11 - Шәууал, 1445 жыл.
     20 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Жеті жүз ғалымның жауабы

Жеті жүз ғалымның жауабы

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Аллаһ деген адамның жәрдемшісі Аллаһ, ал ақша деген адамның жәрдемшісі болмайды. Ақша, мал-мүлік – не қайырлы немесе қайырсыз болады. Бұл ақшаны қалай тапқаныңа және қалай жұмсағаныңа қарай өзгереді. Ақшаның жұмсалған жерінен келген жері белгілі болады. Қайырлы мүлік Аллаһ жолында жұмсалады. Қайырсыз мүлік нәпістің, шайтанның жолында, яғни Аллаһу та’аланың разы болмаған жерлерінде қолданылады. Ал бұл – пәлекет.

Ең үлкен байлық – қанағат. Қанағат – Хақ та’аланың бергеніне разылық көрсету деген сөз. Дүние қуып, табандылық еткен адам, бәлкім көп ақша табады, бірақ отқа да түседі. Халал мүліктің есебі, ал харам мүліктің азабы бар. Сондықтан ақша қолдану, қару қолданудай ептілікті қажет етеді. Қару қолдануды білмеу нәтижесінде қате атылған оқ біреуді өлтіруі мүмкін, атқан адам жазаланады. Ал ақшаны қате қолдану болса, одан да жаман, адамды тозаққа апарады.

Шақиқ Бәлхи хазреттері былай деген: 700 ғалымға бес сұрақ қойдым. Барлығының жауабы шамамен бірдей болды. Бұл жауаптар мыналар:

1) Ақылды деп кімге айтылады? - деп сұрадым. «Дүниелікке мән бермеген адамға» делінді. Дүниеге мән бермеген адам ахиретке мән береді. Ахиретке мән берген адам шексіз, мәңгі бақытқа қауышады.

2) Зерек деп кімге айтылады? - деп сұрадым. «Алданбайтын адамға» деп жауап берді. Қай тұрғыдан алданбайды? Барлық тұрғыдан алданбайды. Дін істерінде алданбайды, сауда-саттықта алданбайды. Алданбауымен қатар, басқаларды да алдамайды. Өйткені дінімізде алдану да, алдау да жоқ.

3) Дәруиш деп кімге айтылады? - деп сұрадым. «Аллаһу та’аланың разылығын, Оның құлдарының разылығынан үстем тұтқандарға дәруиш делінеді» деп жауап берді. Демек, дәруиш адамдарды разы қылу үшін емес, Аллаһу та’аланы разы қылу үшін өмір сүреді. Адамдардың қалаулары мен Аллаһу та’аланың қалаулары бір араға келсе, ол әрдайым Хақ та’аланың тарапын таңдайды.

4) Бай деп кімге айтылады? - деп сұрадым. «Қанағат еткен адамға» деп жауап берді. Адамның нәпсі тойғанын білмейтін хаюла деп аталатын жануарға ұқсайды. Ешқашан, маған осы жетеді, демейді. Барлық нәрсені талап етеді.

5) Сараң деп кімге айтылады? - деп сұрадым. «Аллаһу та’ала берген аманатты өзінен деп білген адамға, бүкіл нәрсесін өзінікі деп ойлаған адамға айтылады.» деп жауап берді. Ал негізінде Аллаһу та’ала бұл ниғметтерді қолдансын және құлдарына берсін, көмектессін деп берген. Біздің мұндай болмысымыз жоқ еді. Аллаһу та’ала берген бұл ниғметтерді Ол разылық көрсеткен, әмір еткен жерлерде қолдану керек. Оның құлдарының мұқтаждықтарын кетіруге тырысу керек. Мұның терісін істеудің жауапкершілігі үлкен болады.