2 - Жамазиәл-әууәл, 1443 жыл.
     6 - Желтоқсан, 2021 жыл.   



Пайғамбар ахлақы (мінезі)

Бір күні пайғамбарымыз базарға азық-түлік сатып алуға бара жатқанда бір қызметші қыздың жылап отырғанын көреді. Оған жақындайды:

- Қызым, неге жылап отырсың? 

- Мен бір яһудидің қызметшісімін. Базардан май алып, үйге кетіп бара жатқан едім. Ыдыс қолымнан түсіп кетті. Ыдыс сынып, май төгілді. Қожайыныма не айтатынымды білмей, жылап отырмын.

Пайғамбарымыз қызға ыдыс пен май сатып алуға ақша береді. Қыз енді

- Мені қожайыным неге кешіктің деп ұрады,- дейді.

- Қорықпа, бірге барып, неге кешіккеніңді айтамыз.

Алдымен ыдыс пен май алады. Екеуі бірге яһудидің үйіне барып, есікті қағады. Яһуди есікті ашып, пайғамбарымызды көріп сасып қалады. Пайғамбарымыз яһудиге қызметшісінің кешіккен себебін түсіндіріп, қызға еш нәрсе істемеуін және кешіруін сұрайды.

Яһуди бұл жағдайға таң қалып, расулуллаһқа

- Мыңдаған адамның бас тәжі болған пайғамбар! Бір қызметші қыз үшін мен сияқты міскіннің есігіне келдің. Йа, расулуллаһ! Бұл қызды сенің құрметің үшін азат етемін. Маған иманды, Исламды үйрет. Сенің қасыңда мұсылман болғым келеді,- дейді.

Пайғамбарымыз оған мұсылмандықты қысқаша түсіндіріп береді. Ол адам мұсылман болған соң үйіне барып, бала-шағасына болған оқиғаны айтып береді. Олар да мұсылмандықты қабылдайды.