12 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     15 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Халал - Харам / Еттің халалын іздеу

Еттің халалын іздеу

Сұрақ: Кез келген мемлекетте ет қосылған тағам жеуге бола ма?

 

Жауап: Дінімізде білдірілген өлшем мынадай: Мұсылмандардың, мүшрик болмаған христиандардың және яһудилердің сойған малдарының еттерін жеуге болады. Дінсіздердің, буддисттердің және басқа да бұрыс дін өкілдерінің сойған малының етін жеуге болмайды. Мүшрик болған христиандардың және яһудилердің сойған етін жеуге болмайды, бірақ мүшрик па, мүшрик емес пе деп іздестіру, сұрастыру керек емес. Христиан немесе яһуди екендігі белгілі адамдардың сойған етін жеуге болады. Мұсылманмын дегенімен мүртәд болған адамдардың сойған етін жеуге болмайды. Бұларды да іздестіру, сұрастыру керек емес болғаны үшін базарларда және дүкендерде сатылатын еттерді алып жеу жаиз болып табылады, яғни тәнзиһән мәкрух.

 

Сұрақ: «Аллаһтың есімін айтпаса да, бірақ оған қарсы келетін сөз де айтпаған болса, мұндай кітапты кәпір сойған малдың етін жеуге болады. Міндетті түрде бисмилләһ айтқан болуы немесе өз тілінде Аллаһ есімін айтқан болуы шарт емес» деп естідім. Бисмилләһ айтылмай сойылған мал өлексе үкімінде болмай ма?

 

Жауап: Иә, өлексе үкімінде болады. Құран кәрімде: «Өлексе, сұйық қан, доңыз және Аллаһтан басқаның атымен сойылған жануарларды жеу харам болады.» делінген.(Әнам 145)

 

Хадис шәрифте былай делінген:  «Ит тісті (клык) жыртқыш жануарлар және ауын (қорегін) тырнағымен аулайтын құстарды жеуге болмайды.» (Мүслим)

 

Бисмилләһ айту әдейілеп тәрк етілсе, сойылған мал өлексе болады. Ұмытып айтылмаса зияны жоқ. Шафии мазһабында бисмилләһсыз сойылған етті жеу де жаиз. Маликиде бисмилләһ ұмытылып айтылмаса желінбейді. Хадис шәрифтерде былай делінген:

 

«Мал сойғанда бисмилләһ айту ұмытылса, жеген кезде айту жеткілікті.» (Бәйһақи)

 

«Малды сойғанда бисмилләһпен бірге тәкбир де айтыңдар.» (“Бисмилләһи аллаһу әкбар” деп айтыңдар) (Табарани)

 

Мұсылманның немесе кітапты кәпірдің Аллаһу та’аланың есімін немесе бір сипатын кез келген тілде айтып сойған малын жеуге болады. Айтпаса мал өлексе (арам өлген) үкімінде болады. (Хиндийа)

 

Христианның сойғанын жеу

 

Сұрақ: Құран кәрімде кітапты кәпірдің сойған малының етін жеуге болатындығы білдірілген. Бүгінгі христиандар да кітапты кәпір үкімінде ма және олардың сойған малдың етін жеуге бола ма?

 

Жауап: Бүгінгі христиандардың сенімі үш тәңірлікке негізделеді. Яғни «Иса тәңір немесе тәңірдің баласы, мәңгі болған жалғыз тәңір оны қатты жақсы көреді. Оның барлық қалаған нәрсесін істейтіні, жарататыны үшін барлық нәрсені одан сұраймыз, оған және оның өкілі болған пұттарымызға осы ниетпен табынамыз. Тәңірмен ұлы - өте қатты жақсы көрген кісі дегенді аңғартады» деп осылай сенгендерге кітапты кәпір делінеді және сойған малдары желінеді. Сойып жатқанда Иса немесе үш тәңірдің бірі десе желінбейді. Осылай сенсе бірақ айтпаса онда желінеді.

 

Суреттегі (икона), мүсіндегі адамда және крестте тәңірлік сипаты болғанына сеніп, мәселен, қалаған нәрсесін жарата алады, ауруға шипа береді деп тағзым ету, күпір болады, ширк болады. Тағзым етуі ғибадат, табынушылық болады. Христиандардан «Иса Аллаһтың баласы, періштелер қыздары» деп қыз-еркектердің суреттеріне және ескерткіштерге құрмет ететіндер мүшрик болып табылады. Барнабас және Ариус жолында болғандары бұлай сенбегендері үшін мүшрік емес, кітапты кәпір болады.  

 

Бір пайғамбарға және мұның кейіннен бұзылған киелі кітабына сенген кәпір, бұл пайғамбар тәңір немесе тәңірдің ұлы десе және пұттарға жалбарынса да бұған кітапты кәпір делінеді. Өйткені илаһ, раб, тәңір, әке секілді есімдер көмекші болған, жаратылуға себеп болған, өте сүйікті деген мағыналарда да қолданылады.

