7 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     10 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Пайғамбарымыз / Пайғамбар қиссасы / Пайғамбарымыздың қабірін зиярат ету

Пайғамбарымыздың қабірін зиярат ету

Пайғамбарымыз «Кімде-кім мен қайтыс болғаннан кейін мені зиярат етсе, мені тірі кезде зиярат еткендей болады» деген. «Мират-и Мәдина» кітабында білдірілген бір хадис шәрифте: «Қабірімді зиярат еткен адамға шапағат етуім уәжіп болды»- делінген. Бұл хадис шәрифті Ибн Хузәймә, Бәззар, Дарә Қутни және Табарани жеткізген. Бәззар хазіреттерінің білдірген басқа бір хадис шәрифте: «Қабірімді зиярат еткен адамға шапағатым халал болды»- делінген.

«Муслим-и шәриф» кітабында және Әбу Бәкір бин Мәккаридың «Муъжәм» кітабында білдірілген хадис шәрифте: «Бір адам мені зиярат етуге келсе және басқа нәрсеге ниеті болмаса қиямет күні оған шапағат етуіме лайық болады»- делінген. Бұл хадис Расулуллаһты зиярат ету үшін Мәдинаға барғандарға шапағат ететінін білдіреді.

Дара Қутни жеткізген басқа бір хадис шәрифте: «Қажылық жасап, мені зиярат етпеген адам мені ренжіткен болады» делінген. Расулуллаһтың өзін зиярат етуді қалауы үмметінің осы жолдан да сауап алулары үшін.

Сондықтан да фиқһ ғұламаларымыз қажылық міндетін атқарғаннан кейін Мәдинаға барып, Пайғамбар мешітінде намаз оқитын. Сосын Рауда-и мутаххара мен минбәр-и мунирді және Арши аладан абзал болған қабірін, сосын отырған, жүрген, сүйенген жерлерін, уаһи келгенде таянған тірегі және мешіт салынып жатқанда және жөндеу жүргізілгенде жұмыс істеген және ақша беру құрметіне ие болған сахабалардың, табииннің өткен жерлерін зиярат ететін. Олардан кейін келген ғалымдар мен салихтар да қажылықтан кейін Мәдинаға барып, фиқһ ғалымдарымыздың жасағандарын жасайтын. Қазір де қажылар осыны ұстанып, Мәдинаға зияратқа барады.

Ислам ғалымдарының шырағы - Әбу Ханифа хазіреттері «Мүстаһабтардың ең үстемдерінен болған “қабірді зиярат ету ісі” уәжіп дәрежесіне жақын бір ғибадат болып саналады»- деген.

Пайғамбарымыздың қабірін зиярат етуге барған адамның көп салауат айтуы керек. Оқылған бұл салауат пен сәлемдердің пайғамбарымызға жететіні хадис шәрифте білдірілген. Сүйікті пайғамбарымызды зиярат ету әдебі былай түсіндіріледі:

Мәдина қаласы алыстан көрінген кезде салауат пен сәлем айтылады. Сосын «Аллаһумма һәзә хараму нәбийикә, фәжалһу уиқайәтән ли мин-ән-нар уә әмәнән мин-әл-азаб уә су-ил-хисаб» деп айтылады. Мүмкіндік болса қалаға немесе мешітке кірместен бұрын ғұсыл алынады. Хош иіс себінеді. Жаңа, таза киім киіледі. Өйткені, бұлар тағзым мен құрметті білдіреді. Мәдина-и Мунаууараға салмақты, қарапайым және үнсіз кіріледі. «Бисмилләһи уә ала милләти Расулиллаһ» дегеннен кейін «Исра» сүресінің 80-аятын оқу керек. Одан кейін «Аллаһумма салли ала Мухаммәдин уә ала әли Мухаммед. Уағфир ли зунуби уәфтах ли әбуабә рахматикә уә фадликә» деп, масжид-ул-Нәбәуиге кіріледі. Сосын Расулуллаһтың мінберінің жанында екі рәкат тахиятул-мәсжид намазын оқу керек, мінбердің тірегі оң иыққа келетіндей болып тұру керек.

