9 - Шәууал, 1445 жыл.
     18 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / Мұсылманға жаман есім тағу

Мұсылманға жаман есім тағу

35 – Мұсылманға жаман есім тағу немесе басқаның таққан жаман есіммен атау жаиз емес. Тегі (фамилия) және нами муста’ар (лақап ат) қою жаиз. Мысалы; "Сыддық Гумуш" -  Хусейн Хилми Ышык хазреттерінің нами муста’ар аты. Хадис шәрифте: «Есімі жаман болған мұсылман оны әдемі есімге ауыстырсын!» делінді. Мысалы, Асия есімін Жәмилә деп ауыстыру керек. Мұсылманға әдемі есім тағу жаиз. Баласына мадақтаушы есім қоймау керек. Мысалы: Рашид, Әмин есімін қоймау керек. Мухиддин, Нуриддин сияқты есімдер де, өтірік және бидғат болады. Пасықтарды, жаһилдерді, мүртәдтерді мұндай есіммен шақыру мәкрух болады. Себебі, бұлар, мақтаушы, мадақтаушы есімдер. Бұларды ауыспалы мағынада да адамға айту дұрыс болмайды. Өз балаларына бұл есімдерді жақсылыққа жорып, бақытты болуы үшін қою, жаиз болады делінген. Салих болған атақты ғалымдарды осы есімдермен атау жаиз және пайдалы.

[Ибн Абидин “рахимә-һуллаһу та’ала” бесінші томда былай дейді: Балаға қойылатын есімдер арасында ең жақсысы Абдуллаһ, кейін Абдуррахман, кейін Мұхаммед, кейін Ахмед, одан кейін Ибраһим. Аллаһу та’аланың есімдерінен болған Али, Рашид, Азиз сияқты есімдерді қою жаиз. Бірақ, бұл есімдерді айтқанда құрмет ету қажет. Біле тұра құрметсізік жасаған кәпір болады. Мысалы; есімі – Абдулқадир болғанға "Абдулқойдыр" деу. Хасан есімінің орнына "Хасо", Ибраһим орнына "Ибо" деу, бұл есімдерді мазақ ету болады. Бұл есімдерді мазақ ету ниеті болмаса, күпір болмағанымен де, күпірге ұқсаған нәрсені айтудан сақтану қажет. Бала өмірге келіп, дереу өлсе, есім қоймай жерленбейді. Абдуннәби есімі жаиз болса да, қоймау ықтиатты болады. Сәйид Абдулхаким Аруаси хазрет хижри қамари 1362 [м.1943] жылында қайтыс болғанға дейін, Стамбулда, Баязид мешітінде сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері, екінді намазынан кейін, жиырма бес жыл уағыз, насихат жүргізді. Бір уағызында «Ата-ананың мойнында баласына болған үш ақысы бар: Туылғанда мұсылманның есімін қою. Ақылы кіргенде жазу, оқу, ілім және кәсіп үйрету. Балиғатқа толғанда, діндар және көркем мінезді бір мұсылманды тауып, онымен дереу үйлендіру» деді. Қыздарды осылай үйлендірген ата-ана, тіпті барлық туыс, достары және көршілер үлкен сауапқа ие болады. Европада, Америкада дін және ар-намыс дұшпаны ретінде тәрбиеленген тексіздер доктор, профессор деген атау және этикеткалармен ислам мемлекеттеріне жіберіліп жатыр. Осындай жаһил кәпірлер лицейлерге, университеттерге мұғалім және профессор болып жатыр. Бұлардың тұзақтарына түскен мұсылман балалары тез арада дінсіз, мазһабсыз не болмаса жауыз, қанішер болуда.]