Пайғамбардың құрметі үшін деп дұға етуСұрақ: Пайғамбардың құрметіне немесе пайғамбардың хаққы үшін деп дұға ету жаиз ба? Жауап: Әрине жаиз. Өйткені Құран кәрімде былай делінген: «Мүминдерге жәрдем ету бізге хақ болды.» (Рум 47) «Аллаһу та’ала құлдарына мейірім етуді өзіне қажет қылды.» (Әнам 12) Сенімді кітаптарда былай делінген: Бұл аяти карималар мейірім мен ихсан етіп сүйікті құлдарына хақтар (ақылар, мәртебелер) бергенін көрсетуде. (Ибн Абидин, Хадиқа, Дурәр уә Ғурәр) «Пайғамбардың хаққы үшін деу, оның пайғабарлығы хақ деу болады. Сүйікті пайғамбарымыз да, осы ниетпен, «Пайғамбарың Мұхаммедтің хаққы үшін» деген және соғыстарда Аллаһу та’аладан мұхажирлердің кедейлерінің хаққы (құрметі) үшін деп жәрдем сұраған. «Сенен сұрағанда берген құлдарыңның хаққы (құрметі) үшін» және «Мұхаммед Ғазалидің хаққы (құрметі) үшін» деген сияқты дұға еткендер және кітаптарына жазғандар көп болған.» «Хиснул хасин» кітабы осындай дұғаларға толы. (Бәриқа, Малумати нафиа) Өлі немесе тірі, пайғамбар немесе әулиенің құрметі үшін деп дұға ету жаиз. (Бәззазийа) Сүйікті пайғамбарымыз: «Аллаһуммә инни әсәлука бихаққиссаилинә алейкә» Мағынасы: «Йа Раббым, сенен сұрағанда берген адамдардың құрметі үшін сенен сұраймын!» дейтін және «осылай дұға етіңдер», деп айтатын. (Ибн Мажә) Расулуллаһ алейһиссалам хазреті Әлидің анасы Фатиманы өз мүбәрәк қолдарымен мазарға қойған кезде, «Иғфирли умми Фатиматә бинти Әсәд уә уәссиалейһа мәдхаләһа би хаққи Нәбиика уәл Әнбийаилләзина мин қабли иннәкә әрхамуррахимин» деді. (Табарани, Ибн Хиббан, Хаким, И. Суйути) Мағынасы: «Йа Раббым, анам Фатима бинти Әсәдті ғафу ет, күнәларын кешір! Қойылған жерін (қабірін) кеңейт! Пайғамбарыңның хаққы (құрметі) үшін және менен бұрын келген пайғамбарлардың барлығының хаққы үшін бұл дұғамды қабыл ет! Сен мейірімділердің ең мейірімдісісің.» Бұл жердегі хақ сөзі құрмет, қадір деген сөз. Сүйікті құлдарына берілген қадірлі, үстем дәрежелер құрметіне сұралуда. Бұл дұғада тілектің қабыл болуы үшін Мұхаммед алейһиссаламды уәсила ету әмір етілуде. Сахабалардың ұлыларынан Осман бин Хунайф былай білдірген: Жазылуы үшін дұға сұраған бір көр адамға дәрет алып, екі рәкат намаз оқуын, одан кейін «Аллаһуммә инни әсәлука уә әтәуәжжәһу иләйкә би Нәбиикә Мухаммадин Нәбииррахмә, йа Мухаммәд инни әтәуәжжәһу бикә ила Рабби фи хажәти һәзиһи, ли тақтийәли Аллаһуммә шәффиһу фийә» деп оқуын әмір етті. (Мәрақил Фәлах, Тахтауи, Нимәти Ислам, Шифа-ус сиқам, Нур-ул Ислам, Дурәр-ус Санийә) Мағынасы: «Йа Раббым! Адамдарға рахмет (мейірім) етіп жіберген сүйікті пайғамбарыңмен саған тәуәжжүһ етіп жалбарынамын. Сенен сұраймын. Йа Мұхаммед алейһиссалам! Тілегімнің орындалуы үшін Раббыма сенімен тәуәжжүһ етудемін. Аллаһым оны маған шапағатшы ете гөр!» Бұл дұғаны оған Расулуллаһ үйретті. Өзі дұға етпеді. Оның тәуәжжуһ етуін, Расулуллаһтың құрметіне деп дұға етіп, жалбарынуын, тілегінің осылайша қабыл болуын қалады. (Малумати нафиа) Асхаби кирам бұл дұғаны көп оқитын. Әнбия мен әулиені уәсила етіп (құрметіне деп) дұға ету керек. (Хиснул хасин, Ширъа шәрһі) Ибн Хажар хазреттері Жәуһар-ул мунзам кітабында былай деген: Әһли сүннет ғалымдары былай білдірген: Расулуллаһпен әр уақытта тәуәссул ету өте жақсы. Жаратылудан бұрын және жаратылғаннан кейін, дүниеде де, ахиретте де онымен тәуәссул етіледі. Хадис шәрифте былай делінген: «Адам алейһиссалам: "Мұхаммед алейһиссаламның хаққы (құрметі) үшін мені кешір!» деп дұға етті. Аллаһу та’ала: «Оны әлі жаратпадым. Қайдан білдің?" деді. Хазреті Адам: «Аршта "Лә илаһә иллаллаһ Мухаммадун Расулуллаһ" деп жазылғанын көрдім. Қасиетті есіміңнің жанына тек ең қатты жақсы көретін құлыңның есімін лайық көрерсің деп түсіндім» деді. Аллаһу та’ала былай деді: "Йа Адам, дұрыс айттың. Ол мен үшін адамдардың ең сүйіктісі. Оның құрметіне дұға еткенің үшін сені кешірдім. Егер Ол болмағанда сені жаратпас едім".» (Табарани, Хаким) Бұл жерде Мұхаммед алейһиссаламның хаққы дегені, Аллаһу та’аланың оны