10 - Шәууал, 1445 жыл.
     19 - Сәуір, 2024 жыл.   


Тәубе етпеу

40 - Тәубе – харам істегеннен кейін өкініп, Аллаһу та’аладан қорқу, бұдан былай қайталамауға бел баулау, шешім қабылдау деген сөз. Дүниеде зияны тиетінінен қорқып өкіну, тәубе болмайды. Әр түрлі күнә істеп жүрген адамның бұлардың кейбіреуінде исрар етсе де (тастай алмай жүрсе де), кейбіреулеріне тәубе етуі, сахих (дұрыс) болады. Тәубеден кейін, күнәні қайта істеген кісінің, қайта тәубе етуі де сахих болады. Осылайша, бір неше рет қайта тәубе етуі сахих болады. Үлкен күнәнің кешірілуі үшін тәубе ету шарт. Бес уақыт намаз және жұма намазы, Рамазан оразасы, қажылық жасау, истиғфар ету, үлкен күнә жасаудан сақтану сияқты ғибадаттар, кіші күнәлардың кешірілуіне себеп болады. Шарттарына сай тәубе жасалғанда, күпір мен күнәлар күмәнсіз кешіріледі. Шарттарына сай болған және ықыласпен жасалған қажылыққа, «Хажжи мәбрур» делінеді. Хажжи мәбрур қаза болған парыздардан және құл аққыларынан басқа күнәлардың кешірілуіне себеп болады. Бұл екеуінің кешірілуі үшін, қазалар және құл ақыларының өтелуі де қажет. Қажылық пен парызды жасамаудың күнәсі кешірілмесе де, уақытында жасамаудың, уақытынан кейінге қалдырудың күнәсі кешіріледі. Қажылықтан кейін парыздарды қазасын орындауды дереу бастамаса, кешіктіру күнәсі қайта басталады және уақыт өткен сайын арта береді. Сондықтан қазаға қалған ғибадаттардың қазасын өтеуді кешіктіру, үлкен күнә болады. Бұны жақсы түсіну қажет. «Хажжи мәбрур жасағанның күнәлары кешіріледі. Дүниеге жаңа келгендей болады» хадис шәрифі, қаза және құл ақыларынан басқа күнәлардың кешірілетінін көрсетеді. Расулуллаһтың “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” арафа кешінде және Муздалифада, қажылардың күнәларының кешірілуі үшін жасаған дұғалары да, осылай екендігі білдірілген. Қаза және құл ақыларының да, кешірілуі мүмкін деген ғалымдар болған болса да, бұлар, тәубе етіп қазаны өтеуде әлсіз болғандар үшін делінген. Худ сүресінің жүз он бесінші аятында «Жақсылықтар, күнәларды жояды»делінген. Бұл аятқа, "қазасы жасалғанда, кешіріледі" деген мағына берілген. Ғайбат етілген адамның естігеннен кейін ренжуі де, осы ғайбатты жасағанға, айрықша үлкен күнә болады. Бұл күнәнің кешірілуіне себеп болатын жақсылық - онымен халалдасу (кешірім сұрау) болып табылады.

Күнәдан кейін дереу тәубе ету фарыз. Тәубені кешіктіру бұл күнәні істеуден де үлкен күнә. Бұл күнә, әр күні бір есеге артады. Сол себепті айрықша тағы тәубе ету қажет. Бір күнәнің тәубесі жасалғанда, бұның тәубесін кешіктіру күнәларының барлығы кешіріледі. Парызды жасамаудың тәубесі, тек қазасын өтеу арқылы сахих болады. Әр күнәнің кешірілуі үшін, көңілмен (жүрекпен) тәубе ету және тілмен истиғфар ету (кешірім тілеу) және денемен қазасын өтеу қажет. Жүз рет тәспі тарту, яғни«Субханналлаһи уә бихамдиһи субханаллаһил азыйм» деу және садақа беру және бір күн ораза ұстау, өте жақсы болады.

