8 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     10 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Қарызды кешіктірудің жазасы

Қарызды кешіктірудің жазасы

Сұрақ: Қарызды өтемей, кешіктіру күнә бола ма?

Жауап: Қарызын уақытында өтей алмаған адам барып өтеу мерзімін ұзартуын ақшаның иесінен сұрауы керек. Өтеуге мүмкіндігі бола тұра қарызын кешіктіру күнә болады.

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Қандайда бір адамның мүмкіндігі бола тұра қарызын өтемей кешіктіретін болса, (қарызын өтегенге дейін) күн сайын амал дәптеріне зұлымдық ету күнәсі жазылады.» (Табарани)

«Өтемеу ниетімен қарыз алған адам қияметте ұры болып келеді.» (Ибн Мажә)

«Алған қарызын өтегісі келмегендерге Аллаһу та’ала қиямет күні: “Бұл адамның ақысын өзіңде қалдырады деп ойладың ба?’’ деп ол адамның жақсы амалдарын алып, қарыз иесіне береді. Егер қарызын бермеген адамның жақсы амалы болмаса, қарыз иесінің жаман амалдарын, күнәларын қарыздар адамның мойнына жүктейді.» (Табарани)

«Бай адамның (өтеуге мүмкіндігі болған адамның) қарызын өтемей, кешіктіріп жүруі зұлымдық болады.» (Бұхари) (Қарызын уақытылы өтемеуге зұлымдық, ал өтемеген адамға залым делінген.)

«Аллаһу та’ала залым болған байды жақсы көрмейді.» (Бәззар)

Қарызы болған адам қарызын өтемей тұрып садақа бермеуі керек. Өйткені хадис шәрифте: «Қарызы бола тұра берілген садақа қабыл болмайды» делінген. (Бұхари)

Берілмеген зекет те қарыз болып саналады. Қарызын өтеу, зекет беру парыз. Зекет қарызы болған адамның берген садақасы қабыл болмайды. Алдымен осы қарыздарын өтеуі керек. Сол секілді қаза намаздары бар адамның да нәпіл намаздары қабыл болмайды. Сүннеттер де нәпіл намазға жатады. (Н.Фиқһийә)

Қарызданбауға қатты мән беру керек. Хазреті Лұқман Хаким: «Мойныма қарыз жүгін арқалап езілгенше тас арқалағанды таңдаймын» деген. Өйткені қарыздану адамды күпірлікке дейін апарады. Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Йа Раббым, күпірлікке түсуден және қарызға кіруден саған сыйынамын» деп қарызданудың өте жаман екендігін білдірген. (Нәсаи)

 

Сұрақ: Мердігер (подрядчик) салатын үйді келісілген мерзімінде тапсырмаса, кешіккен әрбір күні үшін белгілі мөлшерде айыппұл төлеуін келісім-шартқа енгізу және кешіккен күндерге келісілген мөлшерде ақша өндіріп алу жаиз ба?

 Жауап: Иә, жаиз. Бірақ уақытылы өтелмеген қарыз ақша үшін бұлай төлемақы алу жаиз емес. Өйткені қарыз ақша үкімі үйдің үкіміне ұқсамайды. Қарызын кейінге қалдырып, үстіне үстеме ақша қосу пайыз болады. Қарыз берген адам (инфляция себепті) зиянда қалмауы үшін ақшаның сол күнгі құны алтынмен есептелінеді. Қайтарып берілетін күні де алтынмен есептеліп беріледі. Доллармен немесе басқа да заттармен есептелінбейді. Құн делінген кезде алтын түсініледі, басқа мал-мүлік және ақша түсінілмейді. Өйткені заттың құны алтынмен бағаланады. (Кәшфи румузи ғурәр)

 

Сұрақ: «Табиғи газ, су, электр энергиясының айлық төлем ақысын мерзімінен кеш төлеген кезде үстіне қосылатын өсімақы пайыз болып саналады, ол болса үлкен күнә. Кредит карталарын уақытылы төлемегенде үстіне қосылатын өсімақы да осылай» деп айтылып жатады. Ұмытып кеткен жағдайда немесе төлейтін ақша болмай қалған жағдайда төленбесе, үстіне қосылатын өсімақысы пайыз болып санала ма?

Жауап: Бұлар айыппұл болып саналады. Бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткенде айыппұл төленетіні сияқты оған пайыз десе де айыппұл болып саналады. Мал-мүлікті белгілі бір пайда үшін сатқан адам “осыншама пайда түсіремін” деудің орнына ”осыншама пайыз аламын” десе пайыз болмайды. Зәруретсіз (зәру, мәжбүр) жағдайсыз айыппұл төлеуге кешіктіру де күнә болады. Ол бөлек мәселе. Айыппұлға пайыз деп айтылса да пайыз болмайды.

 

Сұрақ: Бір досыма берген қарызымды ала алмай қиналып жүрмін. Қарызын өтеуге мүмкіндігі бола тұра әдеттеніп кеткен бе білмейім, қаншама рет сұрасам да бермей, үнемі кейінге қалдыра береді және тақырыпты басқа жаққа аударып жібереді. Құдды қарызы жоқ адамдай сөйлеседі. Баласы да әкесі сияқты әркімнен бір ақша алып, бермейді екен. Бұл жаман мінездің тұқым қуалаушылықпен байланысы жоқ па?

Жауап: Тегіне тартатындар да болуы мүмкін, бірақ “әкем қарызына сенімді адам емес” деп әкесіндей болуға тырысу үлкен қателік болып саналады. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Қарыз – діндарлықтың жаман атағы.» (Кудаи)

«Қарыз – түнде қайғы, күндіз қорлық.» (Дәйләми)

«Қарыз – дін мен абыройды кемітеді.» (Дәйләми)

«Қарызын өтемей өлген адам қабірінде қамауда жатады.» (Табарани)

«Қарызын өтемей өлген адам қабірінде шынжырлармен байланып жатады.» (Дәйләми)

«Мүминнің рухы қарызын өтегенге дейін шырмалған күйде жатады.» (Тирмизи)

«Қарызданып қорқынышқа батпаңдар!» (Бәйһақи)

«Өлген туыстарыңның қарыздарын өтеуге асығыңдар!» (Ибн Мажә)

Тез қайтарылуы қажет болған қарызды өтемей, садақа бермеу керек. Бөліп төленетін (рассрочка) қарыздар бұған жатпайды. Бөліп төлейтін қарыздардың төлем мерзімі өтіп, себепсізден себепсіз төленбеген болса, сол кезде осы үкімге жатады.