10 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     13 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Алатын емес, беретін құтылады

Алатын емес, беретін құтылады

            Адам ашық қолды, береген болуға дағдылануы керек. Өйткені бір күні ең қымбат нәрсесі болған жанын, рухын береді. Егер адам жомарттықты әдетке айналдырса, жан тапсыруы оңай болады. Дініміз алуды емес, беруді әмір етуде. Адамдардан келетін зияндарға сабыр ету, олардың көрсететін қысымдарына төзу, оларға көмектесу, ауырларын жеңілдету және осы сияқтылардың барлығы өз рахаттын өзгелер үшін құрбан ету, яғни берегендік болып табылады. Хадис шәрифте былай делінді: «Мына үш нәрсе үшін ант етемін: Садақа берумен ешқандай дүние-мүлік кемімейді. Олай болса садақа беріңдер! Зұлымдық еткен адамды Аллаһ разылығы үшін кешірген адам дүниеде де, ахыретте де үстем болады. Олай болса кешіріңдер! Сұрау (тіленушілік) есігін ашқан адамға Аллаһу та’ала кедейлік есігін ашады.»

            Үлкен мәртебелерге, биік дәрежелерге қауышқан кісілер ол дәрежелерге беру арқылы қол жеткізген. Дініміздің негізі өзгеге жүк болу емес, өзгенің жүгін көтеру. Өзгелердің ауыртпашылығын, жүгін көтерген адам – жетіле бастаған, адамгершілік қасиеттерге қол жеткізе бастаған адам деген сөз. Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уәсәлләм”: «Берген қол алған қолдан үстем.» деп бұйырған.

            Хазреті Әбу Әли Жүржани былай деген: “Ариф (кәміл адам) – көңілін (жүрегін) толығымен Аллаһу та’алаға, денесін халыққа қызмет ету жолына тапсырған адам.”

            Барлық нәрсені жарататын, барлық нәрсені ихсан ететін, беретін тек – Аллаһу та’ала. Адам баласы Оған қарсы шығып, әмірлерін орындамаса да, Ол ризық беруін тоқтатпайды. Хазреті Имам Раббани былай дейді:

“Күллі мақлұқтарға барлық ниғметті, жақсылықтарды беретін тек қана Аллаһу та’ала. Барлық нәрсені жоқтан бар еткен, бар болу ниғметін берген – Аллаһ. Барлық нәрсенің әруақытта бар болып тұруын да Аллаһу та’ала қамтамасыз етуде. Кәмілділік, жақсы қасиеттердің барлығы адамдарға Оның мейрімділігімен, аянышымен берілген. Өмір сүру, ілім үйрену, есту, көру, күш-қуат және сөйлеу секілді қабілеттеріміздің барлығы Аллаһу та’ала тарапынан берілген. Сансыз ниғметтердің бәрін тек қана Аллаһ беруде. Адамдарды қиыншылықтардан құтқаратын да Аллаһу та’ала. Оның мейірімділігі соншалықты, күнә жасаса да құлдарының ризықтарын тоқтатпайды. Кешірімі мен мейрімділігінің көптігі соншалықты, күнә жасағандардың беттерін ашып жария етпейді. Хілмі (сабырлылығымен жұмсақтылығы) көптігі де соншалықты, құлдарының жазасын беруде асықпайды.”

            Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” хадис шәрифінде: «Аллаһу та’аланың ахлақымен (мінезімен) мінезденіңдер!» деп бұйырған. Мысалы Аллаһу та’аланың сипаттарының бірі – Сәттар. Яғни күнәларды бүркеуші (жасырушы). Мұсылман адам да діндес бауырының айыптары мен кемшіліктерін жабуы керек. Аллаһу та’ала құлдарының күнәларын кешіруші. Мұсылмандар да бір-бірлерінің кемшіліктері мен кінәларын кешірулері керек. Аллаһу та’ала – кәрим, рахим. Яғни ілтипаты мен мейрімділігі мол. Мұсылман адам да жомарт және мейрімді болуы тиіс. Хазреті Рислан Димәшқи: “Мінездердің ең көркемі – күші жете тұра кешіру және өзіне қажет болған нәрсені жомарттық жасап беру.” деген. 