 

Бұл атаулар хазреті Исаға осы мағыналарымен айтылса мүшрик делінбейді. Оған үш тәңірден бірі немесе тәңір делінуі шынайы сөз емес, ауыспалы мағынадағы сөз болады. “Иса да мәңгілік жаратушы. Барлық нәрсені жоқтан бар етіп жаратады” дейтін христиандар кітапты кәпір емес, сойғандары да желінбейді. Хазреті Исаны жақсы көргендіктен тілегендерінің жаратылуына себеп болулары үшін пұттарға, мүсіндерге жалбарынатын христиандар кітапты кәпір болып табылады. Кітапты кәпірлердің бәрі де кәпір. (Хиндийа)

 

Дінсіздің сойғаны

 

Сұрақ: Дінсіздердің сойған малының етін жеуге бола ма?

 

Жауап: Болмайды. Мұсылман қасаптан (ет сататын жерден) алынған еттің қалай сойылғаны білінбесе, халал болу ықтималдығы бар болса, (яғни сойғандар Мұсылман және дінсіз аралас болса) жеу жаиз болады. (Мизанул-кубра, Хадиқа, Бәриқа, Мәзаһиби әрбәа, Хаятул-хайуан)

 

Сұрақ: Бауыздамай, бір жеріне пышақ сұғып, маңдайынан ұрып немесе буындырып немесе дәрі беріп, тоқпен өлтірілген малды жеуге бола ма?

 

Жауап: Жоқ, бұлай өлген мал өлексе (арам өлген) болады. Бұларды жеу харам болады.

 

Сұрақ: Қашқан сиырды, қойды, тауықты мылтықпен атқанда жеу жаиз бола ма?

 

Жауап: Сиыр, қой, тауық аңшылық жануарлары болмағандықтан мылтықпен атқанда өлсе жеуге болмайды. Өлмей тұрып бауыздалса жеуге болады.

 

Сұрақ: Малды соймай тұрып, ток беріп шокка түсірудің діни тұрғыдан зияны бар ма?

 

Жауап: Олай ету дұрыс емес, бірақ бұлай сойылғанда етн жеу харам болмайды. Жаны барда, яғни өлмей тұрып сойылса жеуге болады.

 

Сұрақ: Кеңірдегі және күре тамыры кесілмесе, басқа тамыры кесіліп аз мөлшерде қан ақса, бұл малдың етін жеуге бола ма?

 

Жауап: Болады.

 

Сұрақ: Құрбандық қойды машина қағып кетіп, қаны ағып жатып өлді. Етін жеуге бола ма?

 

Жауап: Болмайды. Өлмей тұрып бауыздалғанда жеуге болар еді.   

 

Сұрақ: Атқан кекілігім жараланып алдыма түсті. Пышақ болмағандықтан басын жұлып алдым. Мұны жеу жаиз ба?

 

Жауап: Оқ тиген жерден қан шыққан болса жаиз.

 

Сұрақ: Кейбір жерлерде малды талдырып барып сояды екен. Мұны жеу жаиз ба?

 

Жауап: Иә.

 

Сұрақ: Мойынынан емес, желкесінен бастап тыйым салынған (харам қылынған) түрде сойылған малды жеу жаиз ба?

 

Жауап: Жаиз.

 

Сұрақ: Әйелдерге мал союға бола ма?

 

Жауап: Иә, әйелдердің де мал союына болады. Жалпылама мал сою күш қуатты қажет ететіні үшін әйелдер ірі малдарды соя алмайды. Тауық, қаз сияқты жануарларды оңай соя алады. 

Англияда ет алу

 

Сұрақ: Англияда ет сататын дүкеннен ет алып жеу жаиз ба?

 

Жауап: Иә, кімнің сойғаны қалай сойғаны білінбейінше дүкеннен ет алып жеу жаиз болады. Өз тілдерінде болса да Аллаһтың атын атап сойып жатқан болса жеу жаиз болады. Яһудилер Аллаһтың атымен сояды. Сондықтан яһудилердің сойғаны желінеді. Христиандардың қалай сойғаны білінбесе, білінбегені үшін де оны жеуге болады. Шафии мазһабында малды сойғанда бисмилләһ айту шарт болмағандығы үшін уәсуәсалы адамдардың ет жегенде Шафии мазһабын тақлид етіп жеуі жақсырақ болады.

Аллаһтың атымен сою

 

Сұрақ: Үйімізге алыстан құрметті қонақ келді деп, оған құрмет көрсету және шүкір үшін бисмилләһпен сойылған малдың етін жеуге бола ма?

 

Жауап: Жолаушы немесе жақсы көретін, құрметтейтін адам келгенде, қуаныш немесе ол адам үшін құрмет малын немесе шүкір малын сою жаиз емес. Жолаушы келмей тұрып немесе келген кезде нәзір етіледі (атайды) және нәзір ретінде, яғни Аллаһ разылығы үшін сойылады және еттерін кедейлерге таратады. Байлар жей алмайды. (С. Әбәдийа)

 

Мал Аллаһтың атымен сойылғаны үшін еті харам болмайды. Кедейлерге жегізу мақсатымен де болса, келген адамның аты аталып немесе Иса алейһиссаламның атымен немесе Мұхаммед алейһиссаламның атымен деп сойылса, мұндай малдың еті желінбейді, өйткені Құран кәрімде: Аллаһтан басқаның атымен сойылған жануарларды жеу харам болады.» делінген.(Әнам 145)

 

Бірінші мысалда мал Аллаһтың атымен сойылуда, бірақ ниет бұзық, келген кісіге құрмет ниетімен сойылуда. Ал екінші мысалда ниет дұрыс болғанмен Аллаһтың атымен емес, басқаның атымен сойылғаны үшін ондай ет желінбейді.