17 - Мухаррам, 1446 жыл.
     23 - Шілде, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / Шәжааттан туындаған жақсы мінездер

Шәжааттан туындаған жақсы мінездер

Шәжааттан (батылдықтан) пайда болатын жақсы мінездер он бір:

1) Салмақты болу. Мақтағанда қуанбайтын, жамандағанда ренжімейтін болу. Ондайлар Кедейлер мен байларды бір тұтады. Тәттінің, ащының парқын бөлмейді. Оқиғалардың өзгеруі  және қорқынышты, қайғылы жағдайлар алдында абдырамайды.

2) Неждет, яғни жігіттік. Қорқынышты жағдайларда, қиыншылықта, сабыр мен табандылық таныту. Мұндай уақытта байбалам шығармайды. Орынсыз іс жасамайды.

3) Химмет иесі болу, қайырымды, қайратты болу. Осы дүниенің мансабымен атағына, жоғарылауына, төмендеуіне, дүние жинауға мән бермейді.

4) Сәбат (қажырлылық, табандылық). Мақсатқа жету үшін жұмыс істегенде, алдынан шыққан қиыншылықтарға төзіп, шыдай білу.

5) Хилм (жұмсақтық). Рухтың тыныш болуы, ашуланбауы. Жұмсақ мінезді болу.

6) Сукун. Отанын, діні мен халқын қорғау үшін жасалған жиһадтарда, соғыстарда қайрат пен тойтарыс беру, дұшпанына мазақ еттірмеу.

7) Шахамат. Жақсы істер жасауды, жоғары мәртебелерге жетуді қалау. Жақсылықпен еске алынып, сауап жинауды қалайды.

8) Тахаммул. Көркем мінездермен жақсы істерге қол жеткізу үшін талпынудан жалықпау.

9) Тәуаду (қарапайымдылық). Дүниелік (жағдайы) дәрежесі өзінен төмен болғандарға менмендік етпеу, тәкаппарланбау. Өйткені қолына түскендер Аллаһу та’аланың сыйы, ихсаны болып табылады. Өзінікі емес, өзінде ешнәрсе жоқ. Мансапты, бай адамдардың қарапайым болулары өте жақсы. Сауап болады. Бір мүддеге, пайдаға қол жеткізу немесе бір зияннан қорғану үшін қарапайымдылық көрсетуге «Табасбус», яғни жалтақтау делінеді. Қайыршылардың тәуадулары осындай. Күнә болады.

10) Хамиет (Отан сүйгіштік, патриоттық). Дінді, халықты қорғауда, абыройын қорғауда, жалқаулық етпей, барлық күш-жігерімен қайратын жұмсау.

11) Риққат. Адамдардан келетін зияндарға ренжімеу. Бұған байланысты істерімен әрекеттерінде өзгеріс болмау керек. Жақсылық жасауын тоқтатпау керек.