8 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     10 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Жаһаннамнан құтылу үшін

Жаһаннамнан құтылу үшін

Аллаһу та’аланың әмірлерін орындамау көңілдің (жүректің) бұзық болуынан туындайды. Көңілдің бұзық болуы, дінге толық сенбеуі деген сөз. Мүмин болу үшін тек кәлимаи шәһадатты айту жеткілікті емес. Өйткені көңілмен (жүрекпен) сенбей, қабыл етпей, сыртынан сенген адам болып көрінетін мунафиқтар да осылай айтады. Иманды болудың белгісі діннің әмірлерін қуана-қуана орындау және тыйым салғандарынан қашу болып табылады.

Хазреті Имам Раббани былай деген:

Жаһаннамнан құтылғысы келетін адам халал және харамдарды жақсы үйренуі керек. Ризығын халал жолмен тауып, харамдардан қашуы керек. Діннің иесінің тыйым салған нәрселерінен сақтануы керек. Исламның шектеулерінен сыртқа шықпауы керек. Ажал құшқанда адам оянады, көздері, құлақтары ашылады. Бірақ ол кездегі өкіну, “аһ ұрудың” пайдасы болмайды. Қорлықтан басқа қолға түсер нәрсе болмайды. Бәрімізге өлім жақындап келеді. Ахиреттің сан-түрлі азаптары адамдарды күтуде. Адам өлген кезде оның қияметі басталды деген сөз. Өлім оятпай тұрып, қапы қалмай тұрып оянайық! Аллаһу та’аланың әмірлерін және тыйымдарын үйреніп, бірнеше күндік болған өмірімізді бұларға сай өткізейік. Өзімізді ахиреттің азаптарынан құтқарайық! Тахрим сүресінің 6-шы аятында: “Ей иман келтіргендер, өздеріңді және бала-шағаларыңды сондай бір оттан қорғаңдар, оның отыны адамдар мен тастар болып табылады” делінеді.

Иманды, ақиданы (сенімді) түзеткеннен кейін және дінге сай ғибадаттарды жасағаннан кейін қалған уақытта көңілді (жүректі) тазалауға тырысу керек. Аллаһу та’аланы еске алмай бір сәт те өткізбеу керек. Дене мүше, қол-аяқтар дүниелік істермен айналысқан кезде көңіл (жүрек) тек Аллаһу та’аламен бірге болуы керек. Оны еске алу арқылы көңіл рахаттану керек. Көңілді (жүректі) тазалаудан мақсат – Аллаһу та’аладан басқаға деген махаббатты жүректен шығару болып табылады. Көңілдің қараюы, ауруға шалдығуы міне, осындай түрлі тәуелділіктерден болады. Осыларға деген тәуелділікті, махаббатты шығарып тастамайынша шынайы иманға қауышу нәсіп болмайды. Діннің әмірлері мен тыйымдарын орындау оңай және рахат болмайды.

Тамақты көңіл көтеру үшін, ләззат алу үшін жемеу керек. Аллаһу та’аланың әмірлерін орындау үшін күш-қуат жинауға деп ниет ету керек. Егер тамақтан бұрын ниет ете алмаса, әр тамақты жеген кезде өзін қинап, ниет ету керек. Шын көңілден ниет ете алу үшін Аллаһу та’алаға жалбарыныңдар! Тасаууф – аз тамақ жеу, аз су ішу емес. Тамағын халал жолдан тауып, тойғанға дейін жеуі керек.

Жаңа және таза киім кию керек, кигенде де “ғибадат ету үшін, намаз үшін әдемі киінуге” деп ниет ету керек. Бір аяти кәримада: «Әр намаз оқығанда сәнді, таза, жақсы көретін киімдеріңді киіңдер!» делінген. Өзін көрсету, мақтану үшін киінбеу керек, харам болады.

Барлық іс-әрекеттер, сөздер, оқу, тыңдау, барлығы тек Аллаһ разылығы үшін болуы керек. Оның дініне сай амал етуге тырысу керек. Сол кезде ғана адамның барлық дене мүшелері және көңілі (жүрегі) Аллаһу та’алаға бет бұрған болады. Әрдайым Оны зікір етіп, еске алады. Толығымен ғафлет саналатын ұйқыға жатарда да “ғибадаттарды дұрыс орындау үшін күш-қуат жинауға” деп ниет етілсе, ұйқы да ғибадат болады. Өйткені ғибадат ниетімен ұйықтауда.  

 

Арифтердің көңілдері (жүректері)

Ықыласпен жасалған ғибадат адамды шынайы иманға қауыштырады. Хадис шәрифте былай делінген: «Барлық нәрсенің қайнар көзі болады. Ықыластың, тақуаның қайнар көзі – арифтердің көңілдері (жүректері).»

 Аллаһу та’алаға жақын болу үшін, яғни Оның сүйіспеншілігіне қауышу үшін ықыласпен исламға мойынсұну керек. Исламға мойынсұну - алдымен әһли сүннет ғалымдарының білдіргеніндей иман келтіру, кейін харамдардан қашу және парыз болған ғибадаттарды ықыласпен орындау деген сөз.”

Ахиретте жаһаннамнан құтылу жалғыз Мұхаммед алейһиссаламға сеніп, мойынсұнғандарға тән. Дүниеде жасалған барлық жақсылықтар, қайырымдылық пен хасанат (ізгілік) ахиретте тек қана Расулуллаһ алейһиссаламның жолында болу шартымен ғана пайдаға жарайды.  

Қорыта айтқанда жаннатқа кіру және жаһаннамнан құтылу тек қана иман келтіріп, исламға мойынсұнумен, әмірлерді орындап, тыйым салғандардан қашумен іске асады. Құтылатын жалғыз жол – ислам. Олай болса, ең құнды ғибадат, адамдарға жасалатын ең үлкен жақсылық – ислам дінінің таралуына, үйренілуіне, амалға асырылуына тырысу және исламның әмірлерін ұмыт болып кетуден қорғау болып табылады.