18 - Рабиул-әууәл, 1443 жыл.
     24 - Қазан, 2021 жыл.   


  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / Иман / Ислам дінінен хабары болмағандар

Ислам дінінен хабары болмағандар

Сұрақ: Тауда, шөлде, үңгірде, орманда немесе шалғай жерде қалып, дін, пайғамбар деген ешнәрсе естімеген адам, өз ақылымен Аллаһтың бар екендігін тапса немесе таппаса, мұның үкімі қандай?

Жауап: Аталмыш жерлердің бірінде өмір сүріп, діннен хабары болмағандар иманды болмағаны үшін жаннатқа кірмейді. Аллаһты, жаннатты, тозақты естімегені және қарсы шықпағаны үшін тозаққа да кірмейді. Қияметте қайта тірілгеннен және есепке тартылғаннан кейін бүкіл жануарлар сияқты бұлар да жоқ етіледі, бір жерде шексіз қалмайды. (Мәктубати Раббани, Фәраид-ул фәуәид)

Тауда, шөлде өмір сүріп, пайғамбарларды естімеген адамға Шахиқ-ул жәбәл делінеді. Бұлар айыпсыз деп танылған. Пайғамбарларға сену керектігі әмір етілмеді. (Исбат-ун нубууә)

Пайғамбарды естімеген адам, Аллаһу та’аланың бар және бір екендігін ойлап, тек осыған ғана сеніп, пайғамбарды естіместен өлетін болса – жаннатқа кіреді. (Баршаға қажетті иман)

Бұхара ғалымдары Имам Әшаридің білдіргеніндей, «Пайғамбар жіберілуден, дінге шақырылудан бұрын ұсыныс жасалмайды» деген. Қабылданған қаулы да осы. Бұл ғалымдар, «Жер мен көкті және өзін көрген, ақылы толық адамның Аллаһу та’аланың бар екендігін түсінбеуі үзір болмайды» деген сөздің мақсаты, пайғамбарлардың сөздерін естігеннен кейін түсінбеу үзір болмайды дегенді білдіреді, деген. (Рәддул Мухтар)

Хазреті Имам Раббани былай деген:

Ақылмен Аллаһу та’аланың бар екендігін, бір екендігін білу керектігін айтқан ғалымдар да болған. Аллаһу та’ала ақылды, дұрысты бұрыстан ажырату үшін жаратқан болса да, хақ жол білдірілмейінше ақыл бұны жалғыз өзі таба алмайды. Пайғамбарларды естімеген адам ахиретте қателігі мөлшерінде махшар алаңында азап шегеді, әркімнің ақысы берілгеннен кейін бүкіл жануарлар сияқты жоқ қылынады. (1/259)

Бір аяти каримада былай делінген:

«Біз бір Расул жіберуден (дінді жариялаудан) бұрын азап бермейміз.» (Исра 15)

  

Мұсылмандықты естімегендер

Сұрақ: Мұсылмандықты мүлдем естімегендер тозаққа кіре ме?

Жауап: Имам Раббани хазреттерінің баласы әкесіне мынадай сұрақ қойған:

«Тауда өсіп, ешқандай дін естімей, пұтқа табынған мүшриктер тозақта шексіз қалмайтын болса, жаннатқа кіруі керек болады. Ал бұл нәрсе бола алмайды, өйткені мүшриктерге жаннат харам етілген, яғни оларға тыйым салынған. Ахиретте жаннат пен тозақтан басқа жер жоқ. Арафта қалғандар белгілі уақыттан кейін жаннатқа кіреді. Шексіз қалатын жер – жаннат немесе тозақ. Ал бұлар қай жерде болады?»

Имам Раббани хазреттері былай жауап берді:

Қадірлі ұлым, бұл сұрақты шешу үшін, «Қияметте пайғамбарымыз бұларды дінге шақырады. Қабыл еткендер жаннатқа, қабыл етпегендер тозаққа тасталады» дейтіндердің сөзі дұрыс емес, өйткені ахирет – ақыларды өтеу, есепке тартылу орны. Ол жер пайғамбар жіберілетіндей әмір беру, жұмыс істеу орны емес қой. Ұзақ уақыттан кейін Аллаһу та’ала мейірім етіп бұл мәселенің шешімін ихсан етті. Білдіргені, бұл мүшриктер жаннатқа да, тозаққа да кірмейді, ахиретте тірілгеннен кейін есепке тартылып, қателіктерінің мөлшеріндей махшар орнында азап шегеді. Әркімнің ақысы берілгеннен кейін бүкіл жануарлар сияқты бұлар да жоқ болады. Адамдардың ақылдары көптеген дүниелік істердің өзінде де шатасып, жаңылып жатқанда, жақсылығы, мейірімі шексіз болған иеміздің пайғамбарлары арқылы хабар бермей, тек ақылдарымен таппағандары үшін, құлдарын шексіз отта жағатындығын айту бұл пақырға ауыр тиюде. Мұндай адамдардың шексіз жаннатта қалатындығын айту өте орынсыз болса, шексіз азап шегетіндігін айту да сондай орынсыз болады. Олай болса, жауаптың дұрысы – бізге білдірілгені. Яғни махшар күні, есепке тартылғаннан кейін жоқ қылынады. (1/259)