Ораза тұтқан адамға мәкрух болған нәрселерМәкрух болатындар мыналар: 1) Тістерді тіс пастасымен тазалау, пастасыз болса мәкрух болмайды. 2) Дәрімен тамақты (ауызды) шаю мәкрух. Егер ауыздағы жара намаз оқуға кедергі болса, дәрімен ауыз шаю мәкрух болмайды, өйткені үзір бар. 3) Жүніп болу ықтималы бар кезде әйелін сүю. 4) Рамазан күні инемен дәрі (укол) қабылдау немесе өз қалауымен ауыз толтырып құсу сияқты бір себеппен ораза бұзылса, сапардағы жолаушы өз қаласына келсе, әйелдің етеккірі (хайзы) тоқтаса кешке дейін ораза ұстаған адамдай ешнәрсе жемей жүрулері керек, ішіп-жеулері мәкрух болады.
Мәкрух болмайтындар: 1) Түнде ихтилам (жүніп) болып сәресіне тұрған кезде имсак уақытына аз уақыт қалған болса, алдымен ауызды шайып алып, тамақ жейтін болса, имсак шыққаннан кейін ғұсыл алатын болса, яғни оразаны жүніп күйде бастаса сахих болады. Кейінірек ғұсыл алу жаиз. 2) Бұзып қойсам каффарат болмасын деген оймен рамазан оразасына имсак уақытынан кейін ниет ету жаиз. 3) Рамазанда құптаннан кейін ерлі-зайыптылар бірге болса, біраз ұйықтап кейінірек ғұсыл аламыз десе, оянған кездерінде күн шыққан болса, оразаларына зиян тимейді, бірақ намаз оқу үшін алғашқы мүмкіндікте шомылу керек. 4) Оразаны жіберіп алмау үшін етеккірді (хайызды) дәрімен кешіктіру жаиз. 5) Ораза кезінде хайызы басталған әйел ораза ұстаған адам сияқты жүрмейді, ішіп-жей алады.
Ораза ұстау үшін жеңілдіктер Сұрақ: Ораза ұстау үшін төмендегі жеңілдіктерден пайдалануымыз жаиз ба? 1) Шөлдеген кезде шөлдеу сезімін азайту мақсатында ауызды сумен шаю, сергу үшін басқа суық су құю, суық сумен жуыну. 2) Темекі қажеттілігін сезген кезде темекі пластырін жабыстыру. 3) Ауыратын, ревматизм бар жерлерге спрей себу немесе мазь жағу, жүрек ауруында кеудеге қойылатын дәрі, пластырь қолдану. 4) Аштықты сезген кезде емдеуде қолданылатын инелерді батырып аштық сезімін кетіру немесе аштық лентасын қолдану (бұлар әрі аштық сезімді кетіреді, әрі салмақ жинауға көмектеседі). 5) Рамазанда оразаны қазаға қалдырмау, толық ұстау мақсатымен хайзды кешіктіру үшін дәрі қолдану. Жауап: Бұлардың бәрі жаиз. Бірақ, бірінші тармақтағы жеңілдіктер Имам Ағзам бойынша тәнзиһән мәкрух, өйткені мұндай әрекеттер ғибадаттың қажытып қинағанын көрсетуі мүмкін. Ал Имам Әбу Юсуф бойынша, мұның зияны жоқ, өйткені осылай істеу арқылы ғибадатқа жәрдем етіліп, қиындығы біршама азайған болады. Имам Әбу Юсуфтың қаулысына еріп, жоғарыдағылардың барлығын істеуге болады.
Ораза бұзылған кезде Сұрақ: Рамазанда оразасы бұзылған адам ішіп-жей алады ма? Жауап: Рамазан күні оразасын қандай-да бір себеппен бұзған адам, сапарда өз қаласына оралған, яғни келгенде мұқим болған және хайзы тоқтаған әйел кешке дейін ораза ұстаған адам сияқты тамақтанбай жүреді, ішіп-жемейді. Бірақ хайзы басталған әйел ораза ұстаған адам сияқты жүрмейді, ішіп-жей алады. Ораза ұстамауға бір үзірі болғандар ораза ұстай алмаған күндерінде жасырып ішіп-жеу керек. |