2 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     3 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Ғибратты оқиғалар / Пайғамбарлар өмірінен / Қай тараптан екенін білдіру.

Қай тараптан екенін білдіру.

Әркім өз тарапын, өз жағын, өзінің қай тараптың адамы екенін білдіруі тиіс. Басқа амал жоқ. Өйткені ахыретте адамның баратын екі жері ғана бар. Бірі  - Жұмақ, екіншісі – Тозақ. Үшінші жер жоқ. Ахыретте «Сен қай тараптың адамысың?» деп сұралады.

٭٭٭

Сүлейман алейһиссалам әрі пайғамбар, әрі патша еді. Ел басқарып тұрғанында мемлекеттің ақсүйектері, бекзадалары оған сыйлық апарады. Бір құмырсқа да елден қалмай, шегірткенің жұлынған бір аяғын аузына салып тістеп хан сарайына бет алып барады екен. Құмырсқадан «қайда барасың?» деп сұрайды.

- Сүлейман алейһиссаламға сыйлық апара жатырмын – деп жауап

қайтарады.

- Көптеген ақсүйектер, бекзадалар алуан түрлі сыйлықтар апарып жатыр, сенің шегірткеңнің аяғына кім қарайды?

- Олай демеңдер. Сүлейман алейһиссаламға сыйлық әкелгендердің аттары бір тізімге жазылады, мен де өз атымды сол тізімге жаздырамын. Ол жерде кім келді, кім келмеді деп тізімге қаралады- деген екен.

٭٭٭

Ибраһим алейһиссалам отқа тасталатын кезде, тағы да бір құмырсқа, аузына су толтырып тасып жүреді. Бір мүбарек кісі құмырсқаға:

- Сен отқа да жақындай алмайсың ғой, мына аузыңдағы сумен отты қалай сөндірмексің? – дейді.

- Әрине сөндіре алмаймын, сөндіре алмайтынымды өзім де білемін– дейді қүмырсқа.

- Ал онда неге тасып жатырсың?

- Өзімнің кімнің жағында екенімді білдіріп жатырмын. Мен отты сөндіріп жатқандар жағындамын-дейді құмырсқа.

Оның арғы жағында жылан отқа тоқтамай үрлеп жатады. Жыланнан:

- Сен не істеп жатсың?– деп сұрайды.

- Ибраһим қазір отқа тасталады, оты одан сайын лаулап жансын деп үрлеп жатырмын.

- Неге олай істейсің?

- Мен де кімнің жағында екенімді білдіріп жатырмын. Мен отты жағушылар жағындамын.