10 - Жамазиәл-әууәл, 1448 жыл.
     21 - Қазан, 2026 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Жаман мiнездер

Жаман мiнездер

1. Күпiр.

2. Надандық.

3. Айыпталудан қорқып ақиқатты жасыру.

4. Мақтағанды жақсы көру.

5. Ақидасы бұрыс болу. (Қате иман).

6. Хава-и нафс, яғни нәпсiнiң қалауларына еріп жүру.

7. Басқаларға еліктеген иман. (Танымайтындарға еліктеу).

8. Рия, ахирет iстерiн мақтаныш және абыройы үшiн iстеу.

9. Тул-и амал. (Өмiрдiң қызығын көру үшiн ұзақ өмiр сүруді армандау).

10. Тама’. (Дүние ләззаттарын харам жолдардан iздеу).

11. Тәкәппарлық. (Өзiн жоғары санау).

12. Тәзәллүл. (Аса қарапайымдылық).

13. Ужб. (Iстеген жақсылық пен ғибадаттарын менменсу).

14. Хасед. (Қызғаныш, көре алмаушылық, нығметтердің басқалардан кетуін қалау. Абуллейс Самарқанди: «Үш кiсiнiң дұғасы қабыл болмайды, олар - харам жеген, ғайбат айтқан, хасед еткендер» деген).

15. Хықд. (Басқаларды төмен санау).

16. Шаматат. (Кісінің басына келген қиыншылыққа, пәлекетке қуанып, шаттану).

17. Хижр. (Достық қарым-қатынасты үзу).

18. Жүбн. (Қорқақтық).

19. Тахаввүр. (Ашулы мiнездiң көп және зиянды болуы).

20. Ғадр. (Берген сөзiнде тұрмау).

21. Қиянат. (Мүнафықтықтың белгісі; сенімділікті бұзатын сөз не іс).

22. Уәдесін бұзу. (Хадис шәрифте: «Мүнафықтың белгісі үшеу: өтірік айту, берген сөзін бұзу, аманатқа қиянат жасау» делінен).

23. Су-и зан. (Су-и зан ету (жаман ойда болу) харам. Күнәларының кешірілмейтінін ойлау Аллаһу та’алаға су-и зан ету болады. Мұсылмандарды пасық деп ойлау да су-и зан болады).

24. Дүние мүлкіне деген махаббат.

25. Тасвиф. (Қайырлы iстердi кешiктiру, кейінге қалдыру). Хадисте: «Бес нәрсе келмей тұрып бес нәрсенiң қадiрiн бiлiңдер: өлместен бұрын өмiрдiң қадiрiн, ауырмай тұрып денсаулықтың қадiрiн, дүниеде ахиретті жақсартудың қадiрiн, қартаймай тұрып жастықтың қадiрiн, кедейліктен  бұрын байлықтың қадiрiн» деп айтылған.

26. Пасықтарды, яғни  харам істейтін адамдарды жақсы көру. (Пасықтықтың ең жаманы зұлымдық ету).

27. Ғалымдарға дұшпан болу. (Ислам ілімдерімен және ғалымдарымен әзілдеу күпір болады).

28. Фитна шығару. (Адамдарды қиын жағдайға түсіретін бүлік шығару). Хадис шәрифте: «Фитна ұйқыда, оны оятқан кiсiге лағнет (қарғыс) болсын» делiнген.

29. Мүдахана және мүдаара. (Күшi жете тұра харам істегенге кедергі болмау және дүниесі үшiн дінін беруге мүдахана делінеді. Діні үшін дүниесін беру мүдаара болады).

30. Инад және мүқабара. (Ақиқатты, дұрыс нәрсенi естiп, қабыл етпеу, қырсығу).

31. Нифақ. (Екi жүздiлік.)

32. Тәфәккур етпеу. (Күнәларын, жаратылғандарды және өзін ойламау).

33. Мұсылманды қарғау (теріс бата беру).

34. Мұсылманға жаман лақаб ат тағу.

35. Кешірім сұрағанды кешірмеу. Кешірімді болмау.

36. Құран кәрiмдi қате тәфсир ету.

37. Харам нәрсе iстеуден қайтпау.

38. Ғайбат айту

39. Тәубе етпеу.

40. Абырой-атақ құмарлық.

Жаман мінездерден  алыс болып, жақсы мінезді болуға ұмтылу керек. Хазреті Пайғамбарымыздың алейһиссалам хадистерінде айтқан: «Ғибадаттары аз болған кісі жақсы мiнезiмен қиямет күнi биiк дәрежелерге жетедi».

«Ғибадаттардың ең оңайы және ең пайдалысы – аз сөйлеу және жақсы мiнездi болу».

«Сенен ұзақ жүргендерге жақын болу, зұлымдық еткендерді кешіру, өздерін мақұрым еткендерге жақсылық жасау – жақсы мінезді болудың белгілері».