Сүйікті пайғамбарымыз осы жерде намаз оқитын. Бұл жер – пайғамбарымыздың қабірі мен мінберінің арасы. Хадис шәрифте: «Қабірім мен мінберімнің арасы жұмақ бақшаларының бір бақшасы. Мінберім хауызымның үстінде»- делінген. Сосын зиярат етуші адам Аллаһу та’алаға Расулуллаһтың мүбәрәк қабірін зиярат етуді нәсіп еткені үшін сәжде жасауы керек. Дұғадан кейін тұрып, пайғамбарымыздың қабіріне, қабіріндегі бөлмесіне жақындауы тиіс, арқасын қыблаға қаратып Расулуллаһтың жүзіне қарсы қарап екі метр қашықтықта әдеппен тұруы керек. Одан жақын баруға болмайды. Кішіпейілділікпен, басын иіп тұрады. Аллаһу та’аланың Құран кәрімде бұйырғанындай Расулуллаһқа ол тірі болып, соның қасында тұрғандай әдеппен тұру керек. Қолын қабірдің қабырғасына қоймай, алысырақ әдеппен тұру асқан құрметтілікті білдіреді. Намазда тұрғандай тұру керек.

Расулуллаһтың мүбәрәк келбетін көз алдына елестетіп, Оның өзін білетінін, сөзін, сәлемін және дұғаларын еститінін, жауап беріп, әмин дейтінін ойлау керек. Пайғамбарымыз: «Кім маған қабірімде салауат оқыса оны естимін»- деген. Тағы бір хадис шәрифте Расулуллаһтың қабіріне бір періштенің өкіл етіп қалдырылғаны, ол періштенің үмметінен сәлем бергендердің сәлемін Оған жеткізетіндігі айтылған. Сосын «Әссәләму аләйкә йа Сәйиди йа Расулаллаһ! Әссәләму аләйкә йа Нәбиаллаһ! Әссәләму аләйкә йа Сафийаллаһ! Әссәләму аләйкә йа Хабибаллаһ! Әссәләму аләйкә йа Нәбиәррахмати! Әссәләму аләйкә йа Шәфиәл-уммәти! Әссәләму аләйкә йа Сәйид-әл мурсәлин! Әссәләму аләйкә йа Хатәмәннәбиин!

Аллаһу та’ала саған ең жоғары сый мен қайтарымдарды ихсан етсін. Мен сенің пайғамбарлық міндетіңді атқарғаныңа куәлік етемін. Аманатты орындадың. Үмметіңе насихат айттың. Қайтыс болғанға дейін Аллаһу та’аланың жолында жихад еттің. Аллаһу та’ала саған қиямет күніне дейін салауат пен сәлем айтсын. Йа Расулаллаһ! Біз саған өте алыс жерлерден келдік. Сенің қабіріңді зиярат ету, сенің ақыңды өтеу, сенің жасағандарыңның өз бағасын беру, сені зиярат ету, сенің Аллаһу та’аланың құзырында бізге шапағатшы болуыңды тілеу үшін келдік. Өйткені, қателеріміз басымыздан асады. Күнәларымыз иығымыздан басты. Йа Расулаллаһ! Сен әрі шапағат етуші, әрі шапағаты қабыл етілген адамсың. Махмуд мақамы саған уәде етілген.

Аллаһу та’ала да Құран Кәрімде («Ниса» сүресінің 64-аятында): «Біз әрбір пайғамбарды тек Аллаһу та’аланың бұйрығымен (өзінің қауымы) оған бағынуы үшін жібердік. Олар зұлымдық жасағаннан кейін келіп, Аллаһу та’аладан кешірім сұрайды. Расулым да олар үшін кешірім тілесе Аллаһу та’аланың тәубелерді қабыл етуші және рақымдылық етуші екенін әрине біледі»- деген. Біз сенің дәргейіңе келдік. Бірақ, біз өзімізге зұлымдық жасадық. Күнәларымыздың кешірілуін тілейміз.»- деу керек.

