7 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     10 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Пайғамбарымыз / Пайғамбар қиссасы / Пайғамбарымыздың қылыштары

Пайғамбарымыздың қылыштары

Пайғамбарымыздың тоғыз қылышы бар болатын: Әкесінен қалған, Мәсур деп аталатын қылышты пайғамбарымыз Мәдинаға хижреті кезінде алып жүрген.

Абд деп аталатын қылыш: Бұл қылышты пайғамбарымызға Саад бин Убадә сыйлаған. Пайғамбарымыз бұл қылышты Бәдір соғысына апарған.

Зулфиқар: Құрайыш мүшріктерінен Мүнәббих бин Хажжаждың немесе Ас бин Мүнәббихтің қылышы, Бәдір соғысында олжа ретінде алынған. Сыртында бірнеше кертілген жерлері болғандықтан Зулфиқар деп аталған. Пайғамбарымыз Зулфиқарды хазреті Әлиге сыйлаған. Сабының басы, бауының алқалары және шынжырлары күмістен болатын.

Пайғамбарымыз қайтыс болғаннан кейін хазреті Аббас хазреті Әбу Бәкірге өтініш білдіріп, Зулфиқарды хазреті Әлиден алғысы келгенде хазреті Әбу Бәкір: «Мен бұл қылышты әрдайым соның қолынан көрдім. Оны тартып алуды дұрыс деп санамаймын» деді. Хазреті Аббас оны хазреті Әлиде қалдырды.

Расулуллаһтың найзалары мыналар: Пайғамбарымыз Бәни Қайнуқа яһудилерінен үш найза олжа алған болатын.

Расулуллаһтың найзаларының бірі Мусуи, екіншісі Мусна деп аталатын. Сонымен қатар пайғамбарымыздың Бәйза деп аталатын үлкен харбесі және Анәзә деп аталатын найзадан кіші бір харбесі бар болатын. (Харбе – найзадан кіші бір қарудың аты) Наба деп те аталатын бұл харбені Хабаш билеушісі Зубәйр бин Аууамға берген болатын. Пайғамбарымыз Хайбәр соғысынан қайтып келе жатқанда оны Зубәйр бин Аууамнан алды.

Хабаш билеушісі Асхама пайғамбарымызға үш найза жіберген. Пайғамбарымыз олардың бірін өзі алып, екіншісін хазреті Әлиге, үшіншісін хазреті Омарға берген.

Біләл Хабәши пайғамбарымыздың найзасын ораза айт пен құрбан айтта намаз оқитын жерге дейін апарып, Расулуллаһтың алдына қадап қоятын.

Пайғамбарымыз айт намазын соған бет бұрып оқытатын.

Пайғамбарымыз қайтыс болғаннан кейін Біләл Хабәши осы найзаны айттарда хазреті Әбу Бәкірдің алдында ұстап жүріп, намаз оқитын жердің алдына қадайтын.

Хазреті Әбу Бәкірден кейін хазреті Омар, одан кейін хазреті Осман дәуірінде бұл міндетті азаншы Саадул Караз дәл солай қайталады. Мәдина билеушілерінің кезінде де осылай жалғасты.

 

Пайғамбарымыздың садақтары, қалқандары: Пайғамбарымыздың алты садағы болған. Олардың ішіндегі Рәуха, Бәйза, Шафра деп аталған үшеуі Бәни Қайнуқа яһудилерінен олжа болып түскен болатын. Сафра садағы Нәб ағашынан жасалған болатын. Кәтум деген садақ та Нәб ағашынан жасалған және Ухуд соғысында сынған, сынық түрінде Қатадә бин Нуман алған. Сонымен қатар Сәдәд, Зәура деген садақтары да болған.

Пайғамбарымыздың үш қалқаны бар болатын. Зәлук – үст жағында қошқардың басы бейнеленген қалқан. Бұл қалқан пайғамбарымызға сыйға тартылған болатын. Бірақ, пайғамбарымыз оның суреті болғандықтан онша ұнатпаған. Таңға шыққан кезде Аллаһ ол суретті қалқаннан өшірген еді.

Пайғамбарымыздың жеті сауыты болған.

Затулфудул деп аталатын сауытын Саад бин Убадә пайғамбарымызға Бәдір соғысына шығарда сыйлаған. Сағдие, Фыдда деген сауыттар пайғамбарымыз Бәни Қайнуқа яһудилерінен олжаға алған қарулардың арасында болған.

Пайғамбарымыз Ухуд соғысында Фудул мен Фыдданы қабаттап киген.

Пайғамбарымыздың сауытының кеудесінде және арқасында күміс екі алқасы болған. Сағдие деп аталатын сауыт хазреті Дәуіт алейһиссаламның Жалутпен соғысқанда киген тарихи мәнге ие сауыт болатын.

Пайғамбарымыз қайтыс болған кезде сауыттарының бірі Бәни Зафәрлерден Әбушшахм деген яһудиден отыз са’ арпаға кепілге қалдырылған болатын. Ол сауыт Затулфудул болатын.

Қалған сауыттары болса Затулуишан, Затулхауаши, Бәтраа. Хырнык деп аталады.

Пайғамбарымыз Затулфудул мен Сағдиені Хунәйн соғысында киген болатын.

Пайғамбарымыздың дулығаларының біріншісі Мууашшах деп аталады. Ол Бәни Қайнуқа яһудилерінен олжа болып түскен еді.

Зуссубуғ немесе Зуссусуб немесе Мәшбуғ деп аталатын дулығалар, пайғамбарымыздың Ухуд соғысында киген дулығасы сынып, екі шығыры бетіне батқан болатын. Пайғамбарымыз Меккені алған кезде де басында дулығасы болған.