қатты жақсы көруі, оған көп құрмет беруі дегенді білдіреді. Аллаһу та’аланың оған ихсан етіп, ол үшін өзіне алған ақысы деген сөз. Осы сияқты бір хадис шәрифте, "құлдардың Аллаһу та’алада қандай хақтары (ақылары) бар?", деп сұралғанда, «Бұл жердегі хақ сөзі, қажет болған нәрсе деген сөз емес» деді. Өйткені, Аллаһу та’аланың ешбір нәрсені жасауы қажет, уәжіп емес. Қаласа жасайды, қаламаса жасамайды. Аллаһу та’аладан Расулуллаһтың хаққы үшін бір тілегін сұрау, Расулуллаһ үшін сұрау емес. Аллаһу та’ала Расулын қатты жақсы көретінін, Оған жоғары мәртебе бергенін білдіруде. Міне осы махаббаттың, осы жоғары дәреженің хаққы, яғни құрметі, қадірі үшін Аллаһу та’аладан сұралуда. Аллаһу та’аланың Расулына берген сыйларының, ихсандарының бірі де, оның хаққы, құрметі үшін, оның жоғары дәрежесі үшін деп жасалған дұғаларды қабыл етуі. (Малумати нафиа) Аллаһу та’аланың сүйікті құлдарына және бәрінен бұрын пайғамбарлардың мырзасы болған Мұхаммед алейһиссаламға тәуәссул етудің, олардан шапағат сұраудың жаиз екендігін көрсететін аяти карималардың бірі Бақара сүресінің 89-шы аяты. Хадис ғалымдарының ауызбірлігімен білдіргені бойынша бұл аяти карима Хайбар яһудилері үшін келген. Надандық заманында, яғни Расулуллаһтан бұрын бұл яһудилер «Әсәд» және «Ғатфан» тайпаларымен соғысатын еді. Соғысқан кезде, «Йа Раббым, ақыр заманда жіберетін пайғамбарыңның хаққы (құрметі) үшін бізге көмектес» деп жалбарынатын. Ақыр заман пайғамбарын уәсила етіп жеңіске жететін. Бірақ, Расулуллаһ келіп Ислам дінін білдіргенінде оған көре алмаушылық етті, қырсықтық етіп, сенбеді. Тіпті Уаххабилердің алламә (үлкен ғұлама), мүжтәһид деп қабылдаған Ибнул Қайум Жәузийә "Бәдайул Фәраид" кітабында былай деген: "Яһудилер надандық заманында көршілері болған арабтармен соғысатын. Расулуллаһ дүниеге келуден бұрын Оның мүбарак денесімен Аллаһу та’аладан жәрдем сұрайтын. Аллаһу та’ала оларға жәрдем беріп, жеңіске жететін. Расулуллаһ дүниеге келіп, Ислам дінін жаюды бастағанда яһудилер оған сенуді қойды, кәпір болды. Дүниеге келуден бұрын сенбегенде Оның себебімен Аллаһтан жәрдем сұрамас еді." Бәйдауи тәфсирінің кейбір түсіндірмелерінде Садеддин Тәфтазаниден былай нақл етілген: "Яһудилер Расулуллаһтың мүбарак есімін айтып жәрдем сұрайтын. Мүбарак есімін шапағатшы ретінде көретін". Салих және заһид ғалымдардан болған Тақийуддин Хусни, Мәулид-ун Нәби кітабында былай деген: "Бір мұсылман Расулуллаһтың жақсы мінездерін, жұмсақтығын, кешірімділігі мен сабырын түсінген кезде, оның Аллаһу та’аланың алдындағы қадірін, үстемдігін түсініп, әр ісінде оны уәсила етеді. Өйткені ол шапағатшы. Аллаһу та’ала оның шапағатын қайтармайды. Ол Аллаһу та’аланың сүйіктісі. Оны уәсила етіп, оны шапағатшы етіп сұралған нәрселерді Аллаһу та’ала береді. Аллаһу та’ала бұны Құран кәрімде білдіруде және әулиелеріне илхам етуде. Оның және бүкіл мұсылмандардың дұшпаны болғандар да оны уәсила етіп сұраған тілектеріне қауышқандығын хабар беруде. Оны қатты жақсы көргендігі, өте үстем еткені үшін Олардың тілегендерін бердім деген". Абдуллаһ ибн Аббас хазреттері былай деген: "Мұхаммед алейһиссаламның Аллаһу та’ала алдындағы қадіріне, құрметіне және үстемдігіне қараңдар, оны уәсила еткен кәпірлердің де дұғасы қабыл болуда. Яһудилердің ол сүйікті пайғамбарға ең үлкен дұшпан болатынын және ол ұлы пайғамбарды көп ренжітетінін білгенімен оны уәсила етіп жасалған дұғаларды қабыл етті. Дүниеге келмей тұрып құрметі, шапағаты осындай болса, әлемдерге рахмет (мейірім) ретінде жіберілгенінен кейін, оны уәсила және шапағатшы етудің қылмыс екенін қай ақыл, қай ынсапты адам айта алады? Бұған сенбегендердің яһудилерден де жаман екендігі түсінілуде". (Мұсылманға насихат) «Пайғамбар хаққы үшін өлі-тірі әулиенің хаққы үшін деп дұға ету мәкрух, өйткені, ешкімнің Аллаһу та’ала алдында хаққы жоқ» деген адамдар шыққан болса да, бұлай дұға ету, «Йа Раббым, оларға Сен берген хақ (құрмет) үшін» деген ниетпен жаиз екендігі жоғарыда білдірілді.
|