8 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     11 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Бейнамаздың өмiрiнде береке болмас

Бейнамаздың өмiрiнде береке болмас

Адам алейһиссаламнан бері әр дінде бір уақыт намаз болған. Барлығының оқығандары жинақталып, Мұхаммед алейһиссаламның үмметіне парыз етілді. Намаз оқу иманның шарты болмаса да, намаздың парыз екеніне сену иманның шарты болып табылады.

Намаз – «дұға» деген сөз. Дініміз әмір еткен бұл ғибадатқа «намаз», арабшада «салат» деген атау берілген. Мүкәлләф, яғни ақылы кірген және балиғат жасқа толған әрбір мұсылманның күнде бес уақыт намаз оқуы «Парыз айн» болып табылады. Парыз екені Құран кәрімде және хадис шәрифтерде анық айтылған. Бес уақыт намаз оқу Миғраж түні әмір етілді. Миғраж хижреттен бір жыл бұрын Ражаб айының жиырма жетінші түнінде болған еді. Миғраждан бұрын тек таң және екінді намазы бар еді.

Әһли сүннет ғұламалары бір ауыздан «ғибадаттар иманның бөлігі емес» екендігін айтқан. Тек намазда әһли сүннет ғалымдарының мұндай ауызбіршілігі болмады. Өйткені хадис шәрифте: «Мұсылман мен кәпірді ажыратып тұратын жалғыз айырмашылық – намаз» делінген.

Намазды біле тұра оқымай, қазасын орындауды ойламайтын және осы үшін азап тартатынынан қорықпайтын адамның иманы кететіні «Хадиқа» кітабында жазылған. Аллаһу та'ала мұсылман болмағандарға намаз оқуларын, ораза тұтуларын әмір етпеген. Бұл әмірлер иман келтіргендер үшін. Кәпірлер намаз оқымағандары үшін, ораза тұтпағандары үшін емес, иман келтірмегендері үшін жаза тартады. “Задул-муқуин» кітабында былай делінген:

«Бұрынғы ғұламалар бес нәрсені істемеген адам бес нәрседен құр қалады деп жазған:

1) Мал-мүлкінің зекетін бермеген адам мүлкінің қайырын көре алмайды.

2) Ұшырын бермеген адамның егістігінен тапқан табысының берекесі болмайды.

3) Садақа бермеген адамның денсаулығы қалмайды.

4) Дұға етпеген адам қалағанына қол жеткізе алмайды.

5) Намаз уақыты кіргенде оқығысы келмеген адамның соңғы демінде кәлимаға тілі келмейді».

Намаз оқу – Аллаһу та'аланың ұлылығын ойлап, Оның құзырыңда өзіңнің әлсіздігіңді сезіну. Мұны түсінген адам үнемі жақсылық жасап, еш жамандық жасай алмайды. Нәпсіне бағынған адамның оқыған намазы сахих болса да, мұның жемісін көре алмайды. Күніне бес рет Раббының құзырында болатынына ниет еткен адамның көңілі ықыласқа толады. Намазда орындалуы әмір етілген әрбір әрекет жүрек пен денеге пайдалы болуда. Мешітте жамағат болып намаз оқу – мұсылмандардың көңілдерін бір-біріне байлап, бір-біріне бауыр екендіктерін түсіндіреді. Үлкендер кішіге ізетті-мейірімді болады, кішілер үлкендерге құрмет көрсетеді. Байлар кедейдерге және күштілер әлсіздерге көмектеседі. Сау адамдар ауру адамды мешітте көре алмаса, іздеп үйлеріне барады. «Діндес бауырына көмекке жүгірген адамның көмекшісі – Аллаһ» хадис шәрифіндегі сүйіншіге қауышу үшін жарысады.

«Қуррәтул-уйун» кітабындағы хадис шәрифте былай делінген:

«Намазды үзірсіз (себепсіз) оқымаған адамға Аллаһу та'ала он бес қиыншылық береді. Олардың алтауы дүниеде, үшеуі өлім уақытында, үшеуі қабірде, үшеуі қабірден тұрып жатқанда болады.

 

Дүниеде берілетін алты азап:

1- Бейнамаздың өмiрiнде береке, бақыт болмайды.

2- Жүзінде Аллаһтың жақсы көретін құлдарындағыдай нұр, сүйкімділік қалмайды.

3- Ешбiр жақсы, игi iсiне сауап берілмейді.

4- Дұғалары қабыл болмайды.

5- Оны ешкiм жақсы көрмейдi.

6- Мұсылмандардың игі дұғаларының оған пайдасы тимейдi.

 

Өлер алдында көретiн азаптары:

1- Қиналып, қорланып жан тапсырады.

2- Қарны аш болып өледi.

3- Көп су iшсе де шөлдеу азабымен өледі.

 

Қабiрде берілетін азаптар:

1- Қабір оны қатты қысады. Сүйектерi бiр-бiрiне кiрiп кетедi.

2- Қабiрi отқа толтырылып, күндiз-түнi оны жағады.

3- Аллаһу та’ала қабiрiне дүниедегi жыландарға ұқсамайтын өте үлкен бiр жылан жiбередi. Әрбiр намаз уақыты кіргенде оны шағып қинайды.

 

Қияметте көретiн азаптары:

1- Тозаққа алып баратын азап перiштелері қасынан айрылмайды.

2- Аллаһу та’ала оны ашумен қарсы алады.

3- Есебi өте қиын болып, соңында тозаққа тасталады».

 

Қорыта айтқанда бес уақыт намаз оқу еркек-әйел барлық мұсылмандарға парыз болып табылады. Парыз намазын оқымау имансыз кетуге себеп болады. Намаз оқу – көңілдің нұрлануына және мәңгі бақытқа қауышу үшін себепші. Пайғамбарымыз: «Намаз – нұр» деген. Яғни намаз дүниеде жүректі нұрландырып, ахиретте сырат көпірінде жолын жарықтандырады.