«Йа Расулаллаһ! Аллаһу та’аланың дәргейінде бізге шапағат ет. Йа Расулаллаһ! Аллаһу та’аладан біздің рухымызды сүннетің бойынша алуын, ертең қиямет күнінде сенімен бірге махшар жеріне баратындардың арасына қосуды, сенің бұлағыңа барып, содан ішуді нәсіп етуін тіле. Йа Расулаллаһ! Сенің шапағатыңды қалаймыз» деп дұға етуі керек және «Ей, Раббымыз! Бізді және бізден бұрынғы иман келтірген бауырларымызды кешір. Иман еткендер үшін жүрегімізде бір кек қалдырма. Ей Раббымыз! Шынында, сен шапағат пен рақымдылық иесісің» деген мағынадағы  «Хашр» сүресінің 10-аятын оқу керек.

Сосын сәлем айтып жібергендердің сәлемін жеткізіп, «Әссәләму аләйкә йа Расулаллаһ! Мына адам сенің Аллаһу та’аланың алдында оған шапағатшы болуыңды қалайды. Оған және барлық мұсылмандарға шапағат ет» деу керек және қалағанынша салауат оқуы керек. Сосын жарты метр оң жаққа, Әбу Бәкір Сыддықтың (радиаллаһу анһ) бас жағына барып, «Әссәләму аләйкә йа халифәтә Расулиллаһ! Әссәләму аләйкә йа рафиқаһу фил-ғаар! Әссәләму аләйкә йа әминәһу аләл-әсрар! Аллаһу та’ала осы үмметінің имамы ретінде саған жоғары дәрежеде сый берсін. Сен Расулуллаһқа ең жақсы сипатта халифа болдың. Ең жақсы түрде оның сүннетін ұстандың. Мүртәдтермен және тура жолдан тайғандармен күрестің. Әрдайым ақиқатты айттың. Қайтыс болғанға дейін хақ жолындағыларға көмекші болдың. Аллаһу та’аланың сәлемі, рақымы мен берекесі жаусын. Аллаһым! Рақымдылығыңмен, оған деген сүйіспеншілігімізбен рухымызды ал. Оған деген зияратымызды бос қылма» деп дұға ету керек. Сосын жарты метр оңға жылжып, хазіреті Омардың қабірінің тұсына тұрып, «Әссәләму аләйкә йа Әмир-әл муминин. Әссәләму аләйкә йа Музхир-әл Ислам! Әссәләму аләйкә йа Муксир-әл-әснам! Аллаһу та’ала саған ең жақсы сыйларды берсін. Тірі кезіңде де, қайтыс болғаннан соң да Ислам мен мұсылмандарға көмек бердің. Жетімдерге кепіл болдың. Туыстарға жақсылық жасадың. Мұсылмандарға олар разы болған және тура жолды ұстанған және адамдарды тура жолға шақырған жол бастаушы болдың. Олардың ісін жинадың. Кедейлерін байыттың, жараларын таңдың. Саған Аллаһу та’аланың сәлемі, рақымы мен берекесі жаусын!»- деу керек.

Сосын хазіреті Әбу Бәкір мен Омарға (радиаллаһу анһум) «Әссәләму аләйкума йа даджиай-Расулиллаһ уә рәфиқайһи уә уәзирәйһи уә мүширәйһи уәл муауинәйни ләһу аләл-қиями фид-дини уәл-қаимәйни бадәһу би-мәсалиһ-ил-муслимин! Аллаһу та’ала сіздерге ең жақсы сыйларды берсін. Расулуллаһтың бізге шапағат етуін Аллаһу та’аладан, біздің еңбегімізді қабыл етуін, біздің Ислам діні бойынша өліп, сол бойынша тірілуімізді, қиямет күнінде Расулуллаһқа жақын адамдардың арасына жинауын тілеуі үшін сіздерді Расулуллаһтың жанында уәсилә етеміз»- деу керек.

