12 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     15 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Басқа да тақырыптар / Сүйіншілерге қауышу үшін

Сүйіншілерге қауышу үшін

Сұрақ: Кейбір хадис шәрифтерде белгілі бір күнәні істеп қойған адамның тура жаһаннамға, белгілі бір жақсы амалды істегеннің бүкіл күнәлары кешіріліп жәннатқа кіретіні білдірілген. Бұлардың ешқандай шарттары жоқ па?

Жауап: Хадис шәрифтерде: «Сөз тасушы жәннатқа кіре алмайды», «Ғайбат айтқан адам жаһаннамдық», «Көңілінде шаңның тозаңындай кібір болған адам жәннатқа кіре алмайды» делінген. Бұлардың мағынасы: «Сол күнәға тәубе етпеген болса, кешірім мен шапағат берілмесе, күнәсының жазасын тарпағанша жәннатқа кіре алмайды» деген сөз.

Күнә мен имансыздық – екі бөлек нәрселер. Күнәсы қаншалықты үлкен болса да, күнә істеген адам кәпір болмайды. Бірақ күнәсын тоқтатпай жалғастыра берген адамның жүрегі қараяды, уақыт өте күпірге түсуі де оңай болады. Сондықтан әр күнәдан сақтану керек.

 

Жәннаттықтар

Хадис шәрифте: «Тастамай күнде екі рәкат сәске намазын оқитын адамның күнәлары теңіз көбігіндей көп болса да кешіріледі», «Тарауих оқитын адамның өткен күнәлары кешіріледі», «Тәсбих намазын оқыған адамның күнәлары таулардай болса да, Аллаһ оларды кешіреді» делінген. Бұл сүйіншілерге қауышу үшін Әһли сүннет сенімінде болу және бидғат істемеу керек. Хадис шәрифте: «Бидғат істеген адамның ешбір ғибадаты қабыл болмайды» - делінген.

Күнәларға тәубе етіп харамдардан сақтану керек. Хадис шәрифте: «Мың теңгелік киімнің бір теңгесі харам болса, сол киіммен оқылған намаз қабыл болмайды» және «Харам жейтіндердің парыздары да, сүннеттері де қабыл болмайды»- делінген. Одан басқа мойынында парыз қарызы да болмау керек. Хадис шәрифте: «Парыздан қарызы болған адамның нәпілдері қабыл болмайды» - делінген. (Футух-ул ғайб)

Сондықтан, алдымен сенімімізді түзетуіміз, харамдардан сақтануымыз және парыз қарыздарын өтеуіміз керек. Харам істейтін адамның ғибадаттары сахих болады. Яғни қарыздан құтылады. Бірақ уәде етілген сауапқа қауыша алмайды. «Мына дұғаны оқыған адам, мына жақсылықты істеген адам осыншама сауапқа қауышады» делінген кезде де жоғарыда білдірілген шарттардың да болуы керек.

Хадис шәрифте: «Адам жақсы көргенімен бірге болады» делінген. Адам дүниеде кімді жақсы көретін болса, ахиретте онымен бірге болады. Бір адам пайғамбарымызды жақсы көрсе, ахиретте Онымен бірге болады. Бірақ жоғарыда білдірілгеніндей ең алдымен мұсылман болуы керек. Өзі мұсылман болмаған адам пайғамбарымызды  «Өте ақылды адам еді» деп жақсы көруі мүмкін. Бұл жақсы көруі оны жәннатқа апармайды. Хазреті Исаны жақсы көрген адам да онымен бірге жәннатта болады. Бірақ христиандар жаһаннамға кетеді. Жақсы көрудің де өлшемі бар. Оны тәңір ретінде емес, пайғамбар ретінде жақсы көру және мұсылман болу шарт.

Хадис шәрифтерде: «Жәннатқа тек тазалар кіреді», «Иманның жартысы сабыр, қалған жартысы шүкір» делінген. Бұл хадис шәрифтерге сүйенетін болсақ, таза болған немесе сабыр етіп, шүкір еткен адамның жәннатқа кіретіні аңғарылуы мүмкін. Алайда мұсылман болмаған адам да таза бола алады, сабыр етуі, шүкір етуі мүмкін. Олай болса, жәннатқа кіре алу үшін мұсылман болу, дұрыс сенімде болу, бидғаттан сақтану, парыздарды орындап харамдардан ұзақ тұру керек. (Хадиқа)

Жамандықтан сақтанатын әр мүмин жәннаттық. Құран кәрімде былай делінген:

«Раббынан қорқып, өзін жамандықтардан аулақ қылған адамның баратын жері әрине жәннат» (Назиат 40, 41)

Ешкімге жамандығы тимей, үйінде отырып діннің жайылуы үшін қызмет етпейтіндер мен күндіз-түні Аллаһ жолында қызмет ететіндердің дәрежелері әрине бір болмайды. Құран кәрімде былай делінген:

«Аллаһу та’ала мал-мүлкімен, жанымен жиһад ететіндерді дәреже тұрғысынан қимылсыз отырғандардан үстем қылған.» (Ниса 95)

Осы сияқты жамағатпен намаз оқудың сауабы жалғыз оқығаннан 27 есе көбірек. Мешітте жамағатпен намаз оқу үйде жамағатпен намаз оқудан сауаптырақ. Сүйікті пайғамбарымыздың мешітінде оқылған намаз да басқа мешіттерде оқылған намаздардан әлдеқайда үстем. Хадис шәрифте былай делінген:

«Мәсжиди Ақсада (Ақса мешітінде) оқылған бір намаз, басқа мешіттерде оқылған мың намазға, ал Мәдина мешітінде оқылған намаз он мың намазға, Мәсжиди харамда (Қағбада) оқылған бір намаз болса жүз мың намазға тең.» (И.Ғазали)

Дұшпанға қарсы жиһад етіп жатқанда намаз оқу болса, бәрінен де сауапты. Намазды шариғи үзірсіз тәрк ету өте үлкен күнә. «Жамиул фәтәуа»-да былай делінген:

«Дұшпанның алдында бір намазды оқуға мүмкіндік болса оқы! Тәрк ету – жеті жүз үлкен күнә істеген сияқты күнә.»

Әртүрлі қиындықтарға қарамастан намазын тәрк етпейтіндердің сауабы өте үлкен болады. Олардың дінді жаю кезінде оқылған намаздары, соғыста дұшпанның алдында оқылған намаз сияқты үлкен сауап.