2 - Жамазиәл-әууәл, 1443 жыл.
     6 - Желтоқсан, 2021 жыл.   



Ана ақысының маңызы

    Ескі бір қауымда Журейж атты көп ғибадат ететін бір жігіт болады. Күндіз-түні ғибадат ететін. Бұл жігіттің кәрі анасы бір күні:

-    Балам, келіп маған мына істерде көмектес! - дейді.

    Бұл кезде баласы нәпіл ғибадаттар жасап отырып келмеді. Анасы бұған қатты ренжіп былай деп бетдұға(қарғыс) етеді:

-    Жаман әйелдердің жаласына жем бол!

    Олармен көрші тұратын жаман әйел бар еді. Бұл әйел бір күні қойшыдан некесіз түрде жүкті болады. Сол заманның әміршісі, болған жағдайдың анық-қанығын білуді бұйырады. Әйел жазаланудан қорқып кінәні көршісіне, ғибадат етуші жігітке жауып жібереді.

    Әмірші жігітті шақыртып:

-    Ей Журейж! Бір жақтан ғибадат етіп, молда болып көрініп, екінші жақтан зина секілді үлкен күнәға батып жүр екенсің.

-    Мен мұндай ешнәрсе жасамадым. Маған бұл жаланы жапқан кім болды екен?

-    Сенің көршің пәленше әйел сенен шағымданды.

    Осы кезде жігіт қатесін түсінді. Анасының бетдұғасына ұшырағанын сезеді. Әміршіден бір мерзімге рұқсат алып анасына барып жалбарынады:

-    Анашым, маған “Жаман әйелдердің жаласына жем бол!” деп бетдұға еткен едіңіз, Хақ та’ала дұғаңызды қабыл етті. Пәлен әйел маған жала жапты. Әмірші енді мені жазалайды. Мені кешіре гөріңіз анашым, жаладан құтылайын! Бұдан былай сізге қызмет етуде кемшілік етпейтін болам.

    Анасы ұлының қиын жағдайын көріп шыдай алмай былай дұға етеді:

-    Йа Раббым! Егер ұлыма жасаған бетдұғам қабыл болған болса оны үстінен ал!

    Анасының дұғасын алған жігіт әміршінің алдына қайта келіп былай дейді:

-    Маған жала жапқан әйелдің қайта сұраққа алынуын сұраймын.

    Әйелден қайтадан сұрағанда бұл жолы әйел:

-    Мен жала жаптым. Бұл көршімнің кінәсі жоқ.

    Жігіт осылай құтылады.

    Пайғамбарымыз сахабаларымен сұхбаттасып отырып бұл оқиға туралы былай дейді: “Егер Журейж Фиқһ ілімін білгенде, анасына қызмет етудің Раббына нәпіл ғибадат етуден де үстем екендігін білер еді.”