Сосын өзіне, ата-анасына, дұға сұрағандарға және бүкіл мұсылмандар үшін дұға ету керек. Содан кейін Расулуллаһ алейһиссаламның мүбәрәк жүзіне қарсы қарап тұрып «Ей, Аллаһым!«Біз барлық пайғамбарды Тек Аллаһу та’аланың бұйрығымен қауымының өзіне бағынуы үшін жібердік. Олар өздеріне зұлымдық жасағаннан кейін келеді, Аллаһу та’аладан кешірім сұрайды. Расулым да олар үшін истиғфар ететін болса Аллаһу та’ала әрине тәубелерді қабылдап, рақымдылық жасайды» деп бұйырасың. («Ниса» сүресі, 64) Йа Раббым! Сенің ұлы сөзіңе бағынып, бұйрығыңа мойынсұнып, сүйікті пайғамбарыңның Сенің дәргейіңде бізге шапағат етуін қалаймыз» деп дұға еткеннен кейін алдында оқыған «Хашр» сүресінің «Ей Раббымыз! Бізді және иманмен бізден бұрын өткен бауырларымызды кешір. Иман келтіргендер үшін жүрегімізде кек қалдырма. Ей Раббымыз! Ақиқат, сен өте шапағатшыл және рақымдысың» деген мағынадағы 10-аятын және «Раббәнағфир ләнә уә ли-абә-инә уә ли-уммәһатина уә ли-ихуанинәл-ләзинә сәбәкунә бил-имани», «Раббанә әтинә...» және «Субхәнә раббикә...» аяттарын оқып, хүжрә-и саадәтке (Мәдинадағы пайғамбарымыздың, хазіреті Әбу Бәкірдің және хазіреті Омардың қабірлері орналасқан бөлмеге) жасаған зияратын аяқтайды.

Содан соң Расулуллаһтың қабірі мен мінберінің арасындағы Әбу Лубабә хазіреттерінің өзін байлап, тәубе еткен тірекке барады. Осы жерде екі рәкат намаз оқып, Аллаһу та’алаға тәубе етіп, истиғфар етеді. Қалаған дұғаларын оқиды. Сосын Рауда-и мутаххараға (пайғамбарымыздың қабірі мен мешіттің сол дәуірдегі мінберінің арасындағы жер) барады. Бұл – төрт бұрыш пішіндес бір жер. Бұл жерде қалағанынша намаз оқиды. Дұға оқиды. Тәсбихтер айтады. Аллаһу та’алаға шүкіршілік етеді. Сосын мінберге барады. Расулуллаһтың берекесін өзіне жетсін деген ниетпен пайғамбарымыз хутба оқығанда мүбәрәк қолын қойып тұратын жеріне өз қолын қояды. Осы жерде екі рәкат намаз оқиды. Аллаһу та’аладан тілектерін сұрайды. Аллаһу та’аланың (ашуынан) азабынан, рақымдылығына сыйынады. Сосын Ханнанә діңгегіне барады. Бұл діңгек Расулуллаһ хутба оқу үшін мінберге өткен кезде, өзін тастап кеткені үшін ыңырсып, сосын пайғамбарымыз оны барып құшақтағанда тынышталған діңгек. Бұл жерде болған кезінде түнді Құран Кәрім оқумен өткізіп, Аллаһу та’аланы зікір етумен, мінбер мен қабірдің жанында ашық және іштен дұға оқумен және рабыта жасаумен айналысу керек.

Расулуллаһтың мүбәрәк әйелдерінің бөлмелері Мешіт саадәтке қосылмастан бұрын хүжрә-и саадәттің қыбла жағында орын өте аз еді. Ол жерде Муажаһа-и сәадетке (қабірдің қыбла жақ бетіне) қарама-қарсы тұру қиын болатын. Зияратшылар хүжрә-и саадәттің Рауда-и мутаххара қабырғасындағы есіктің алдында қыблаға қарап тұрып сәлем беретін. Содан кейін Имам Зәйнәл Абидин, Рауда-и мутаххараны арт жағында қалдырып сәлем беретін. Ұзақ уақыт зиярат осылай жасалды. Мүбәрәк әйелдерінің бөлмелері мешітке қосылғаннан кейін, Муажәһә-и шәрифе терезесі алдында тұрып зиярат жасалатын болды.

Хазіреті Айшаның бөлмесі үш метр биіктікте, кірпіш пен құрма ағаштарынан салынған болатын. Батыс және солтүстік жағында екі есігі бар. Батыстағы есігі Рауда-и мутаххара жағында. Хазіреті Омар халифалығының соңғы жылдарында Мешіт саадәтті кеңейтіп жатқан кезде, хужрә-и саадәттің айналасына тастан қабырға салдырды.