Нұр сүресінің отыз бірінші аятында: «Ей, Мүминдер! Аллаһу та’алаға тәубе етіңдер!» делінген. Тахрим сүресінде, сегізінші аятта«Аллаһу та’алаға тәубе-и насух жасаңдар!» делінді. Насух сөзіне жиырма үш мағына берілген. Бұлардың ең мәшһүрі, өкініп, тілмен истиғфар ету және енді қайталамауға шешім қабылдау. Бақара сүресі екі жүз жиырма екінші аятында «Аллаһу та’ала, тәубе еткендерді жақсы көреді» делінді.

Хадис шәрифте: «Ең жақсыларың, күнәдан кейін дереу тәубе еткендерің» делінді. Күнәлардың ең үлкені - күпір және мұнафықтық және иртидад (діннен шығу).

[Мұсылман емес және иманға келмеген адамға «кәпір» делінеді. Мұсылмандарды алдау үшін мұсылман болып көрінетін кәпірге«мұнафық» және «зындық» делінеді. Мұсылман бола тұрып кейін кәпір болған адамға, иртидад жасады делінеді. Иртидад еткенге «мүртәд»делінеді. Бұл үшеуі, жүрегімен сеніп, шынайы иман келтірсе, сөзсіз мұсылман болады.

«Бәриқа» және «Хадиқа» кітаптарында тіл апаттары бөлімінде және«Мәжмаул әнһур» кітабында былай делінеді: «Еркек немесе әйел мұсылман, ғалымдардың ауыз бірлігімен күпірге себеп болатындығы білдірілген бір сөздің немесе істің күпірге себеп болатынын біле тұра, яғни қорқытылмай, өз қалауымен немесе басқаларды күлдіру үшін айтып, жасаса, мағынасын түсінбесе де, иманы кетеді, «мүртәд» болады. Бұған«куфри инади» делінеді. Мұның күпірге себеп болатынын білмей, өз қалауымен айтса, жасаса да мүртәд болады. Бұған «Куфри жәһли»делінеді. Себебі, әрбір мұсылманның, білуі қажетті нәрселерді үйренуі парыз. Білмеуі үзір емес, үлкен күнә. Куфри инади және куфри жәһли арқылы мүртәд болған кісінің некесі бұзылады. Әйелінен өкілеттік алып, екі куәгер қасында немесе мешітте жамағатпен «Тәждиди никаһ» (неке жаңарту) жасауы қажет. Екіден көп тәждид үшін «Хулле» қажет болмайды. Күпірге себеп болатын сөзді, қателесіп [яғни әдейі емес, жаңылысып] немесе тәуил түрінде (басқа мағынада) немесе икраһпен (қорқытылумен) айтса, мүртәд болмайды және некесі бұзылмайды. Күпірге себеп болуы, ғалымдардың арасында тартысты болған бір сөзді біліп айтқан адам мүртәд болмаса да, оның тәубе және истиғфар етуі және тәждиди никаһ жасауы ықтиятты болады.»

Мешітке барып жүретін мұсылмандардың куфри инади және куфри жәһлимен мүртәд болуына ықтимал беру қиын. Бірақ осы соңғы түрімен мүртәд болу - иманын жоғалту ықтималы болғандықтан, имамдар жамағатқа «тәждиди иман» дұғасын, яғни «Аллаһумма инни уриду ән ужаддидәл имана уәнникаһа тәждидән би-қаули лә илаһә иллаллаһ Мухаммәддун расулуллаһ» деп оқытып, тәубе және тәждиди никаһ жасалуда. Осылайша «Лә илаһә иллаллаһ деп, тәждиди иман етіңдер(имандарыңды жаңартыңдар) деген хадис шәрифтегі әмір орындалуда. [Әр уақытта, әрбір әйел, күйеуіне “арамыздағы некені жаңалау үшін сені уәкіл еттім” деуі керек. Имам әр жұма намазында дұғадан кейін тәждиди иман дұғасын оқуы қажет, жамағатта бірге айтуы керек. Сонда барлығының имандары және некелері жаңаланған болады.]

