19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Қажетті дұғалар / Пәлекеттерден құтылу үшін

Пәлекеттерден құтылу үшін

Сұрақ: Зілзала, өрт сияқты тілсіз жаулардан және бәле-қазадан сақтану үшін қандай дұғаларды оқу керек?

Жауап: Көптеген дұғалар бар. Бірнешесі мыналар:

«Әузу би-кәлиматиллаһиттаммати мин шәрри кулли шәйтанин уә хамматин уә мин шәрри кулли айнин ламмәтин» дұғасы, әр күн таңертең және кешке үш рет оқылып өзінің үстіне немесе қасындағылардың үстіне үрленсе, көз тиюден және шайтандардың және жануарлардың зиянынан қорғайды. (Мәуахиби ләдуннийә)

Біреуге оқып жатқанда «Әузу» дегеннің орнына «Әузукә» делінеді. Екі адамға оқып жатқанда «Әузукума», екіден көп адамға оқылып жатқанда «Әузукум» деп айту керек. «Жұма намазынан кейін жеті реттен ихлас және Муауизәтәйн (Фалақ пен Нас) сүрелерін оқыған адамды Аллаһу та’ала бір апта бәле-жаладан және жамандықтан сақтайды.» (Тәрғиб-уссалат)

«Бір жерге келген адам “Әузу бикәлиматиллаһиттаммати мин шәрри ма халәқа” деп оқыса, ол жерден кеткенге дейін оған ешнәрсе зиянын тигізбейді.» (Мүслим)

Имам Раббани хазреттері  сапарға кетіп бара жатып түнде бір керуен сарайға түнейді. Ол шәкірттеріне: «Бұл түні сарайда бір пәлекет болады. “Бисмиллаһилләзи ла-йадурру ма-асмиһи шәйун филәрди уәла фиссәмаи уә һуәс-сәмиулалим” дұғасын оқыңдар» дейді. Түнде өрт шығады. Бұл хабарды естімеген бөлмелердегі кісілердің заттарының барлығы жанып кетеді. Дұғаны оқығандарға ешнәрсе болмайды. (Умдәт-ул-Ислам)

«Ли илафи» сүресін оқыған адам қорқынышты жерлерде және дұшпан қарсысында сенімді болады. Таңертең кешке ең болмағанда 11 рет оқу керек. (Мәктубат 2/69)

Көп истиғфар ету керек. Бір хадис шәрифте:

«Истиғфарды жалғастырған, көп оқыған адамды Аллаһу таала дерттерден, қиыншылықтардан құтқарады. Оны еш ойламаған жерден ризықтандырады.» (Нәсаи)

М. Масуми Фаруқи хазреттері былай дейді:

Пәлекеттерден, қиыншылықтардан құтылу үшін истиғфар оқу өте пайдалы және тәжірибеден өткен. Өлімнен басқа дерттердің барлығынан құтқарады. Ажалы келген адамның аурусыз, қиналмай жан тапсыруына жәрдемші болады. Ажалы жетпеген адам әр түрлі қиыншылықтан құтылады және ризқы артады. (Мәктубати Масуми 2/80)

«Әстағфируллаһәл азим әлләзи ла илаһа илла һуәррахмануррахим әл-хайй-ул-қаййумулләзи ла-йамуту уә әтубу иләйһ Раббиғфир ли» истиғфарын 25 рет оқыған адамның бөлмесінде, жанұясында, үйінде және қаласында ешқандай пәлекет болмайды. (Мәариж-ул-хидайә)

(Бұдан бөлек бұл дұғаны, таңертең кешке үш реттен оқу керек.)

«Бисмиллаһиррахманиррахим уә ла хаулә уә лә қууәтә илла биллаһил алийлазим» дұғасын оқудың жүйке ауруына және барлық ауруларға жақсы болатынын Әнәс бин Малик хазреттері хабар берген. (Тәфсири Мазхәри)