7 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     10 - Қазан, 2024 жыл.   


Ғибадаттар

Біріншісі – шарттары мен парыздарына сай, күн сайын бес мәрте, уақыты кірген кезде намаз оқу. Намаздарды парыздарына, уәжіптеріне және сүннеттеріне мән бере отырып, көңілді Хаққа аударып, уақытын өткізіп алмастан оқу керек. Құран Кәрімде намазға «Салат» делінген. Салат сөзі сөздікте адамның дұға етуі, періштелердің истиғфар етуі, Аллаһу та’аланың мейірімділік танытуы, аяныш білдіруі дегенді білдіреді. Исламда салат деген – илмихал кітаптарында көрсетілгеніндей, белгілі әрекеттерді жасау және белгілі нәрселерді оқу деген сөз. Намаз оқу ифтитах тәкбірімен басталады. Яғни, ер адамдар қолдарын құлақтарына көтеріп, кіндік астына түсіріп жатқанда «Аллаһу әкбар» деп айтады. Соңғы отырыста басты оң және сол иыққа бұрып, сәлем берумен бітіріледі.

Екіншісі – мүліктің зекетін беру. Зекеттің мағынасы тазалық, мақтау және жақсы, әдемі халге жету дегенді білдіреді. Исламда зекет деген сөз - өз қажеттілігінен артық және нисаб деген белгілі бір мөлшерде зекет мүлкі бар болған адамның мүлкінің белгілі бір мөлшерін Құран Кәрімде сипаттары көрсетілген мұсылмандарға беру дегенді білдіреді. Зекет сегіз түрлі адамға беріледі. Төрт мазһапта да төрт түрлі зекет мүлкі бар. Алтын және күміс зекеті, сауда мүлкінің зекеті, жылдың жартысынан көбінде жайылымда болған төрт аяқты қасап малдарының зекеті және жерде өсетін нәрсенің зекеті. Бұл төртінші зекет «ушр» деп аталады. Жерден өнім алына сала ушр беріледі. Қалған үш зекет нисаб мөлшеріне жеткеннен кейін бір жылдан кейін беріледі.

Үшіншісі – рамазан айында күн сайын ораза тұту. Ораза тұту «саум» деп аталады. Саум сөздікте бір нәрсені бір нәрседен қорғау дегенді білдіреді. Исламда шарттарын орындай отырып, рамазан айында күн сайын үш нәрседен өзін қорғау дегенді білдіреді. Бұл үш нәрсе: жеу, ішу және жыныстық қатынас. Рамазан айы көкте хилалды (жаңа айды) көрумен басталады. Күнтізбемен алдын ала есептеумен басталмайды.

Төртіншісі – күші жеткен адамның өмірінде бір рет қажылыққа баруы. Жол сенімді және дені сау болып, Мекке-и мукәррәмә қаласына барып келгенге дейін артында қалған балаларының күн көруіне жететін мүліктен артық ақшамен сол жерге барып келетін адамның, өмірінде бір рет ихраммен Қағба Муаззаманы тауап етуі және Арафат алаңында тұруы – парыз болып табылады.

Бесіншісі – Аллаһу та’аланың дінін таратуға күш салу, яғни жихад ету. Жихадқа дайындалу – ғибадат.

Мүнакәхат: Үйлену, ажырасу, напақа... сияқты бөлімдері бар.

Муамәлат: Сауда-саттық, жалдау, шаруашылықтар, өсім, мұрагерлік... сияқты бөлімдері бар.

Уқубат: Жазалар. Беске бөлінеді. Қысас, ұрлық, зинақорлық, қазф, мүртәд болу жазалары.