Көңіл ауруының еміАурулар физикалық және рухани болып екіге бөлінеді. Дененің ауруға шалдығуы физикалық ауруларға жатады. Ал көңілдің ауруға шалдығуы рухани ауруларға жатады және бұл физикалық аурудан әлдеқайда маңызды. Өйткені көңілдің ауруы – Аллаһу та’аланы мойындамау, күпіршілік және күнә жасау. Ал бұл өз кезегінде адамды мәңгілік пәлекетке алып барады. Ұлы ислам ғұламаларының бірі болған хазреті Имам Раббани бұл тұрғыда былай дейді: “Әуелі ауруды емдеу жайын ойлау керек. Одан кейін пайдалы азық беріп, бастапқы қуатты халіне қайтаруды ойлау керек. Осы секілді «Көңілдерінде ауру бар.» мағынасындағы аяты кәрималарда білдірілген көңіл ауруына шалдыққандардың ешбір ғибадаты және құлшылығы пайда бермейді. «Көп Құран кәрим оқитындар бар, Құран кәрим оларды лағнет етеді.» хадис шәрифі өте мәшһүр. «Көп ораза ұстайтындар бар, олардың оразадан көретін пайдасы тек аштық пен сусыздық.» хадис шәрифі де сахих. Көңіл ауруларының мамандары, білгірлері болып табылатын тасаууф әулиелері де әуелі ауруды кетіру үшін жасалатын нәрселерді әмір етуде. Көңіл ауруы – Аллаһтан өзгені сүйіп, соған байлану. Бәлкім өзіне байлануы. Өйткені барлық адам барлық нәрсені тек өзі үшін қалайды. Баласын өзін жақсы көргені үшін жақсы көреді. Дүние-мүлікті, атақ-даңқты, мансапты тек өзі үшін қалайды. Оның табынатыны өзінің нәпісі. Нәпісінің қалауларымен жүруде. Көңіл бұл байланған нәрселерінен құтылмайынша адамның құтылуы өте қиын болады.” Көңіл ауруының емі – ислам дініне мойынсұну және Аллаһу та’аланы көп зікір ету, яғни есімдерін және сипаттарын еске алып көңілге орнықтыру. Дін ғұламаларының сұхбаттарын тыңдау және кітаптарын оқу бұл емді оңайлатады. Мұндай сұхбаттар мен кітаптарға қауышу дүние және ақырет бақытына қауышуға себеп болады. Хазреті Саид бин Жүбәйр былай дейді: “Мұхаммед сүресінің «Көңілдерінде ауру болғандарды көрдің.» деген жиырмасыншы аяты мүнафиқтарды ашықша көрсетіп тұр. Өйткені көңілдің үш түрі бар: Біріншісі мұсылманның көңілі, бұл тазалықпен және махаббатпен Аллаһу та’алаға байланған. Екіншісі қатты және өлген көңіл. Мұның ешкімге жаны ашымайды. Үшіншісі ауруға шалдыққан көңіл. Бұл ауру мүнафиқ ауруы. Аллаһу та’ала бұл үш көңілді де Хадж сүресінің елу бірінші аятында білдіруде. Бұл үш көңілдің екеуі азап тартады. Біреуі құтылады. Мұсылманның көңілі сәлим (кінәратсыз) болып табылады. Аллаһу та’ала сәлим көңілді дәріптеуде. Шұара сүресінің сексен сегізінші аятында: «Ол күні балалар мен дүние-мүлік пайда бермейді. Тек қана көңілі сәлим болып келген пайдаланады.» деп бұйырды.” Хазреті Имам Раббани: “Тасаууф жолында ілгерілеуден мақсат – нәпісті және көңілді аурулардан құтқару. Бақара сүресінде: «Көңілдерінде ауру бар.» аяты кәримасы білдірген ауру емделмейінше шынайы иманға қол жетпейді. Мұндай бақытсыздық бола тұра көңілде ақыл жолымен пайда болған иман – иманның тек бейнесі ғана. Өйткені нәпіс иманға қайшы нәрсе жасап күпіршілік жасауын тоқтатпауда. Шынайы иман нәпісті буындырып, көңілді сендіргеннен кейін көңілде пайда болады.” деп айтқан. Пайғамбарымыздың “алейһиссалам” уақытында бұл көңіл ауруы Пайғамбарымыздың “алейһиссалам” сұхбаттарымен емделетін еді. Басқа жолмен қиналып емдеу қажет емес еді. Сахабалар сол сұхбаттың берекетімен Пайғамбарымыздың “алейһиссалам” мүбарак жүрегінен файз алатын еді. Осылайша тасаууфтың ең биік дәрежелеріне қауышқан. Зікір – барлық жұмыста Аллаһу та’аланы еске алу және өзін ғафлеттен құтқару. Ғафлет дегеніміз Аллаһу та’аланы ұмыту деген сөз. Зікір тек тәуһид кәлимасын айтып, қайта-қайта Аллаһ-Аллаһ деу емес. Қандай жолмен болса да өзін ғафлеттен құтқару зікір болады. Исламның әмірлерін орындау және тыйымдарынан тыйылудың барлығы зікір болып табылады. Ислам дінінің әмірлеріне сай жасалған сауда да зікір болады. Дінге сай қиылған неке де, талақ та зікір болады. Өйткені бұларды жасап жатқанда әмірлер мен тыйымдардың иесі болған Аллаһ еске түсуде. Аллаһу та’ала Құран кәримнің Рад сүресінің отызыншы аятында «Көңілдер Аллаһу та’аланы зікір етумен иманға және рахатқа қауышатынын жақсы біліңдер!» деп бұйырған. Пайғамбарымыз “алейһиссалам” да «Аллаһты зікір етуді сүю Аллаһты сүйгеннің белгісі.» деген. Азизи тәпсір иесі Дәһр сүресін ашықтағанда былай дейді: “Зікір Аллаһтан өзгеге деген махабатты, оларға деген құмарлықты көңілден шығару үшін жасалады. Көңілдің жаратылғандармен байланысын үзудің ең жақсы емі зікір ету екені тәжірибелермен анықталған. Хадис шәрифте «Зікір ету арқылы көңілдерінің жүгін жеңілдеткендердің жолында болыңдар!» деп бұйырылған. Сондықтан Аллаһқа, Аллаһу та’аланың махаббатына қауышу үшін көңілдің жаратылғандармен байланысын үзіп, дүние қызықтарына құмар болудан құтқару керек. Көңілді құтқару үшін зікірден артық ем жоқ.” Хазреті Әбу Сайд Әбүл-Хайр да: “Зікір – Аллаһу та’аланы ойлап, еске түсіру және одан өзгені ұмыту.” деген. Хазреті Әбүл-Хасан Харқани: “Ниғметтердің ең жақсысы еңбекпен табылғаны. Достардың ең жақсысы Аллаһу та’аланы еске түсіретіні. Көңілдердің ең нұрлысы ішінде дүние махаббаты болмағаны.” деп айтқан. |