Әһли сүннет ғалымдарының “раһимә-һумуллаһу та’ала” ауыз бірлігімен айтылмаған, олардың білдіргендеріне сай болмаған сенімге «Бидғат» және «Адасушылық» делінеді. Күпірден кейін ең үлкен күнә - бидғатшы болу. Бұлардан бидғатын жаю үшін, мұсылмандарға жұқтыру үшін жұмыс істейтін зындықтардың күнәсі әлгіден де қат-қат өте көп. Үкіметтің бұларды ауыр жазалауы, ғалымдардың сөзбен және жазу арқылы оларға насихат берулері, жаһилдердің бұлармен кездеспеулері, кітаптарын және журналдарын оқымауы керек. Олардың өтіріктеріне, жалаларына, толқулы және өрекпіген сөздеріне алданбау үшін өте көзі ашық болу керек. Қазір мазһабсыздар, Мәудудишілер, Сәйд Кутубшылар және таблиғи жамағат деп аталатын жаһилдер және Уаххабилер, Шиилер, Нусайрилер және әр түрлі есімдермен пайда болып жатқан жасанды тариқатшылар, өтірікші шейхтар, қате ақидаларын, адасқан сенімдерін жаю үшін, әр түрлі амалдар қолдануда. Мұсылмандарды алдау және Әһли сүннетті езу, жою үшін, нәпсілерінің және шайтанның және ағылшындардың жәрдемімен ақылға және ойға келмейтін тұзақтар, ойындар дайындап жатыр. Малдарын, миллиондарын сарп етіп, әһли сүннетке қарсы суық соғыстарын жалғастыруда. Жастардың ислам дінін, хақ жолды Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарынан оқып, үйренулері қажет. Бұлардан үйренбегендер күпір, бидғат, және адасу селіне түсіп тұншығады, дүние және ахирет пәлекеттеріне тұтығады. ["Түркістан кітапүйі" тек әһли сүннет кітаптарын басып шығаруда. Бұл кітаптарды алып оқығандарға мақтаулар болсын!] Бидғатшылардың көсемдері Құран кәрімге қате, бұзылған, бұрмаланған мағыналар беруде. Осындай мағыналарды айтып, қате ойларын аятпен, хадиспен дәлелдегендерін айтуда. Тек қана, әһли сүннет кітаптарын оқып, хақты түсінгендер бұларға алданудан құтылады. Хақты білмегендердің бұлардың адасқан сөздеріне, тұзақтарына түспеуі мүмкін еместей. Бұлардың қате сенімдері Құран кәрімде және хадис шәрифте ашық білдірілген және мүжтәһид имамдардың ауыз бірлігімен және мұсылмандар арасында жайылған иман білімдеріне сай болмаса, кәпір болады. Күпірдің бұл түріне «Илһад» және өздеріне«Мүлһид» делінеді. Мүлһидтердің мүшрик екендігі, яғни кітапсыз кәпір саналатындары ақаид кітаптарында жазылған.]

Бидғатшылардың да, мүртәдтардың да, тәубесі қабыл болады. Бұлардың тәубе етулері үшін, Әһли сүннет ақидасын қысқаша үйреніп, сенулері, қате ақидаларына өкінулері қажет.

Парыздарға мән беріп, жалқаулықпен жасамаған адам мүртәд болмайды, иманы кетпейді. Бірақ, бір парызды орындамаған мұсылман екі үлкен күнә жасаған болады. Біріншісі, сол парыздың уақытын ғибадатсыз өткізу, яғни фарызды кешіктіру күнәсы. Бұның кешірілуі үшін «Тәубе ету», яғни өкініп-қайғыру, енді кешіктірмейтініне шешім қабылдау қажет. Екіншісі, бұл парызды тәрк ету, орындамау күнәсі. Осы үлкен күнәнің кешірілуі үшін, бұл парыздың дереу қазасын орындау керек. Қазаны кешіктіру де, айрықша бір күнә болады.

