13 - Ражаб, 1444 жыл.
     4 - Ақпан, 2023 жыл.   

  Негізгі бөлім / Ғибратты оқиғалар / Әулиелер өмірінен / “Бисмилләһ” сөзіне  құрмет

“Бисмилләһ” сөзіне  құрмет

Бишри Хафидің (рахметуллаһи алейһ) дұрыс жолға түсуі былай болған:

Бір күні мас күйде келе жатып жерден “Бисмилләһиррахманиррахим” деген жазуы бар бір қағазды көреді. Бұл жағдайға көңілі разы болмай, жерден алып сүйіп, кейін балшықтарын тазалайды. Тазалап болғаннан соң әдемі иіс сеуіп, үйінің дуалына іліп қояды.

 

Сол түні ғалым және әулие бір кісіге түсінде “Бишриге барып айт, есімімді тазалағаныңдай мен де сені тазалаймын. Есімімді жоғары көтергенің үшін мен де сені көтеремін. Есімімді әдемі иістендіргенің үшін, мен де сені әдемі етемін. Ұлылығыммен ант етемін сенің есіміңді дүниеде және ахыретте таза және әдемі етемін!” деп бұйырылды.

 

Бұл түс үш рет қайталанды. Ғалым кісі таңертеңгісін Бишри Хафиді сыраханадан тапты. Өте маңызды хабарым бар деп сыртқа шақырды. Бишри келгенінде “Саған Аллаһу та’аладан хабарым бар” деп айтуымен Бишри егіле жылай бастады. “Маған ашулы ма, қатты азап береді ма?” деді. Түсті тыңдап болғаннан соң достарына бұрылып “Мені шақырып жатыр, бұдан былай мені бұл жерлерде көрмейсіңдер!” деді. Сол жерде тәубе етті. Бұл кезде аяғында аяқ киімі болмағаны үшін кейін де мүлдем аяқкиім кимеді. Себебін сұрағандарға “Сөз берген кезімде жалаң аяқ едім, енді қазір киюге ұяламын.” деген екен. Аяқкиім кимегені үшін «жалаңаяқ» деген мағынада «Хафи» деп аталып кетті. Бишри Хафи хазіреттері өмірінің қалған бөлігін ілім үйрену және үйретуменен өткізді.