Абдуллаһ бин Зубайр халифалығы кезінде бұл қабырғаны құлатып, қара тастан одан да мықты етіп салдырды. Үсті ашық болған қабырғаның солтүстік жағында бір есігі бар болатын. Хазіреті Хасан қырық тоғызыншы жылы қайтыс болған кезде өсиеті бойынша хазіреті Хусейн ағасының денесін Хужрә-и саадәттің есігіне әкеліп, дұға етейін деп жатқан кезде, осы жерге жерлейді деп ойлап, ішке кіргізілуін қаламағандар шыққаннан кейін, Бақи мазаратына жерлеткізді. Алдағы уақытта осындай оқиғаларға жолықпау үшін халифалар қабырға мен бөлменің есігін өргізіп жапқызды.

Омаядтар халифасының алтыншысы – Уәлид Мәдинаның билеушісі болып тұрған кезінде Мешіт саадәттің қабырғасын биіктетіп, төбесін шағын күмбезбен жапқызды. Үш қабір сырттан көрінбейтіндей және ішіне кіруге болмайтындай болып қалды. Омар бин Абдулазиз Мәдина билеушісі болып тұрғанында 707 (х.88) жылы халифа Уәлидтің бұйрығымен пайғамбарымыздың әйелдерінің бөлмелерін бұздырып, Мешіт саадәтті кеңейтті. Сонымен қатар, осы қабырғаның айналасына бес бұрышты және есіксіз екінші бір қабырға тұрғызды.

Иракта Зенгилер басқаратын Атабектер мемлекетінің уәзірі және Салахаддин Әйубидің немере інісі болған Жамалиддин Исфахани 1189 (х.584) жылы Хужрәи саадәттің сыртқы қабырғасының айналасына сандал және қара ағаштан мешіттің төбесіне дейін созылған тор (шарбақ) жасатты.

Бірақ, өрт шығып, 1289 жылы өртеніп кеткеннен кейін оның орнына темірден жасалып, жасылға боялды. Бұл шарбақ Шәбәкә-и саадәт деп аталады. Шәбәкә-и саадәттің қыбла жағы Мүуәжәхә-и саадәт, шығыс жағы Қадем-и саадәт, батыс жағы Рауда-и мутаххәра, солтүстік жағы Хужрә-и Фатима деп аталады. Мекке-и Мукәррәмә, Мәдина-и Мунаууараның оңтүстігінде болғандықтан Нәби мешітінің ортасында, яғни Рауда-и мутаххәрада қыблаға қарайтын адамның сол жағында Хужрә–и саадәт, оң жағында Мінбер шәриф орналасқан болады.

847 (х.232) жылы Шәбәкә-и саадәттың орналасқан жері мен сыртқы қабырғалардың арасына және осы жердің сыртына мәрмәрлар төселді. Бұл қызметті ең соңынан Сұлтан Абдулмажит хан атқарды.

Хужрә-и саадәттің бес бұрышты қабырғаларымен қоса үстіне Қуббәтун-нур деген шағын күмбез де жасалған болатын. Осман патшалары жіберген Кисуә-и шәриф (жабу) те осы күмбездің үстіне жабылды. Қуббәтун-нурдың үстіне келетін Мешіт саадәттің үлкен жасыл күмбезі Қуббәтул-хадра деп аталады. Шәбәкә-и саадәт деген шарбақтың сыртқы жағына жабылған жабу Қуббәтул-хадра деген белдеулерге асылған. Осы ішкі және сыртқы перделер Сәттарә деп аталады.

Шәбәкә-и саадәттің шығыс, батыс, солтүстік жақтарында бір-бірден есіктері бар. Шәбәкә-и саадәттің ішіне Харем шәриф қожайындарынан басқа адам кіре алмайтын. Онсыз да есігі мен терезесі жоқ, тек күмбездің ортасында бір тесік бар, ол темір торлармен жабылған. Осы тесіктің турасында Қуббәтул-хадраға да бір тесік ашылған. Мешіт шәрифтің күмбезі 1837 (х.1253) жылға дейін қорғасын түсті болатын. Стамбулдағы Сұлтан Екінші Махмуд Адли Ханның бұйрығымен жасылға боялды. 1872 (х1289) жылы Абдулазиз Ханның әмірімен қайта боялды.