[Ұлы ислам ғалымы, он төртінші ғасырдың мүжәддиді, заһири және батини ілімдердің маманы, мәдрәсәт-ул-мутахассисин мұғалімі, тасаууфта жетік ғұлама Сәйид Абдулхаким Аруаси “рахимә-һуллаһу та’ала” сабақтарында, мешіттерде және сұхбаттарында жиі-жиі былай деп айтатын: «Бір парызды үзірсіз (себепсіз) уақытында орындамау – үлкен күнә». Уақытынан кейін дереу қазасын орындамаудың одан да үлкен күнә екені кітаптарда жазылған. «Парыздың уақыты өткеннен кейін, сол парызды оқитындай  уақыт ішінде мұның қазасы үзірсіз оқылмаса, кешіктіру күнәсі [6 минутта] бір есеге артады. Бұдан кейін, және осындай уақыт ішінде оқымаса, бір есеге тағы артады. Осылайша, парызды оқитындай уақыттардың әрбірі [яғни әр 6 минут]өткен сайын, күнәлар, қат-қат көбейіп, есепке және ойға симайтын дәрежеде көбейеді». Бір парыздың қазасы үзірсіз оқылмаса, күнәсі осылайша көбейе береді. Бес уақыт намаздың әрбірі күнде парыз болғаны үшін, әр қазаның күнәсі күнде жаңадан басталады. Бес уақыт намаз оқымаудың күнәсі бір күнде, жоғарыда бір парыз үшін білдіргеннің бес есесі көбейеді. Көп жыл оқылмаған намаздардың күнәларының қаншалықты көп болатынын осыдан да түсінуге болады. Бұл қорқынышты күнәлардан құтылу үшін, барлық шараны қолдану қажет. Иманды және ақылды адамның күндіз-түні қаза намазын оқып, жаһаннамдағы намаз оқымау азабынан құтылуға тырысуы қажет. Себебі, үзірсіз, жалқаулықпен, ерініп оқылмаған әрбір намаз үшін, жетпіс мың жыл жаһаннамда азап көретіні білдірілген. Жоғарыда айтылған сансыз намаз күнәлары үшін жаһаннамда қаншама көп азап көретінін ойлап көрген мұсылманның ұйқысы қашады, ішіп-жеуден тыйылады. Дүниесі зындан болады. Иә, намазға мән бермеген, міндет деп санамаған адам кәпір болады, мүртәд болады. Мүртәд, жаһаннамда шексіз азап тартады. Ол онсызда жаһаннамға да, азапқа да, намаздың маңыздылығына да сенбейтін еді. Дүниеде жануар сияқты өмір сүру, рахатымен зауқына құрал болған ақшамен, мал жинаудан басқа еш нәрсе ойламайтын еді. «Не болса да, кімге зияны тисе де маған бәрібір, байлық-шаттық тек маған келсе болды» деу оның принципі еді. Оның рахаты мен зауқы үшін барлық нәрсенің, адамдардың құрбан болуы, ойына да кірмейді. Ондайлардың иманы, ақылы және мейірімі болмайды. Сондықтан ондайлар қоғамға жануардан, ең қауіпті жыртқыш аңнан да зиянды болады. Оның адамгершілікпен мейірімділік, жақсылық туралы сөз қозғауы ауаға жазу жазғандай. Өз пайдасы, хайуани, шәһуани армандарына жету үшін құрылған бір тұзақтан өзге нәрсе емес.

Жылдар бойы оқылмаған намаздардың қазасын өтеу мүмкін емес сияқты көрінеді. Адамдар Ислам дінін тәрк еткендері үшін, яғни Аллаһу та’аланың әмірлері мен тыйымдарына мойынсұнбағаны үшін, Ислам діні көрсеткен шаттық пен бақыт жолынан айырылғаны үшін дүниеде берекет қалмады. Ризықтар азайды. Таһа сүресінің жүз жиырма төртінші аятында: «Мені ұмытсаңдар ризықтарыңды азайтамын» делінген. Осы себептен, иман ризығы, денсаулық ризығы, азық ризығы, адамгершілік пен мейірім ризығы және басқа да түрлі ризықтар азайды. «Ешкімге етпейді зұлымдық Хұдасы, әркімнің тартқаны өз ісінің жазасы» деген сөз Нахл сүресінің отыз үшінші аятынан алынған. Бүгінгі күпірдің қараңғылығы және Аллаһу та’аланы, Пайғамбарды “алейһиссалам”, Исламды ұмытудың берекетсіздіктері мен қиындықтары ішінде адам күндіз-түні, еркек пен әйел аралас жұмыс істеп, бір жанұяның напақасын, рахат өмір сүруін қамтамасыз ете алмайтындай жағдайға келген. Аллаһу та’алаға сенбейінше, Ол білдірген Ислам дініне мойынсұнбайынша, Оның пайғамбарының жақсы мінезімен безенбейінше, бес уақыт намазды уақытылы оқымайынша, адасушылық, пәлекет ағымын тоқтату мүмкін емес.

