19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   


Қиянат

22 – Көңіл (жүрек) ауруларының жиырма екіншісі – қиянат. Қиянат ету де ашуға себеп болады. Қиянат та үлкен харам және мұнафықтықтың (екіжүзділіктің) белгісі. Қиянаттың терісі – аманат, адал, сенімді болу. Қиянат – біреуге өзін сенімді етіп көрсеткеннен кейін, сол сенімділікті бұзатын іс жасау деген сөз. Мүмин – сенімді адам, ешкімнің малына, жанына қиянат етпейтін адам. Аманат пен қиянат, мал-мүлікте болатынындай, сөзде де болады. Хадис шәрифте: «Мешуерет етілетін (ақыл, кеңес сұралатын) адам сенімді» делінген. Яғни оның дұрыс кеңес беретініне және сұраған мәселесін өзгелерден жасыратынына аманат етіледі, сеніледі. Оның дұрыс, тура сөйлеуі уәжіп. Адам, мүлкін сенімді адамға тапсыратынындай, тура сөйлейтініне сенімді болған адаммен мешуерет етеді, кеңеседі. Али Имран сүресінің жүз елу тоғызыншы аятында: «Жасайтын істі алдымен мешуерет ет (ақылдас)делінді.

Мешуерет, яғни кеңесу, адамды өкінуден қорғайтын сенімді қорған сияқты. Мешуерет етілетін, яғни кеңес сұралатын кісі, адамдардың жағдайын, заманның және Мемлекеттің шарттарын білуі қажет. Бұған саясат ілімі делінеді. Бұдан өзге ақылы, пікірі қуатты, алдын болжай білетін, тіпті денсаулығы жақсы болуы қажет. Мешуерет, яғни кеңес сұралатын адамның, білмегенін немесе білетінінің терісін айтуы күнә болады. Жоғарыдағы шарттарға сай келмейтін біреумен мешуерет етілсе (ақылдасса), екеуіне де күнә болады. Дін мен дүние істерінде білмей фәтуа бергенге, періштелер лағнет етеді. Бір адам зиянды екенін біле тұра бір әмір берсе, қиянат еткен болады.

[«Хадиқа» да былай делінген: Абдуллаһ бин Мәсуд “радиаллаһу та’ала анһ” былай деді: «Діндеріңде ең алғаш айрылатын, қолдарыңнан жіберіп алатын нәрсе, аманат болады. Қолдарыңнан ең соңғы кететін нәрсе намаз болады. Діні-иманы болмаса да, намаз оқитын адамдар шығады. Хадис шәрифте: «Достық құрған адамын өлтірген адам менің үмметімнен емес. Өлтірілген кәпір де болса осылай» делінді.]