5 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     7 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Иншаллаһ деудің маңызы

Иншаллаһ деудің маңызы

Иншаллаһ – "Аллаһу та’ала қаласа болады" деген мағынада, бүкіл істерін Аллаһу та’аланың қалауына тапсыру үшін айтылатын сөз.

Аллаһу та’аланың алдында мойынсұнғандардан болу үшін әр істе иншаллаһ деу керек! Хадис шәрифте: «Адамдар үшін иншаллаһ деуден құнды мойынсұнушылық жоқ»- делінген.

«Мынаны істеймін» немесе «Ертең мына жерге барамын» деген кезде «Иншаллаһ» деу керек. Бұл сөздің орнына қазақшадағы "Құдай қаласа", "Құдай жазса", "Аллаһ қаласа" деген тіркестерді қолдануға болады.

Бір адаммен бір нәрсені келіскен кезде иншаллаһ делінген болса, кейіннен ол іс орындалмаса өтірік айтылған болмайды. (Мифтах-ул жәннә)

Нақты шешілген істерде де иншаллаһ делінеді. Мәсжиди харамға кіретіндігін Аллаһу та’ала білдірген болса да, иншаллаһтың айтылуын үйрету үшін «Мәсжиди харамға иншаллаһ кіресіңдер» деген. (Фәтһ 27)

Исмаил алейһиссаламның: «Әкешім, саған не әмір етілген болса, соны істе! Иншаллаһ мені сабыр етушілерден табасын» дегені де Құран кәрімде білдірілген. (Саффат 102)

Пайғамбарымыз да бір мазарға кезіккенде, өлімнің келуі міндетті түрде болса да, илаһи тәрбиесінің бір көрінісі ретінде: «Иншаллаһ біз де сендерге қауышамыз» деді. (Мүслим)

Пайғамбарымыз дұғасының қабыл болатынын аят каримаға сүйеніп, нақты білген болса да, былай деді:

«Әр пайғамбардың дұғасы қабыл болады. Әр пайғамбар дүниеде үмметі үшін дұға етті. Ал мен қияметте үмметіме шапағат рұқсатының берілуі үшін дұға етемін. Дұғам иншаллаһ қабыл болады. Мүшрик болмағандардың барлығына шапағат етемін.» (Мүслим)

 

Хазреті Сүлейманның емтиханы

Құран кәрімде: «Біз Сүлейманды сынадық. Тағының үстіне бір өлік тастадық. Кейінірек ол қайтадан (Раббысына) қайтты» делінген. (Сад 34)

Фахреддин Рази хазреттері былай деген:

Сүлейман алейһиссалам бір түнде жұбайларының барлығына баратынын, олардың әрқайсысынан бір-бірден ер бала дүниеге келетінін, Аллаһ жолында соғысатынын айтты. Бірақ иншаллаһ деуді ұмытты. Мүгедек бір бала туылды. Бұны көтеріп әкесінің тағына қойды. Хадис шәрифте: «Ант етіп айтамын, Сүлейман алейһиссалам иншаллаһ дегенде айтқанындай болатын еді» делінген. (Бұхари)

Сүйікті пайғамбарымыздан рух, Асхаби Кәһф және Зұлқарнәйн туралы сұраған кезде, «Ертең келіңдер, айтып беремін» деді, иншаллаһ деуді ұмытты. Осы себепті бірнеше күн Расулуллаһқа уахи келмеді. Кейіннен мына мағынадағы аяти карима келді:

«Иншаллаһ деместен ештеңені ертең істеймін деме!» (Кәһф 23, 24)

Пайғамбарлар күнә істемейді. Осы сияқты әрекеттерге зәллә делінеді.

 

Сұрақ: Иншаллаһ деген кезде, «Иншаллаһпен, машаллаһпен бұл іс бітпейді» деп айту күпір бола ма?

Жауап: Иншаллаһ – «Аллаһ рұқсат берсе» деген сөз. Аллаһ рұқсат берсе де болмайды деп айту, Аллаһу та’аланың құдіретіне сенбеу болады. Машаллаһ та, ұнатқан нәрселерді көрген кезде, «Бұл – Аллаһу та’ала қалаған және ихсан еткен нәрсе. Аллаһ қорғасын, Аллаһ назардан сақтасын» деген мағынаға келетін мүбарак сөз. Бұл сөздерге мазақ ету мақсатымен бұлай айту күпір болады.

 

Сұрақ: Иншаллаһ, Аллаһтың рұқсатымен демей, мысалы келемін, сатамын, келе аламын, кетесің, істеймін деген сияқты нақты шешілген сөздер, тіркестер қолданылатын болса ширк болмайды ма?

Жауап: Жоқ, ширкке ешқандай қатысы жоқ. Есікті ашасың ба деген адамға, иә ашып жатырмын деудің ширкке қатысы жоқ. Онсыз да барлық нәрсемізді жаратқан Аллаһ, есікті бізге ашқызған да Ол. Иншаллаһ деген жақсы болады.