Намаздардың қазаларын өтеу үшін, әр күні таң намазынан басқа төрт уақыт намаздың сүннеттерін оқитын кезде, алғашқы қазаға қалған намазды қаза етуге де ниет ету керек. Осылайша әр күні бір күндік намаздың қазасы өтелген болады. Әрі сүннет те оқылған болады. Қазалардың осы ниетпен қалай оқылатындығы және оқылуы керек екендігі «Сәадати Әбәдийа»кітабында ұзақ білдірілген. Күнәларға бір рет тәубе ету арқылы олардың барлығының кешірілетіндігі білдірілген. Намаз тәубесінің сахих болуы үшін, тәрк етілген әр намаздың қаза етілуі де керек. Тәубе етіп, қазаларын өтей бастаған адам өмір бойы, яғни қазаларды бітіргенге дейін қазаларын өтеуге ниет етті деген сөз. Егер бұған өмірі жетпесе, Аллаһу та’ала бұндай мәйіттің осы ниеті үшін барлық қазаларын кешіреді. Осы сияқты, истиғфар айтып жүрген адамның барлық күнәлары және кәпірлер иман келтірген кезде бүкіл өткен күнәлары кешіріледі. Ал иман келтірмегендер жаһаннамда шексіз азапқа тартылады.

Жүздеген жылдар бұрын фиқһ кітаптары жазылған замандарда мұсылмандардың имандарының күштілігі және Аллаһу та’ала мен жәһаннам азабынан қорқулары көп еді. Намазды үзірсіз тәрк ету ойға да келмейтін. Олар намазды тәрк ете алатын адамның бар екенін де ойлай алмайтын. Ол уақыттарда намаз үзірмен және өте аз мөлшерде «Фәут» етілетін, яғни уақытынан өткізіп алатын. Бұл да, мұсылман үшін үлкен аза, қайғы болатын. Намаздың қазаға қалуы үшін үзірлер – ұйықтап қалу, ұмыту, соғыста және сапарда отырып оқуға да мүмкіндіктің болмауы. Осы үзірлердің бірінің себебінен намаздың фәут етілуі (өткізіп алуы) күнә болмайды. Бірақ, үзір біткеннен кейін дереу бұл намаздың қазасын өтеу парыз болады. Үзірмен өткізілген намаздардың қазаларын бала-шағасының қажеттілігін табуға кететіндей уақыт кешіктіру жаиз болады. Үзірмен жіберілген намаздардың қазаларын муаккад сүннеттің орнына қойып оқу қажет болмайды. Фиқһ кітаптарында: «муаккад сүннеттің орнына қойып оқымау жақсырақ болады» делінгені, үзірмен оқылмай қалған намаздар үшін айтылған. Үзірсіз тәрк етілген парыздардың дереу қазасын өтеу парыз. Бұларды сүннеттің орнына да қойып оқу қажет. Имам Раббани 123-ші хатта былай деген: «Нәпіл ғибадат бір парызды тәрк етуге себеп болса, ол ғибадат болмайды. Малаяни (бекер, бос) болып, зиянды болады.)]

[Үлкен ғалым Ибн Абидин “рахметуллаһи алейһ” былай деген: «Мешітке кіргенде екі рәкат намаз оқу сүннет. Бұған«Тахийатул мәсжид» делінеді. Мешітке кіргенде парыз, сүннет, қаза сияқты қандай-да бір намаз оқу, Тахийатул мәсжидтің орнына өтеді. Бұларға бөлек Тахийатул мәсжид деп ниет ету қажет емес. Алайда, бір уақыттың парызы және сүннеті деп екі бөлек ниет етілетін намаз мұндай емес. Бұл жерде жалғыз парыз намаз сахих болады. Мешітке кіргеннен кейін қандай-да бір намаз оқылса, бөлек ниет етілмесе де Тахийатул мәсжид намазы да оқылған болады. Бірақ, сауап пайда болуы үшін бұған да ниет етіледі. Өйткені, ниет етілмеген ғибадатқа сауап берілмейді.» Хазреті Абдулхаким Аруаси “рахметуллаһи алейһ” былай деген: «Сүннет намаз дегеніміз – парыздан басқа оқылатын намаз деген сөз. Парыздың алдындағы немесе кейінгі сүннет орнына қаза қойып оқыған адам, осы қаза намазымен сүннет намазының кейіпіне сай болғаны үшін, сүннетті де оқыған болады.» Демек, сүннет орнына қаза оқылған кезде, сүннет тәрк етілген болмайды. Әрі қазаға, әрі сүннетке ниет етілген кезде, сүннеттің сауабы да пайда болады.]

