8 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     11 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Аллаһ ризықтарға кепіл

Аллаһ ризықтарға кепіл

Әзелде (басы жоқ ертеде) әр ризықтың үстіне кімдікі екені жазылып қойған. Бір Адам Үндістанда, Ауғанстанда немесе Бағдатта болуы мүмкін. Аллаһу та'ала бізді жаратпай тұрып ризқымызды жаратты, сосын бізді жаратты. Сондықтан, жер бетіндегі ең ақымақ адам – ризқы үшін уайым жеген адам, өйткені ризықтың кепілі Аллаһу та'ала болып табылады. Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Ризқың үшін ренжіме! Тағдыр етілген (маңдайыңа жазылған) ризқың сені табады» деп бұйырған.

Африкада адамдар аштықтан өлуде, басқа жерде көлік апатынан, тағы бір жерде зіл-заладан өлуде. Бұл жердегілерді өлтіретін аштық, құрғақшылық, апат, жер сілкінісі және сол сияқтылардың әрбірі бір себеп болып табылады. Ақиқатында, ризқы біткен Адам өледі. Ешкім ешкімнің ризқын жей алмайды, ешкім ризқын бітірмей өлмейді.

Исмаил Фақируллаһ хазреттері бір жас шәкіртін бұлаққа су алып келуге жібереді. Бала жіберген жерге барады, бірақ, қараса сол жерде достары ойын ойнап жатқан екен. Қолындағы кесесін тастап балалармен ойнауға кіріседі. Арада екі сағаттай уақыт өткеннен кейін, баланың есіне су апару керектігі түседі. Кесесін алып, су толтырып апарады. Бірақ, келген кезде өзінен үлкен басқа шәкірттер «Сен қалай ұстазымызды сонша уақыт күттіріп қоясың» деп ұрып-соғады. У-шу болып жатқанда Фақируллаһ хазреттері келіп қалып, не болып жатқанын сұрайды. Балалар «Ұстазым, мына әдепсіз бала ойынға беріліп, суды екі сағатқа кешіктіріп әкелді. Сондықтан оған ұрсып жатыр едік» дейді. Фақируллаһ хазреттері былай дейді:

«Балаға тиіспеңдер! Аллаһу та'ала әзелде барлық адамның ризқын бөліп, үстіне кімге тиесілі екенін жазып қойған. Бұл бала бұлаққа барған кезінде бізге тиесілі су әлі жолда еді, ол біздің ризқымызды күтті. Аллаһу та'ала бір ғафлет беріп, ұмыттырды. Біздің су бұлақтың аузына келген кезде есіне түсірді. Ол барған кезінде су толтыра алмайтын еді, өйткені ол ризық бізге тиесілі емес еді. Ешкім ешкімнің ризқын жей алмайды.»

 

Барлық қайғылар, дерттер, қиыншылықтар, барлығы осы дүниеде қалады, ахиретке бармайды. Бірақ, сүйіспеншілік, махаббат бізбен бірге ахиретке барады. Бір-біріне теріс екі нәрсе бір жерде бола алмайды. Дүние мен ахирет бір бірінің терісі. Сондықтан нені таңдағанымызға, нені жақсы көргенімізге абай болуымыз керек. Нәсібі болған, ақылы болған, әлбетте ахиретті таңдайды, дініміздің әмірлері мен тыйымдарына сүйіспеншілікпен мойынсұнады. Осы сүйіспеншіліктің арқасында бұл дүниеден иманмен кетеді, жаннаттың мәңгілік ниғметтеріне қауышады.

Бұл діннің негізі – ешкімді ренжітпеу және барлық мұсылманмен жақсы мәміледе болу. Екі мұсылманның арасында төрешілік етіп, "Сенікі дұрыс, ал сенікі дұрыс емес" деп айта салу оңай нәрсе, бірақ бұл жақсы қылық емес.

Өйткені "сенікі дұрыс емес" деп айтылған мұсылманның көңілі сынады, аты өтірікшіге, жаманға шығады.  Бір мұсылман бір мұсылман бауырына мұндай нәрсе істей алмайды. Ең абзалы – уәжі дұрыс емес болғанына керек болса өз мүлкінен беріп, бұл екі мұсылманның арасын татуластыру.