2 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     3 - Желтоқсан, 2024 жыл.   


Әйуб пайғамбардың сабыры

Аллаһу та’ала Әйуб алейһиссаламды сабырлықпен емтихан етуді (сынауды) қалады. Әйуб алейһиссалам өте бай кезінде, қойларын сел алып, егістерін жел ұшырып, бүкіл мал-мүлкі түрлі себептермен жоқ болды.

Бұдан кейін Аллаһу та’ала Әйуб алейһиссаламның денесіне бір ауру берді. Туыстары, жолдастары оны жалғыз тастап кетіп, қол ұшын берер ешкімі де болмады. Тек адал, мейірімді жары Рахима ханым ғана оны тастамады.

Әйуб пайғамбар әйелі жасаған күркеде 7 жыл бойы көрген қиыншылықтармен азап ішіндегі жағдайынан бір рет болса да шағымданбады.

Бір күні Жәбрейіл алейһиссалам келіп, Аллаһу та’аланың: «Ей Әйуб! Бәле жібердім сабыр еттің! Енді мен саған денсаулықпен ниғмет беремін.» деген хабарын алып келді. Құран кәрімде білдіргеніндей Аллаһу та’ала «Аяғыңды жерге ұр. Шыққан сумен ғұсыл ал және салқынынан іш!» деп бұйырды. Бұларды орындаған Әйуб алейһиссалам жас күйіне енді. Жәбрейіл алейһиссалам оған әдемі киімдер кигізді. Осы кезде әйелі келді. Әйуб алейһиссаламның күркеде жоқ екенін көріп, таң қалды. Әйуб пайғамбар:

- Ей ханым! Кімді іздеп жүрсің?

- Бір сырқат кісіні іздеп жүрмін. Аты Әйуб. Ол менің жолдасым еді. Дені сау кезде тура саған ұқсайтын.

- Ей Рахима! Ол сырқат болған Әйуб менмін. Аллаһу та’ала маған денсаулық берді.

Кейін шүкір етіп екеуі жылап алды. Қалаға кірерде халық оларды қуанышпен қарсы алды. Қаусап тұрған үйлерінің жаңаланғанын және бұрын қолынан алынған мал-мүлкі мен бала-шағаларының кері берілгенін көрді.