Қазаларды жоғарыда білдірілгендей өтеуге ниет еткен және өтей бастаған адам, қатты ауырып қалса, өлгеннен кейін намазының кәффаратының жасалуы үшін «Өсиет» етуі, уәлиінің де бұл өсиетті орындауы қажет. Уәли – өсиет етілген адам немесе мирасқорларының бірі деген сөз. Намаз оқыған кезде уәжіптерінің бірі тәрк етілсе немесе мәкрух істелген болса, ол намазды уақытының ішінде қайта оқып алу уәжіп болады. Нәпіл намаз оқығанда да, фасид болса, яғни намазды бұзатын бір нәрсе орын алса, қайта оқу уәжіп болады. Зекетті, пітір садақасын, нәзірді және құрбанды да, әр уақытта қазасын өтеу қажет болады. Кейіннен кедей болған адамның «Хиләи шәрийа» деп аталатын жеңілдікпен бұлардың қазасын өтеуі керек. Кедей болмаса, Хиләи шәрийа істеуі мәкрух болады.

Аллаһу та’ала мен құл арасында болған, яғни құл ақысы араласпаған күнәлардың кешірілуі үшін жасырын тәубе ету жеткілікті. Басқаларға хабар беру, имамға айту қажет емес. Ақша беріп попқа күнәні кешкізу христиандықта жасалады. Ислам дінінде ондай нәрсе жоқ. Жүніп күйде Құран кәрім оқу, мешітте отыру, мешітте дүние сөздерін айту, жеу, ішу, ұйықтау, Құран кәрімді дәретсіз ұстау, сазды аспап шалу, шарап ішу, зина жасау, әйелдердің бастары, қолдары, аяқтары, шаштары ашық күйде сыртқа шығулары құл ақысы болмаған күнәлар. Жануар ақысы араласқан күнәларды кешкізу өте қиын. Жануарды жазықсыз өлтіру, ұру, тұмсығынан ұру, шамасынан артық жүргізу, ауыр жүк арту, шөбін, суын уақытылы бермеу күнә болады. Бұл күнәға әрі тәубе ету керек, әрі истиғфар етіп жалбарыну қажет.

Құл ақылары бес түрлі болады: Мүліктік ақылар, нәпістік ақылар, намыстық ақылар, махремдік ақылар және діни ақылар. Ұрлық; тонау; тартып алу; алдап өтірік айтумен тауар сату; жасанды ақша беру; біреудің мүлкіне зиян тигізу; жалған куәгерлікпен, залымға хабар берумен немесе пара беру арқылы біреудің мүлкіне зиян тигізу – мүліктік құл ақыларына жатады. Осындай жолдармен арттырған бір тиын, бір дәндей мүлік үшін тәубе ету және иесінің кешірімін алу қажет. Мүліктік ақылар үшін балалардың да кешірім алуы және өтеулері керек. Егер мұндай кісі ақылары үшін бұл дүниеде кешірімін алмаса, ахиретте сауаптары соған беріліп кешіріледі. Мүлік иесі өлген болса, мирасқорларына өтеледі. Мирасқоры жоқ болса немесе мүлк иесі белгісіз болса, кедейге сыйлық ретінде беріліп, сауабы иесіне жіберіледі. Салих болған мұсылман кедей де жоқ болса, Ислам дініне және мұсылмандарға қызмет ететін қайырымдылық ұйымдарына, қорларға беріледі. Өзінің салих туыстарына, кедей болған анасына, әкесіне, балаларына сыйлық ретінде беруі де жаиз болады. Кедейге сыйлық ретінде берілген нәрсе садақа болады және бұдан садақа сауабы пайда болады. Осындай жолдармен құтылуға мүмкіншілік таба алмаса, мүлік иесінің және өзінің кешірілуі үшін дұға етеді. Кәпір ақысының өтелуінде де оның кешірімін алу қажет. Көңілін аулай алмаса, ахиретте кешірілуі өте қиын болады.

