16 - Шәууал, 1445 жыл.
     25 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Мазһаб және Мазһабсыздық / Хадис шәрифтермен амал ету

Хадис шәрифтермен амал ету

Сұрақ: Кез келген бір хадиспен амал етуіміз жаиз ба?

Жауап: Мүжтәһид болмаған адам кез келген хадис шәрифпен амал ете алмайды. Мүжтәһид ғұламалардың аят пен хадистерден шығарған фәтуасымен амал етуі керек. (Кифайа)

 

Мұсылмандарға рақымдылық ретінде түрлі жағдайларда басқа түрлі білдірілген хадис шәрифтердің он данасын мысал ретінде келтірейік:

1-     «Түйе етін жеу дәретті бұзады.» (Муслим, Әбу Дауд, Тирмизи, Нәсаи)

 

2-     «Отта ысытылған нәрсе дәретті бұзады.» (Муслим, Әбу Дауд, Ибни Мажә, Тирмизи, Нәсаи)

 

3-     «Жыныс мүшесіне қолы тиген еркектің дәреті бұзылады.» (Әбу Дауд, Тирмизи, Нәсаи)

 

4-     «Жыныс мүшесіне қолы тиген әйелдің дәреті бұзылады.» (Бәйһақи)

 

5-     «Еркектің жыныс мүшесіне қолы тиюі дәретті бұзбайды. Ол да дененің бір бөлшегі.» (Әбу Даууд, Тирмизи, Нәсаи)

 

6-     «Қан алдырту дәретті бұзбайды.» (Бәйһаки)

 

7-     «Аққан қан дәретті бұзады.» (Бәйһақи, Дара Кутни)

 

8-     «Бисмилләһсіз дәрет болмайды.» (Әбу Дауд, Тирмизи, Нәсаи)

 

9-     «Теңіз жануарлары халал.» (Әбу Дауд, Тирмизи, Нәсаи)

 

10-«Фатихасыз намаз болмайды.» (Бұхари, Мүслим)

 

Бірінші хадис бойынша түйе етін жеу дәретті бұзады. Алайда Ханбали мазһабынан басқа үш мазһабта дәрет бұзылмайды.

 

Екінші хадис бойынша отта пісірілген нәрселердің барлығы, мәселен шай ішу дәретті бұзады. Алайда ешбір мазһабта дәретті бұзбайды. Бұл хадис шәриф “Кутуби ситта”ның (мәшһүр алты Хадис кітабының) бесеуінде бар. Ешбір хадис ғалымы бұл хадистерге ойдан шығарылған демеген. Бұлардың түсініктемесі “Мизанул-кубра” кітабында бар.

 

Үшінші хадис бойынша жыныс мүшесіне қолы тиген еркектің дәреті бұзылады. Ханафи мазһабында бұзылмайды, қалған үш мазһабта бұзылады.

 

Төртінші хадис бойынша жыныс мүшесіне қолы тиген әйелдің дәреті бұзылады. Шафииден басқа үш мазһабта да бұзылмайды.

 

Бесінші хадис бойынша еркектің жыныс мүшесіне қолы тиюі дәретті бұзбайды. Ханафиде бұзылмайды, қалған үш мазһабта бұзылады.

 

Алтыншы хадис бойынша қан алдыру дәретті бұзбайды. Ханафиде бұзылады, қалған үш мазһабта бұзылмайды.

 

Жетінші хадис бойынша аққан қан дәретті бұзады. Ханафиден басқа үш мазһабта да бұзылмайды.

 

Сегізінші хадис бойынша бисмилләһсіз дәрет болмайды. Дәретте бисмилләһ айту тек Ханбали мазһабында ғана парыз.

 

Тоғызыншы хадис бойынша теңіздегі барлық жануарлар желінеді. Ханафиде балықтан басқа теңіз жәндіктері желінбейді.

 

Оныншы хадис бойынша намазда Фатиха сүресін оқу парыз. Маликиде имам іштей оқыған кезде мүстаһаб, дауыстап оқыған кезде Фатиха оқылмайды. Ханафиде имамның артында Фатиха сүресін оқу мәкрух болады.

 

Хазреті Имам Раббани былай деген:

«Хадистермен амал ету бізге жаиз емес. Мазһабымыздың үкіміне қайшы болып көрінген хадис шәрифтер ғалымдардың сөздерін жоққа шығарып, оларды кемсіту үшін дәлел және құжат бола алмайды. Ханафи мазһабындағы адамның имамның артында тұрып Фатиха сүресін оқуы илхад (шектен шығу) болып табылады.» (1/ 312, Мәбдә уә Мәад 31)             Хазреті Мұхаммед Хадими былай деген:

«Діндегі төрт дәлел мүжтәһидтер үшін. Ал біз үшін дәлел мазһабымыздың білдірген үкімдері. Өйткені біздер аят және хадистерден үкім шығара алмаймыз. Мазһабтың бір үкімі аятқа немесе хадиске сәйкес келмейтін секілді болып көрінсе де қате емес. Өйткені аят және хадистер ижтиһад талап етуі мүмкін. Басқа бір аят немесе хадиспен өзгерген болуы мүмкін немесе біз білмейтін тәуилі бар деген сөз.» (Бәриқа 94 б.)

 

Мүжтәһид болмаған адамның діннің үкімдерін хадис шәрифтерден үйренуі мүмкін емес. Сондықтан мүжтәһид болмаған адам хадис шәрифтерді оқыса, хадистерді ойдан шығарылған (заиф, мәузу) деп ойлайды немесе өз ақылымен (ой-пікірімен) қате мағына шығарады. Екеуі де өзінің пәлекетіне себеп болады. Олай болса, бір мұсылманға жасалатын ең үлкен жамандық: «Кутуби ситтаны (мәшһүр алты хадис кітабын) аш! Хадистерді оқы және сол жерден дініңді үйрен!» деп айту. Онсыз да дін дұшпандарының істеп жатқандары осы, біздерге у толтырылған алтын кесе ұсынуда, яғни “дініңді аяттардан немесе хадис шәрифтерден оқып үйрен!” деп айтуда.