Қабірден көмек сұрауСұрақ: Адамдар, тірі адамдардан жұмыс, жар және тамақ сұрайды. Қайтыс болған әулие де өлі болмағаны үшін олардан да осындай дүниелік сұрау жаиз бола ма? Жауап: Қайтыс болған әулие, тірі адамнан да көбірек файз береді, көбірек жәрдем бере алады. Шәһидтер өлі болмағанындай, пайғамбарлар мен әулиелер де өлі емес. Тірі кезінде де адамға күш-қуат беретін, жүргізетін, сөйлететін, жұмыс істеткізетін Аллаһу та'ала. Бір аяти каримада: «Сендерді де, жасаған істеріңді де жаратқан Аллаһ» делінген. (Саффат 96) Тірі адамға бұл күшті берген Аллаһу та'ала, қайтыс болған әулиесіне неге бермесін? Өлі адамға іс жасататын да Аллаһу та'ала. Оның құдіретіне күмән келтіру күпір болады. Құран кәрімде: «Жәрдем тек Аллаһтан» делінген. (Али Имран 126) Тігіншіге барамыз, киім тігіп бер дейміз. Оған бұл күшті берген әлбетте Аллаһу та'ала. Риэлторға (маклерге) барамыз, бізге жалға үй тауып бер немесе сатылатын үй тауып бер дейміз. Ол да тауып береді. Оған бұл күшті берген әлбетте Аллаһу та'ала. Дәрігерге барамыз, қан қысымын өлшейді. Тексереді, дәрі береді, керек болса инъекция салады. Оған бұл күшті берген әлбетте Аллаһу та'ала. Қайтыс болған, бірақ ақиқатында өлі болмаған пайғамбар мен әулиеге барған адамның да негізгі жаратушының Аллаһу та'ала еккендігін біліп, сол қабірде жатқан кісіден жәрдем сұрауы қалыпты нәрсе. Өйткені беруші, жаратушы Аллаһу та'ала. Хазреті Мәулана: «Мен өлгеннен кейін мені ойлаңдар, көмектеріңе келемін» деген. Дәйләми білдірген «Қабірдегілер болмағанда жер бетіндегілер құритын еді» хадис шәрифі де Аллаһу та'аланың рұқсатымен өлілердің тірілерге жәрдем бере алатындығын көрсетуде. Мәселен қабірдегі әулиеге барып «Маған жалға алатын үй керек, балам үшін келін, қызым үшін күйеу сұраймын» деу қалыпты нәрсе. Осылайша мұны естіген әулие кісі біз үшін дұға етеді. Аллаһу та'ала да осы сүйікті құлының дұғасын қабыл етеді. Яғни себептерін жаратып осыларға қауыштыратын Аллаһу та'ала. Уаххабилер және олардың әсерінде қалған мазһабсыздар бұған ширк дейді. Біз әулиені жаратушы деп жатқан жоқпыз ғой! Әулиелер Аллаһу та'аланың сүйікті құлдары болғаны үшін, не олардың құрметі үшін деп сұраймыз немесе тікелей өздерінен «Маған жалға алатын үй тауып берші» дейміз. Әулие дұға етеді және Аллаһу та'ала да сол сүйікті құлының дұғасын қабыл етеді. Бар болғаны осы! Аллаһу та'аланың құдіретін жоққа шығарған, Аллаһ өліге іс жасатқыза алмайды деген адам кәпір болады. Аллаһу та’ала барлық нәрсеге құдіретті.
Сұрақ: «Әулиенің қабіріне барып, тікелей сол әулиенің өзінен жәрдем сұрау ширк болады» деп естідім. Бұл сөз дұрыс болса, жанына бармай-ақ үйден сұрау да ширк бола ма? Жауап: Өлі-тірі, бәрінен жәрдем сұрауға болады. Рух өлмейді. Аллаһу та'ала тірілерге жәрдем еткізгені сияқты, өлілерге де жәрдем еткізеді. Хазреті Хызырдың рухы шарасыздарға көмектесуде. Егер әулиені жаратушы деп білсе, үйден сұраса да, қабіріне барып сұраса да, айырмашылық жоқ, ширк болады. Бірақ ешбір мұсылман әулиені жаратушы деп білмейді. Әулиені себеп деп біледі, Аллаһу та’аланың сүйікті құлы деп біледі. Үйінен немесе тікелей жанына келіп көмек сұрау ширк болмайды. Әулиенің тірі немесе өлі болуында айырмашылық жоқ. Тіпті қайтыс болғаннан кейін де әулиеден келетін файз тоқтамайды, артады. (Иршад ут-Талибин) Өлі немесе тірі әулиелерден көмек сұрау, оларды жаратушы санау деген сөз емес. Бұлттың себебімен жаңбыр, дәрі ішу арқылы шипа және қару қолданып жеңіс күту, су үшін бұлаққа, нан үшін наубайханаға бару, бәрі Аллаһтан тілеу болып саналады. Бұлардың бәрі себеп. Раббымыз барлық нәрсені себеппен жаратқан. Бұл себептерге жабысуға ширк делінбейді. Аллаһу та'аланың, әулие құлдарының рухтарына жәрдем ету қуатын бергендігін ойлап, рухтардан жәрдем күту жаиз. Олар қабірлерінде тірі. Рухтарына керемет берілген. Бұлай сенгендерге мушрик делінбейді. (Малумати нафиа) Әулиенің Аллаһтың жәрдемімен мәртебеленгендігін, Раббымыздың барлық нәрсені себеппен жаратқандығын, оның да бір себеп болғандығын ойлап одан көмек сұрау – Аллаһтан сұрау болып саналады. (Тахқиқ ул-хаққил мубин) Әбул Хасан Харқани хазреттері сапарға шыққан шәкірттеріне: «Қиналған кездеріңде менен көмек сұраңдар!» дейді. Жолда қарақшыларға тап болады. Шәкірттері дұға етеді, бірақ құтыла алмайды. Бір шәкірті: «Йа Әбул Хасан, көмектес!» дейді. Оны қарақшылар көрмей қалады. Ал басқаларының бар мүлкін алып қояды. Сапардан қайтқаннан кейін, «Біз дұға еттік, тоналдық, ал мына досымыз сізден жәрдем сұрады да құтылды» дейді. Сонда хазреті Әбул Хасан Харқани: «Аллаһу та'ала күнәһарлардың дұғасын қабыл етпейді. Ол менен жәрдем сұраған кезде, Аллаһу та'ала оның даусын маған есіткізді. Мен де, «Йа Раббым, мына шәкіртімді құтқара гөр!» дедім. Мен тек қана себепші болдым, дұға еттім. Құтқарған Раббымыз еді» деп жауап берді. «Тәзкирәт-ул-әулия) Хадиси Әрбаиндағы «Бір жұмыстарыңда қиыншылық көргендеріңде қабірдегілерден жәрдем сұраңдар» және Дәйләмиде білдірілген «Қабірдегілер болмағанда, жер бетіндегілер құритын еді» хадис шәрифтері де Раббымыздың рұқсатымен өлілердің тірілерге жәрдем ететіндігін көрсетуде. (М. Насихат) |