Нәпістік ақыларға адам өлтіру, өзгелерге күнә істеткізу, өзгелердің дене мүшелеріне зақым жеткізу сияқты қылмыстар кіреді. Мұндай күнәсын жуу үшін алдымен тәубе ету, кейін өзін жәбірленушінің уәлиіне, өкіліне тапсыру қажет. Уәлиі қаласа кешіреді. Қаласа белгілі соммада ақша талап етіп кешіреді. Қаласа, сотқа беріп, қазыдан жазаландырылуын талап етеді. Бірақ тікелей өзінің кек қайтаруы жаиз емес. (Ислам дінінде қанды кек деген нәрсе жоқ.) Намысқа қатысты құл ақыларына – ғайбат, жала жабу, мазақ ету, жамандау сияқты нәрселер жатады. Мұндай кісі ақылары тапталғанда да қылмысына тәубе ету және иесінің кешірімін алу қажет. Бұларда мирасқордан кешірім алуға болмайды.

Махремдік болған ақы – біреудің әйеліне, қызына, баласына қиянат ету, зина жасау. Бұл қылмысқа қол ұрғандар тәубе және истиғфар етеді. Фитна шығу ықтималы жоқ болса, қылмысын мойындап иесінің кешірімін алады. Егер болған тірлікті айтқанда одан да үлкен бүлікке себеп болатын болса, онда мәселені ашып кешірімін алудың орнына артынан оған дұға етеді және ол үшін садақа береді. Діни ақыларға туыстарына және қол астында болғандарға діни білім беруді тәрк ету, қарамағындағы кісілердің діни қажеттіліктерін орындауларына, ғибадаттарын үйренулеріне, діни сенімдері бойынша өмір сүрулеріне тосқауыл болу секілді қылмыстар жатады. Бұлардың және барлық адамдардың діни білім үйренуі мен ғибадат етулеріне кедергі болу және басқаларды кәпір, пасық деп жамандау да осы түрдегі кісі ақыларына кіреді. Адамдардың махремдік және діни ақыларын аяқ асты ету қылмыстарының кешірімін сұрағанда жасаған күнәсын ашып айтып отырмай, мендегі ақыңды кешір деп айту да жаиз (рұқсат) болады.

Өзі кедей болған, төлеуге шамасы жетпейтін қарызы бар адамды кешіру де үлкен сауап.

Хадис шәрифте: «Тәубе еткен адам мүлдем күнә істемегендей тап-таза болады» және «Күнәсына өкінбей, тілімен ғана истиғфар еткен адам күнәсын жалғастырушы адам. Ол Раббысын мазақ етуде» делінген. Истиғфар ету«Әстағфируллаһ» деп айту деген сөз. Бұның мағынасы: «Мені кешір Аллаһым» деген сөз. Мұхаммед Осман Хинди “қуддиса сирруһ” «Фәуаиди Османийа» кітабында, парсы тілінде былай деген: «Шипа үшін оқылатын дұғаны жазып беруімді сұраған екенсіңдер. Шипа үшін, [Тәубе етіңдер және] истиғфар дұғасын көп оқыңдар.» [Яғни, Әстағфируллалаһәл азыим әлләзи лә илаһә илла һу әл хаййул қаййума уә әтубу илайһ деңдер!] Бұл өлімнен басқа барлық дерттерге, ауруларға қарсы пайдалы. Тіпті өлім халіндегі адамның ауруын, шаншуын тоқтатып, рахат өлуін қамтамасыз етеді. Бұл дұға «Хақ сөздің дәлелдері» кітабының 344-ші бетінде ұзақ жазылған. Худ сүресінің елу екінші аятында: «Истиғфар айтыңдар! Сонда көмекке келемін» делінген. Хадис шәрифте: «Үздіксіз истиғфар айтып жүрген адамды Аллаһу та’ала дерттерден құтқарады» делінген. Әр уақытта, әр жерде, намаздан кейін және жатарда, мағынасын ойлап, көп рет «Әстағфируллаһ мин кулли ма карихаллаһ» немесе қысқаша «Әстағфируллаһ» деу керек. Аллаһу та’ала, шипаны, дерттен құтылуды және тілектерді береді. Мұхаммед Масум хазреттерінің 6-шы том, 121-ші хатындағы хадис шәрифте: «Көңілімде шаң басқандай бір перде пайда болуда. Одан құтылу үшін күнде жетпіс рет истиғфар етемін!» делінген. Халид бин Зәйд мешітінің азаншылары әр намаздан кейін мына дұғаны оқитын еді: «Раббана амәнна бима әнзәлтә уәттәба’ нәррасулә фәктубнә ма’ашшаһидин».

