4 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     6 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Намаз / Неге әйелдердің намазы өзгеше?

Неге әйелдердің намазы өзгеше?

Сұрақ: Неге намазды қыздар мен ұлдар әр түрлі оқиды? Пайғамбарымыз  солай әр түрлі оқу керек деген хадис бар ма? Мен өзім Ханафи мазхабын ұстанамын, бірақ кейбір сұрақтар мені мазалайды. Осыны толық жазып берсеңіздер. Тағы бір сұрақ: неге білекті жерге тигізеді, басқа мазхабтарда олай істеуге болмайтыны жайлы хадис бар.

Жауап: Дінімізде дәлел тек “хадис шәриф” емес. Дініміздің үкімдерін анықтайтын төрт дәлел бар. Құран кәрім, Хадис шәрифтер, Ижма-и уммәт және Қияси фуқаха. Сонымен қатар бұл үкімдерді мүжтәһид ғұламалар анықтайды. Хадистерден біздің, сіздің немесе басқалардың не түсінгені маңызды емес. Ислам ғалымдарының не түсінгені маңызды. Құран кәрім және хадис шәрифтердегі мәселелерден үкім шығара алатын ғалымдар мүжтәһид деп аталады. Мүжтәһид емес адамдардың Құраннан және хадистерден үкім шығарулары, мағына берулері жаиз емес. М. Хадими хазреттері былай деген: «Діндегі төрт дәлел мүжтәһидтер үшін. Біз үшін дәлел мазһабымыздың білдірген үкімдері. Өйткені біз аят және хадистерден үкім шығара алмаймыз. Мазһабтың бір үкімі аятқа немесе хадиске сай келмейтін болып көрінсе де қате емес, өйткені аят және хадис ижтиһад талап етеді, басқа аят немесе басқа хадиспен өзгертілген болуы мүмкін немесе біз білмейтін тәуилі болады.» (Бәриқа 94 бет)

Хадис кітаптарынан хадис нақл ету үшін хадис ғұламаларынан ижазат (диплом, рұқсат) алған болу керек. Хадис шәрифтердің де сахих немесе сахих емес екенін білмей тұрып, сахих болған хадис шәрифтің өзін айту да күнә болады. Мұндай адамның хадис шәриф оқуы жаиз болмайды. Хадис шәрифте “Білмеген сөзін хадис ретінде айтқан адам, тозақта азап көреді.” делінген. Сондықтан ғалым болмаған адамның хадис шәриф оқып түсінгенімен амал етуі жаиз болмайды. (Бәриқа)

 

Қазіргі таңда мазһабсыз секталардың “Мазһабтың керегі жоқ, ғалымдардың керегі жоқ, әркім Құранмен хадиспен жүруі керек, әркім өзі ижтиһад етуі керек...” деген сияқты азғын пікірлері кеңінен тарап келеді. Бұл да ақыр заманның белгілерінен.

Осындай мазһабсыздардың арбауымен хадис оқып жүргендер бір-біріне қарама-қайшы секілді көрінетін хадис шәрифтерді немесе бір мазһабтың үкіміне қайшы секілді болып көрінген хадистерді оқып опық жеп келеді. Мысалы намазда имамның артында тұрған кезде Фатиха сүресін оқу керек деген де, оқымау керек деген де хадис бар. Ижазаты болмаған адам мұны оқып не Пайғамбарымызға суизан (Ол туралы жаман ойда болады) етеді немесе хадис ғалымдарына жала жабады. Ал мазһабсыздарға берсең екеуінен бірін мәуду, заиф немесе ойдан шығарылған деп таңба басудан тайынбайды. Соның салдарынан қазір бір намаздың өзінде қаншама өзгерістер, бидғаттар араласып кеткенін көріп жүрміз, әртүрлі намаз түрлері көрініс табуда. «Намазын еркектер сияқты оқып жүрген әйелдер, әйелдер сияқты оқып жүрген еркектер» бұл мәселенің әлі бергі жағы.

Дүние жұмыстарының өзінде ол жұмыстың маманы болмаған адам іске кіріссе жетістікке жете алмайды. Мысалы “жүргізу куәлігі болмаған адам жүргізуші болсын” деп айту дұрыс па? “Барлық адам машина айдасын” деп айту дұрыс па? ”Барлық адам көзге операция жасасын” деп айту не деген сандырақ. ”Барлық адам хадис кітаптарын оқу керек, хадистен әркім өзі үкім шығаруы керек, Құраннан оқып әркім өзі үкім шығару керек” деп айту – бәрінен де қауіпті. Машина жүргізе алмайтын адам апатқа ұшырауы мүмкін және өлім құшуы мүмкін. Ал хадисті, Құранды түсінбейтін адам бұларды оқып амал етемін деп жүргенде діннен шығады.

