2 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     3 - Желтоқсан, 2024 жыл.   


Аллаһқа шүкір ету

Мұса алейһиссалам, Аллаһу та’аладан былай сұрады:

 - Иа Раббым! Адамдар берген ниғметтеріңнің шүкірін қалай орындаған болады?

 Аллаһу та’ала былай бұйырды:

 «Ей Мұса! Бір адам өзіне берген ниғметтерімді менен деп біліп өзінен деп білмесе, ниғметімнің шүкірін орындаған болады. Бір құлым рызықтарын өзінің еткен еңбектерінен деп біліп, менен деп білмесе ниғметтердің шүкірін орындамаған болады.»

Аллаһу та’ала хадис құдсиде былай бұйырған:

«Адамдарды және жындарды мен жараттым. Ал олар басқаға ғибадат етіп табынуда. Рызықтарын мен берудемін, ал олар басқаға шүкір етуде!»

Дауд алейһиссалам Аллаһу та’алаға мінажат етіп сұрады:

- Йа Раббым! Адам алейһиссаламға өте көп сыйапатпен мейірімділік таныттың. Ол саған қалай шүкір етті?

Аллаһу та’ала оған былай бұйырды:

«Ей Дауд! Ол бүкіл сыйапаттарымды менің тарапымнан келіп жатқанын білді. Оның бұлай білуін оның шүкірі ретінде қабылдадым!»

Дауд алейһиссалам:

- Йа Раббым! Ниғметтің шүкірін қалай орындаймын? Өйткені шүкірді орындаудың өзі де сенен келетін ниғмет.

Аллаһу та’ала былай бұйырды:

«Ей Дауд! Сен қазір шүкір еттің. Өз әлсіздігіңді ниғметтің шүкірі деп білдің»