Әр еркек әрдайым мына мағфирет дұғасын оқуы керек: «Аллаһуммағфирли уә ли-әбаи уә уммәхати уә ли әбнаи уә бәнати уә ли ихуәти уә әхауати уә ли әждади уә жәддәти уә ли а’мами уә аммати уә ли әхуали уә халати уә ли зәужәти уә әбәуәйһа уә ли әсәтизәти уә лил му’минина уәлхамду лиллаһи Раббил аламин!». Әйел оқыса, "зәужәти" сөзінің орнына "зәужи" және "әбәуәйһа"ның орнына "әбәуәйһи" деуі керек.

Хадис шәрифтерде: «Аллаһу та’ала, күнә істеп, кейіннен өкінген құлын әлі истиғфарын айтып болмас бұрын кешіреді» және «Күнәларың көп болып көкке дейін жетсе де, тәубе еткен кезде Аллаһу та’ала тәубелеріңді қабыл етеді» делінген. Бұл хадис шәрифтер құл ақысына жатпайтын күнәлар үшін айтылған. Хадис шәрифте: «Күнә үш түрлі болады: Қияметте кешірілмейтін, тәрк етілмейтін және Аллаһу та’ала қаласа кешіретін күнә». Қиямет күні міндетті түрде кешірілмейтін күнә, бұл ширк. Бұл жерде айтылған "ширк" әр түрлі күпірлік деген сөз. Тәубесіз, яғни кешірімін алмайынша кешірілмейтін күнә болса, құл ақысы және намаз қарыздары. Ал, Аллаһу та’ала қаласа кешіретін күнәлар, бұл - құл ақысы араласпаған күнәлар.

 

МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУ

Еркек-әйел, әрбір мұсылманның әр сөзінде, әр ісінде Аллаһу та’аланың әмірлеріне, яғни парыздар мен тыйымдарына (харамдарға) мойынсұнуы қажет. Бір парыздың орындалуына, бір харамнан сақтануға мән бермейтін адамның иманы кетеді, кәпір (Аллаһу та’аланың дұшпаны) болады. Кәпір болып өлген адам, қабірде азап шегеді. Ахиретте жаһаннамға түседі. Сол тозақта мәңгілік жанады. Ондайлардың бір күн келіп кешірілуінің, жәһаннамнан шығуының ықтималы жоқ. Сондықтан имансыздықтан, күпіршілікке түсіп қалып өмірден озудан қатты қорқу керек. Күпірден құтылу өте оңай. Әр сөзде, әр істе кәпір болу ықтималы көп. Күпірден құтылу да өте оңай. Күпірдің себебі білінбесе де, күнде бір рет, «Йа Раббым! Біліп немесе білмей күпірге себеп болған бір сөз сөйлеген немесе бір іс жасаған болсам өкіндім. Мені кешір» деп тәубе етсе, Аллаһу та’алаға жалбарынса, міндетті түрде кешіріледі. Жаһаннамға түсуден құтылады. Жаһаннамда мәңгі жанбау үшін, күнде міндетті түрде тәубе ету керек. Бұл тәубеден де маңызды ешқандай міндет жоқ. Қорыта айтқанда, құл ақысы араласқан күнәларға тәубе ететін кезде бұл ақыларды өтеу және тәрк етілген намаздар үшін тәубе ететін кезде де олардың қазасын оқу керек.