2 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     4 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Қажетті дұғалар / Күнде дұға оқу

Күнде дұға оқу

Сұрақ: Дұғаларды әдетке айналдырып күн сайын белгілі бір мөлшерде оқып тұруымыз бидғат па?

 

Жауап: Жоқ, бидғат емес, сүннет болып табылады. Хадис шәрифтерде де былай делінеді:

 

«“Бисмилләһилләзи лә ядурру мә’асмиһи шәйун фил-арди уәла фиссәмаи уә һуәс-сәмиул-алим” дұғасын таңертең 3 рет оқыған адамға кешке дейін, ал кешке оқыған адамға таңертеңге дейін ешқандай пәлекет келмейді.» (Ибн Мажә)

«Әр намаздан кейін “Әстағфируллаһәл’азыйм, әлләзи лә илаһа илла һуәл хаййәл қаййумә уә әтубу иләйһ” дұғасын 3 рет оқыған адамның барлық күнәлары кешіріледі.» (Ибн Сүнни)

«Азанда және кешке “Хасбиаллаһу лә илаһа иллә һу, аләйһи тәуәккәлту уә һуә Раббул-аршил’азыйм” деп 7 рет айтқан адам дүние мен ахырет қиыншылықтарынан құтылады.» (Ибн Сүнни)

«Жұма намазынан кейін 7 рет Ихлас, Фәлақ және Нас сүрелерін оқыған адам бір апта қазадан, пәледен және жаман істерден сақталады.» (Ибн Сүнни)

«Таң және шам намазынан кейін “Аллаһуммә әжирни минән-нар” дұғасын 7 рет оқыған адам сол күні өлетін болса, жаһаннамнан сақталады.» (Нәсаи)

«Жұма күні 80 салауат айтқан адамның 80 жылдық күнәсі кешіріледі.» (Дара Кутни)

«Әр намаздан кейін 33 тасбих (Сүбханаллаһ), 33 таһмид (Әлһамдулиллаһ), 33 тәкбір (Аллаһу әкбар) және бір таһлил: “Лә илаһә иллаллаһ уаһдаһу лә шәрикә-ләһ ләһул-мулку уә ләһул һамду уә һуә ала кулли шәйин қадир” деген адамның теңіз көбігіндей күнәсі болса да кешіріледі.» (Мүслим)

«Бір адам азанда және кешке 100 рет “Сүбханаллаһи уә бихамдиһи” десе, сол күні және түні ешкім ол жинағандай сауап жинай алмайды.» (Дәйләми)

«Әдетке айналдырып, тұрақты түрде оқып жүрген дұға немесе тасбихты оқымай төсекке жатқан адам, таң намазы мен бесін намазына дейінгі уақыт ішінде оқыса, кешкісін оқығандай сауапқа қауышады.» (Мүслим)