Мешіт саадәтті жөндетуге және безендіруге сұлтан Абдулмәжит хан сияқты көп ақша жұмсап, күш салған адам жоқ. (Мекке мен Мәдинаны) Харамәйнді жөндетуге жеті жүз мың алтын жұмсап, жөндеу жұмыстары 1861 (х.1277) жылы аяқталған.

Нәбәуи мешітін жөндеу үшін мыңдаған алтын жұмсаған Сұлтан Абдулмажит хан оның бұрынғы қалпын Стамбулдағы Хырқа-и шәриф мешітінде көруді қалап, 1850 жылы инженер мектептері ұстаздарының бірі, суретші Хажы Иззет Мырзаны Мәдинаға жібереді. Иззет Эфенди барлық жерді өлшеп, елу үш есе кішірейтілген үлгісін бір жылда жасап шығып, Стамбулға жіберіп, ол Сұлтан Абдулмажит ханның жасатқан Хырқа-и шәриф мешітіне қойылған.

Абдулмажит ханның жөндеуінен кейін қыбла қабырғасы мен Шәбәкә-и саадәттің арасы жеті жарым метр,шығыс қабырғасынан Қадем-и саадәт шарбағына алты метр, Шәбәкә-и Шамидің кеңдігі он бір метр, Мүуәжәхә-и шәрифе шарбағы мен Шәбәкә-и Шами арасындағы ұзақтық он тоғыз метр болды. Нәбәуи мешітінің қыбла тарапынан кеңдігі жетпіс жеті метр, қыбла қабырғасынан Шами қабырғасына дейінгі ұзақтығы жүз он жеті метр. Хужрә-и саадәт пен мінбер арасындағы рауда-и мутаххараның кеңдігі он тоғыз метр. Османдықтардан кейін осы қасиетті қалаларда бірқатар өзгерістер жасалған, осылайша ата-бабаларымыздың жасатқан баға жетпес тарихи туындылары қиратылып, талқандалған.

Пайғамбарымызды зиярат еткеннен кейін Бақи мазаратына бару, ол жерді де зиярат ету мүстахаб. Сосын басқа қабірлерді әсіресе шәйіттердің мырзасы хазіреті Хамзаның қабірін зиярат ету керек. Сондай-ақ, Бақиде хазіреті Аббасты және сол жердегі Хасен бин Әлиді, Зейнелабидинді, ұлы Мұхаммед Бақир және баласы Жафәр-и Садық, Әмирул-муминин хазіреті Османды, Расулуллаһтың ұлы Ибраһимді, пайғамбарымыздың сол жердегі әйелдерін, әпкесі Сафияны және бірқатар сахабалар мен табииндерді зиярат ету керек. Бақидегі Фатима мешітінде намаз оқу керек. Бейсенбі күні Ухуд шәйіттерін зиярат ету мүстахаб. Ол жерде «Сәләмун алайкум бимә сабәртум. Фәнимә уқбәддар. Сәләмун аләйкум йа әһлә дар-ил-қаумил-муминин уә иннә иншаллаһу ан қарибин бикум ләһиқун» деу керек. Сосын Аятул курси мен Ихлас сүресін оқу керек.

Хужрәи саадәтті зиярат еткендердің өте мұқият болулары керек. Көңілдерінде дүниелік ой болмауы тиіс. Мұхаммед алейһиссаламның қасиетті нұры мен дәрежесінің ұлылығын ойлау керек. Дүние істерін және үлкен адамдармен кездесіп, пайда түсіруді және сауда-саттық ниетінде жасалған дұғаларды Аллаһу та’ала қабыл етпейді, тілектерін қабылдамайды.

Хужрәи саадәтті зиярат ету құнды бір ғибадат болып табылады. Бұған сенбегендер мұсылмандықтан шыққан деп саналуы мүмкін. Өйткені, бұлар Аллаһу та’алаға, Расулына және барлық мұсылмандарға қарсы келген болып саналады. Малики ғалымдарының біразы Расулуллаһты зиярат ету уәжіп десе де, оның мүстахаб екендігіне бірауыздан шешім қабылданған.