7 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     8 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Ораза / Харам істеу оразаны бұзады ма?

Харам істеу оразаны бұзады ма?

Сұрақ: Ораза ұстап жүргенде күнә істеу, ғайбат айту оразаны бұзады ма?

Жауап: Оразаны бұзбайды, бірақ әсіресе ораза ұстап жүргенде күнәдан көбірек сақтану керек. Хадис шәрифте: «Ғайбат айту, сөз тасу, өтірік жерде ант ету, бөтендерге шаһуетпен қарау оразаны бұзады»- делінген. (Дәйләми)

Имам Ағзам хазреттері бұл хадис шәрифті ашып түсіндірген және «Бұл күнәлар оразаның сауабын бұзады, өзін бұзбайды, ораза мәкрух болады»- деген. Яғни бұл күнәларды істеген адам ораза қарызынан құтылса да, оразаға тән болған үлкен сауапқа қауыша алмайды. Хадис шәрифте: «Сондай ораза ұстаған адамдар бар, олар аштық пен шөлден басқа ештеңеге қол жеткізбейді» делінген. (Ибн Мажа)

Ораза мүминдер үшін ниғмет, аманат. Бұл аманатқа мән беру керек. Оның зая кетпеуі үшін шарттарына мән беру керек. Харамға қараудан сақтану керек! Хадис шәрифте: «Харамға қарау – шайтанның уланған оқтарынан бір оқ. Аллаһтан қорқып бұны тәрк еткен адамға Аллаһу та’ала сондай иман береді, иманның дәмін дереу көңілінде сезеді»- делінген. (Хаким)

Ораза ұстаған адам тілінен де сақ болу керек! Хадис шәрифте: «Ораза – отқа қалқан. Ол ғайбатпен бөлшектенбегенше қорғайды. Ораза ұстаған адам, надандық қылып жаман сөз айтпасын! Өзіне тиіскендерге “мен ораза ұстадым“ десін!»- делінген. (Бұхари)

Көзіміз бен тілді күнәлардан сақтағанымыздай, құлағымызды да қорғауымыз керек. Айтылуы харам болған нәрсені тыңдау да харам болады. Қол, аяқ және басқа мүшелерді де харамнан қорғау керек! Ораза ұстап денесімен күнә істеген адам дәрі орнына у ішкен науқасқа ұқсайды. Өйткені күнә - у, ол сауапты жоқ қылады. Бір күнә істегеннен кейін өкіну, жақсылық пен ғибадат етуді жалғастыру керек.