегінен талапкердің жүрегіне махаббаты мен қабілетіне қарай фәйз келеді. Мүршид таба алмайтын болса бұрынғы мүршидтердің бірінің кітаптарын оқып, оны жақсы көргені шамасында оның рухынан фәйз алады. Увәйс Қарни [яғни Уәйсәл Қарани хазрет] Расулуллаһты көре алмай, алыстан фәйз алып, үлкен әулие болды, дегенмен асхаби кирамның ешбірінің дәрежесіне жете алмады. Табииннің ең үстемі болды. Тасаууфшыларға деген махаббатыңыз үлкен ниғмет. Бұл ниғметтің қадірін біліңіз! «Әр адам сүйгенімен бірге болады» хадис шәрифі бізге сүйінші. Сүйіктілеріміздің жүректерінен нәр алатынымызды сүйіншілейді. Ғибадаттарды орындауға аса мән беріңіз! Музыкамен, ойын-сауықпен құнды уақытыңызды зая етпеңіз! Дүниеде қонақ екенімізді, қабір мен қиямет азаптарын көп ойлаңыз. Құтылудың исламды ұстануда және бидғаттардан сақтануда екенін ұмытпаңыз! Бидғатшылармен және мазһабсыздармен достық құрмаңыз! Олар – дін ұрылары. Адамның дінін, иманын ұрлайды. Исламға бағынуда немқұрайлы қарайтын шәйхтарға, тариқатшыларға алданбаңыз! [Рафизилерден, уаһһабилерден, олардың кітаптарынан, радио мен теледидардағы бағдарламаларынан сақ болыңыз].

Ешкімге шағымым жоқ, жылаймын тек өз күйіме,

Дірілдеймін қылмыскердей, қарағанда келешегіме!