Бейнелі дәрет
1. Әуелі дәрет алуға дайындалу керек. Ол үшін жеңдер шынтаққа дейін түріледі, шұлықтар шешіліп балақтар түріледі, кейін «Ниет еттім Аллаһ разылығы үшін дәрет алуға» деп ниет етіледі және әузу-бисмилләһ айтылады. Яғни «Әузу билләһи минәшшайтанирражим, Бисмилләһиррахманиррахим» деп айтылады.
2. Қолдар білектерге дейін үш рет жуылады. Саусақ араларының жуылуына мән беріледі. Саусақта жүзік бар болса қимылдатып айналдырып, асты да жуылады.
3. Ауыз бен мұрын жуылады. Ол үшін оң қолмен ауызға үш рет бөлек-бөлек су алып, әр алғанда жақсылап шайылады. Кейін оң қолмен мұрынға үш рет жеке-жеке су тартылады және сол қолмен сіңбіріп мұрын тазаланады.
4. Бет жуылады. Маңдайдағы шаштың біткен жерінен бастап құлақтың жұмсағына және жақтың астына дейін беттің барлық жері үш рет жуылады.
5. Қолдар жуылады. Алдымен оң қол шынтақтармен бірге үш рет жуылады. Жуғанда құрғақ жер қалдырмай қолдың барлық жерін жақсылап ысқылау керек. Кейін сол қол шынтақтармен бірге үш рет жуылады. Жуғанда қолдың барлық жері, құрғақ жері қалмайтындай етіп жақсылап ысқыланады. Судың шүмегі аз ашылса ысырап болмайды.
6. Бас мәсһ етіледі. Оң қолды сулағаннан кейін қолдың ішкі жағын және саусақтарын бастың үстіне қойып бір рет мәсһ етіледі. Қолдар суланып оң қолдың көрсеткіш немесе кішкентай саусағымен оң құлақтың іші, ал бас бармақпен құлақтың сырты, сол қолдың көрсеткіш немесе кішкентай саусағымен сол құлақтың іші, ал бас бармақпен құлақтың арты мәсһ етіледі.
Басты толығымен мәсһ ету
Бастың төрттен бірін мәсһ етумен парыз орындалған болып, дәрет сахих болады. Алайда басты толығымен мәсһ ету сүннет болғандықтан, толық мәсһ тартылғанда сүннет сауабы да алынған болады. Ол үшін былай жасалса бастың барлық жері мәсһ етілген болады: Алдымен екі қол суланып екі қолдың да үш жіңішке саусақтары бір-біріне біріктіріліп, ішкі тарапы бастың алдыңғы жағына, шаштың басталған жеріне қойылады. Екі қолдың бұл үш саусақтарының ұштары бір-біріне тиюі керек. Бас және көрсеткіш бармақтары және алақан жоғарыда болып, басқа тигізілмейді. Екі қол арқаға қарай тартылып екі қолдың да үш саусақтары бастың төбесімен артқы бөлігін мәсһ етеді. Қолдар арқадағы шаштың шетіне келгенде екі қолдың да үш саусағы бастан алынып, екі қолдың алақаны бастың шеткі жағына тигізіліп, арттан алға қарай тартылып, бастың шеткі жағы да мәсһ етіледі. Кейін көрсеткіш саусақтарын ішкі жағына, ал бас бармақтардың ішкі жағы құлақтың арқасына қойылып, жоғарыдан төменге қарай мәсіһ етіледі. Кейін қалған үш саусақтардың сыртқы жағы желкеге қойылып, желкенің ортасынан екі жаққа қарай тартылып мәсһ етіледі.(Сүретте көрінісі)
7. Аяқтар жуылады. Оң аяқ үш рет тобықтармен бірге жуылады. Жуғанда саусақ ұштарынан бастап жуылады және саусақ аралары хилалданып жақсылап тазаланады. Хилалдағанда сол қолдың кішкентай саусағымен оң аяқтың кішкентай саусағынан бастап қалған саусақтарының араларына кіргізіп тазалап жуады. Сол аяқ та үш рет тобықтармен бірге жуылады. Жуғанда саусақ ұштарынан басталады және саусақ аралары оң аяқтағыдай хилалданып жақсылап жуылады. (Сүретте көрінісі)
Дәрет алғанда әр мүшесін жуғанда айтылатын дәрет дұғаларын білмейтін адам «Кәлимаи шәһадат» айтады. Тек қол, бет, аяқтар жуылып, басқа мәсіһ тартылса және бір реттен жуылса да дәрет алынған болады. Мысалы уақыт өте тығыз болған кездерде осылай жасалады. Бірақ қалыпты жағдайда жоғарыда түсіндірілгендей сүннетке сай алынса сүннет сауабы да алынған болады және өте жақсы болады. |