19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   


Дұғалардың нәтижесі

  Бір күні бір шәкірті Ибраһим Әдхәм хазіреттен былай деп сұрайды: “Аллаһу та’ала: «Ей құлдарым! Менен сұраңдар! Қабыл етейін, берейін!» деп бұйырған. Бірақ қанша сұрасақ та қабыл болмай жатыр?” Сонда Ибраһим Әдхәм: ·   Аллаһу та’аланы шақырасыңдар, бірақ Оған бағынбайсыңдар! ·   Пайғамбарын танисыңдар, оған ұйымайсыңдар! ·   Құран кәрім оқисыңдар, көрсеткен жолымен жүрмейсіңдер! ·   Құдайдың ниғметтерінен пайдаланасыңдар, бірақ шүкір етпейсіңдер! ·   Жәннаттың ғибадат еткендер үшін екенін білесіңдер, дайындығын істемейсіңдер! ·   Жаһаннамды әмірлерге қарсы шығушылар үшін жаратқанын білесіңдер, одан сақтанбайсыңдар! ·   Бабаларыңның, аталарыңның не болғандарын көріп, ғибрат алмайсыңдар! ·   Өз айыптарыңа қарамай, басқалардың айыптарын іздейсіңдер! Мұндай адамдар, үстілеріне тас жаумағанына, жер жұтып кетпегеніне, көктен от жаумағанына шүкір етсін! Тағы не сұрайды? Дұғаларының нәтижесі, тек осы болса, жетпей ме?