2 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     3 - Желтоқсан, 2024 жыл.   


Үш күндік аштық

Пайғамбарымыз бір күні кешкісін үйіне кіріп былай бұйырды:

- Ей Айша! Үш күн бойы дәм татпадым. Жейтін бір нәрсең бар ма?

Сол кезде есік қағылып хазіреті Әбу Бәкір келді. Не үшін келгендігін сұрағанда былай жауап берді:

- Ей Расулаллаһ! Үш күн бойы дәм татпап едім, қасиетті жүзіңізді көріп, аштығымды ұмыту үшін келдім.

Сол кезде хазіреті Омар мен Әли де кіріп келді. Оларда сол сөзді қайталады.

Хазіреті Әли айтты:

- Ей Расулаллаһ! Кеше Муаз бин Жәбәлдің бақшасынан ағашта пісіп тұрған құрмаларын көрдім.

Сонда пайғамбарымыз:

- Қане онда, Муаздың үйіне барайық,- деді.

Бірігіп Муаздың үйіне келді. Муаз есікке қарай жүгіріп, қонақтарды ішке кіргізді. Пайғамбарымыз жағдайды түсіндіргенінде, қатты қамығып былай деді:

- Ей Расулаллаһ! Құрмаларды бүгін ғана жинап, біразын жедік те қалғандарын садақа ретінде таратып жіберген едік.

Сонда пайғамбарымыз хазіреті Әлиге үйден бір себет алып бақшаға баруын және құрма ағашына: «Расуллуллаһ сенен құрма беруіңді сұрады!» деп айтуын бұйырды.

Хазіреті Әли пайғамбарымыздың сөзін айтқанында ағаш бір сәтте құрмаға толып қалды. Себеттітолтырып әкеліп, барлығы тойғанынша жегенінде де себеттегі құрмалар мүлдем азаймады.