Бұл жөнінде кеңірек мәліметті мына линктен көре аласыз: «Хадиспен жүргісі келетін мазһабсыздар»

 

Еркекпен әйел адами тұрғыдан бір болса да, жыныстық тұрғыдан екеуі екі бөлек жаратылыс. Сондықтан екеуін бір таразда тартуға болмайды. Әйелмен еркектің тек қана намазда емес, басқа көптеген тіршіліктерінде басқа басқа жол ұстануы табиғи нәрсе. Кейде біреуі үшін әдет болған нәрсе екіншісі үшін харам да болып келеді.

Мысалыға киіну. Кәпірлердің модасы болған әйелдердің шалбар киюлері сияқты ұсқынсыздықтарды есептемегенде мұсылман әйелмен еркектің киінуі мүлдем бір-біріне ұқсамайды. Күнделікті өмірдегі әрекеттерде еркекке тән болған біршама қимылдар әйел істеген кезде ерсі көрінеді. Сол сияқты әйелдің әйелдігінен белгі беретін сондай әйел затына тән әрі жарасымды қимылдар бар, оны еркек істесе он сегіз мың әлемге масқара болады.

Күміспен алтыннан әр түрлі әшекей қолдану әйелдерге халал, ал еркекке күмістен тек жүзік, ал алтыннан ешбір нәрсе халал емес. Осыған ұқсап өмірде көптеген үкімдер әйелмен еркек үшін басқа басқа білдірілген. Намаздағы өзгешеліктер де бұл екеуінің жыныстық ерекшеліктеріне барып сүйенеді. Мысалыға еркек рукуде 90 градус иіледі. Әйелдің олай иілуі ешбір тұрғыдан әйелдігіне жараспайды. Әйелдердің намазын еркектен басқаша оқулары керектігі жайлы айтылған жүздеп үкімдер бар, бұл үкімлердің әр қайсысы пайғамбарымызды көрген сахабалар, сахабаларды көрген Табеиндер, Табеинді көрген табаи табеин заманының ғұламалары болған, пайғамбарымызды және пайғамбар заманының әйелдерін көрген олар қателескен болса, онда қияметке дейін оның дұрысын ешкім таппайды деген сөз.

Бүгін мазһабсыздар әйел намазының ерекшелігі жайлы хадис келмеген деп мұсылмандардың арасына іріткі салуда. Соның салдарынан қаншама қыз «мен де еркектер сияқты намаз оқимын» деп қырсығуда. Мысалыға ер адам бір уақытта бірден артық әйелді некесінде ұстай алады. Бір әйел «еркектен қаламын ба» деп бір уақытта екі еркектің некесінде болуға ұрынатын болса, ондай әйелді жұрттың не деп атайтыны белгілі.

 

Пайғамбарымыз хадис шәрифтерде мынандай деген:

«Әйелдің киімін киетін еркекке және еркектің киімін киетін әйелге лағынет атсын!» (Хаким)

«Қылықтары еркекке ұқсайтын әйелге және әйелге ұқсайтын еркекке лағынет болсын» (Бұхари)

«Ерккеке ұқсауға тырысатын әйел және әйелге ұқсауға тырысатын еркек менің үмметімнен емес.» (Имам Ахмед)

«Өзін еркектерге ұқсатуға ұрынатын әйел жаннатқа кіре алмайды.» (Табарани)

Осы хадис шәрифтердің өзі де әйелдердің намазда да, намаздың сыртында да өздеріне жарасатын және өздеріне ғұламалар тарапынан білдірілгендей әрекет етулерінің қажеттігін көрсетеді.

Хақ болған төрт мазһабта да әйелдердің намазымен еркектердің намазы әрекеттерде бір-бірінен ерекшеленеді, бірақ намаздың ішіндегі оқылатын сүрелерімен дұғалары, парыздарымен муфситдері бәрі бірдей болып қала береді.

Ханафи мазһабында әйелдердің намаздарын еркектерден өзгеше қылып орындайтын жерлері мыналар:

1) Әйелдер намазды қолдарын еркектер сияқты құлаққа апармай, кеуде тұсына әкеліп, саусақтарының ұшын иық деңгейіне дейiн көтерiп бастайды. Екi қолдарын көкiрек үстiнде бір-бірінің үстіне қояды.

2) Рукуде еркектердей түзу иілмейді, арқасын, басын, аяқтарын түзу ұстамайды, еркектерден аз иіледі. Саусақтарын ашпай тізелерінің үстіне қояды және тізелерін біраз бүгіп тұрады.

3) Сәждеде қолдарын шынтағына дейін жерге тигізеді және денесіне тигізіп ұстайды, саусақтарын ашпайды.

4) Тәшәхудке отырғанда аяқтар оң жаққа шығарылып сол саны үстіне отырады.