            Хазреті Абдуллаһ Әнсари былай дейді:

“Біреу жақсылық жасаса, оның құлындай боласың. Оның алдында иіліп, құрметіңді білдіріп жүресің. Ал сен біреуге жақсылық жасасаң мұның терісі болады. Сол үшін әрдайым адамдарға жақсылық жасап, оларға пайдалы болуға тырысу керек. Бір хадис шәрифте: «Беретін қол алатын қолдан жоғары тұрады.» делінген.”

            Берген адам әрдайым беделді, құрметті болады. Алуды, сұрауды (тіленуді) әдет еткен адам қор болады. Өйткені Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уәсәлләм”: «Қанағатсыз болудан, сұраудан (тіленушіліктен) сақтаныңдар! Ашкөздік дегеніміз кедейліктің дәл өзі.» деп бұйырған.

            Күншілдер тарапынан Хазреті Әбүлхүсейін Нуридің және онымен замандас болған бірнеше әулиенің үстінен халифаға шағым түседі. Істің мән-жайы анықталмастан оларды өлім жазасына тарту әмір етіледі. Басын алуға бірінші болып араларынан біреуін шақырады. Осы мезетте хазреті Әбүлхүсейін Нури алға атылып шығып:

– Бірінші болып менің басымды кесіңдер, – дейді.

– Қылыш мұнша ұмтылатындай жақсы нәрсе емес. Неге асығасың? Сенің әлі кезегің келмеді,- дейді оған баскесер.

– Біздің жолымыз исар жолы. Яғни досыңның амандығын өз басыңның амандығынан бұрын қою жолы. Ең тәтті және ең қымбат нәрсе – жан. Мен өз жанымды пида етіп, мынау тұрған бауырларымның бірнеше мезет болса да өмір сүрулерін қалаймын, – деп жауап береді хазреті Әбүлхүсейін Нури. Бұл жағдайды көрген халифа бұлардың істерін қайта тексертеді. Нәтижесінде бұл адамдардың Аллаһ адамдары екенін түсініп, кешірім сұрап бостандыққа жібереді.

            Мұсылман нандай болу керек. Әр сәтте оған деген қажеттілік білініп тұру керек. Адмадарға беруді, таратуды әдет етіп, өзгенің жүгін мойнына алатын адам нандай қажетті болады. Ал дүниелік қуған, тек қана адамдардан алуды көздейтін адамның басы ұрыс-керістен шықпайды. Мақсаты ахырет болған кісі адамдардың ауырын жеңіл қылу жолында болады, олардың жүгін көтеріп, әрдайым қандайда бір көмек беруді көздейді, жұрттармен татулықта болады.

            Адамдардан тиетін ауыртпашылықтарға, олардан келетін қиыншылықтарға сабыр ету нағыз көркем мінез болып табылады. Сол үшін әрбір мұсылман өзі туралы: “Не деген жақсы адам.” деп айтқызуға тырысуы керек. Кімде-кім өзі жайлы айналасындағыларға солай айтқыза алса, оған сүйінші болсын!!!

            Кімде-кім өзін ренжіткен адамдарға жақсылық жасай алса, оларға сыйлық бере алса жаны рахат тауып, бақытты болады. Дініміздің ұлылары: “Жүректі ең көп нұрландыратын нәрсе – ренжіген адамыңа дұға ету.” деген.

            Фүтууәт, яғни мәрттік – сені ұнатпайтын адамға си-сияпат көрсету және саған ұнамайтын адамға жылыжүзділік таныту. Онсызда өзінен беруді білмейтін, жомарттық жасай алмайтын, қысқасы қолы ашық болмаған сараң адам өзгелердің  құрметіне ешқашан бөлене алмайды. Сөздің түйіні, дін ғұламалары айтқаны секілді: ”Өзгеге жүк болған адам қор болады.”