![]() ![]() Дұға етпеу қайғылардың ең үлкені
Дұға – тілеу, жалынып-жалбарыну, сұрау дегенді білдіреді. Кез-келген адамның өз қалауларының жүзеге асуы үшін немесе басқа адамның өз тілегеніне қауышуы үшін Аллаһу та’алаға жалбарынуы деген сөз. Аллаһу та’ала Мүмин сүресінің алпысыншы аятында: «Маған таза (ықыласты) жүректеріңмен дұға етіңдер. Дұғаларыңды қабыл етемін.» деп бұйырған. Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уәсәлләм”: «Аллаһу та’аланы ұмытып, ғафлетпен (ықылассыздықпен) етілген дұға қабыл болмайды.» деген.
Дұғаның қабыл болып-болмағанына емес, дұға еткенде орындалуы керек болған шарттарының орындалып-орындалмағанына алаңдау керек. Өйткені, шарттарына сай жасалған дұға міндетті түрде қабыл болады. Мұны аяттар мен хадис шәрифтер білдіруде. Хазреті Мәулана Халид Бағдади былай дейді: «Тек қана дұға етіп өз-өзімізді алдамайық. Аллаһу та’аланың жаратқан заңдылықтарына мойынсұнбай, себептеріне жабыспай, еңбек етпей дұға ету мұғжиза тілеу деген сөз. Мұсылмандық әрі еңбек етумен, әрі дұға етумен жүзеге асады. Әуелі себебіне жабысу керек (яғни мақсатыңа қауыштыратын себептерді орындау керек), одан кейін дұға ету керек.»
Хазреті Имам Ғазали: «Дұғаның әдептерінің бірі – өзіңнің әлсіз екеніңді білдіру, тұнық оймен, хушумен (ықыласпен, кемшіліксіз, басқа еш нәрсе ойламай, беріліп), Аллаһтан қорқып, дұғаңның қабыл болатынын үміт етіп, тілеуіңді тұрақты түрде жалбарынып сұрау.” деген.
Құл барлық уақытта Иесіне, Жаратқанына мұқтаж. Аллаһу та’ала барлық нәрсені себептермен байланыстырып жаратқаны үшін, себептерге жабысу әмір етілді. Себептерге жабысамыз және дұға етеміз. Өйткені дұға етуімізді Өзі қалауда және әмір етуде. Ниғметке кенелген уақытымызда да, бәлеге ұшыраған уақытымызда да дұға етуіміз әмір етілді.
Хазреті Имам Раббани былай дейді: «Дұға етуіміз әмір етілді. Құлдың Раббысына дұға етуі, жалынып-жалбарынуы,сыйынуы, жылауы Раббысына ұнамды келеді.»
Бәле келгенде Аллаһу та’алаға жалбарынбау, дұға етпеу – келген бәледен де үлкен өкініш, одан да өткен қасірет болып табылады. Хазреті Мұхаммед Масум былай дейді: “Бәле Аллаһу та’аладан келеді. Бәледен құтқаратын да Аллаһу та’ала. Әр қайсысының белгілі уақыты бар. Уақыттарын өзгерту мүмкін емес. Шағымдану пайда бермейді. Оған сыйынып дұға етілсе, ешқандай да қайғы-қасірет қалмайды. Дұға етпеу – қайғылардың ең үлкені.”
Шарттарына сай жасалған дұғаның нәтижесінен алаңдамау керек және бұл
жөнінде асықпау керек. Бір күні Пайғамбарымыз: «Құл күнә істемейінше немесе
сила-и рахимді тәрк етпейінше (туыстарымен ара-қатынасын үзбейінше) және
асықпайынша дұғасы қабыл болады.» деп бұйырған. Сол жердегі сахабалардың
кейбіреулері: “Йа Расулаллаһ, асығу қалай болады?” деп сұрағанында,
пайғамбарымыз: «Дұға еттім бірақ қабыл болғанын көрмедім деп, дұға етуді
ығыстырып қояды.» деп жауап берді.
Дұға етуді тастамау керек, бірақ, шарттарына сай етіп жасау керек. Өйткені хазреті Али Рамитани былай дейді: «Дұғаларыңның қабыл болуы үшін, Аллаһу та’алаға ешқашан қарсы келмеген тілдеріңмен дұға етіңдер.»
Хазреті Яхья бин Маин да: “Аллаһу та’алаға мойнсұну қазынаға ұқсайды. Бұл қазынаның кілті – дұға. Бұл кілттің тісі – халал азық.” деген. |