12 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     15 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Бала – ата-ананың қолындағы аманат

Бала – ата-ананың қолындағы аманат

Бала – ниғмет және аманат. Имам Ғазали хазреттері былай деген:

«Бала – ата-ананың қолындағы аманат. Үлкен ниғмет. Ниғметтің қадірі білінбесе, қолдан кетеді. Балалардың  пәк жүректері – құнды гауһар тас секілді. Бала жас шыбықтай иілгіш келеді. Оны кез-келген пішінге салуға болады. Кішкентайында ешбір пішінге енбеген таза топырақ секілді. Таза топыраққа не ексең, өскенде соның жемісін көресің.»

Балаларға иман, Құран кәрім және Аллаһу та’аланың әмірлерін үйретіп, сонымен жүруге дағдыландырса, дін және дүниелік бақытына қауышады. Бұл бақытқа, сауапқа ата-анасы, ұстазы да ортақ болады. Егер балаға бұлар үйретілмесе және осы әдетке дағдыландырылмаса, ол бала бақытсыз болады. Әрбір жасаған жамандықтарының күнәсі ата-анасына, ұстазына да жазылады. Құран кәрімде “Тахрим” сүресінің 6-аятында: «Өздеріңді, үй-іштеріңді (жанұяларыңды) және қол астыңдағыларды тозақ отынан сақтаңдар!» деп бұйырылған.

Әкенің баласын тозақ отынан сақтауы – дүниелік оттан сақтаудан да маңызды. Тозақ отынан қорғау – иман, парыз, харамдарды үйрету арқылы, ғибадат жасауға дағдыландыру және жаман достардан, зиянды баспалардан қорғау арқылы жүзеге асады. Бүкіл дінсіздіктердің және жамандықтардың басы – жаман дос. Пайғамбарымыз былай деген: «Барлық балалар мұсылмандыққа бейім болып туылады. Кейін оларды ата-аналары христиан, яһуди және дінсіз етеді.»

Ата-ана ең әуелі баласының шынайы болашағын, шексіз бақытқа қауышуын ойлауы керек. Оған діннің негіздерін үйретуі керек. Соларды үйреніп жасағаннан кейін дүниелік бақыты өздігінен келеді. Себебі дініміз адамдарға дүниеде де,  ахиретте де рахат өмір сүру және бақытты болу жолдарын көрсетуде.

Ислам дінінің ахлақи негіздері, адами құндылықтары, әлеуметтік-мәдени қасиеттері бала тәрбиесі үшін таптырмайтын асыл қазына болып табылады. Бірақ бұл қазына, яғни діни тәлімдер – саналы, білімді, мейірімді, қабілетті және ижазатты, өкілетті кісілер тарапынан берілгенде ғана өте жақсы нәтижелерге қол жеткізіледі.

Балада негізделуі және түйсігіне жақсылап орнығуы керек болған алғашқы және негізгі нәрсе – ең ұлы, құдіретті, барлық игілігі мен жақсылықтарына қоса барлық нәрсенің жаратушысы болған Аллаһқа ғибадат етуді, құрмет жасауды, оны жақсы көруді ең маңызды міндет деп білу керек. Одан бөлек Аллаһу та'аланың тек жақсы, еңбекқор және адал құлдарын жақсы көретінін, сондықтан қайтарымын күтпей әрдайым жақсылық жасау, жаратқан махлұқтарының барлығын, әсіресе адамдарды жақсы көру керектігін үйрету, ерінбей-жалықпай білім алуға, еңбектенуге бағыттау керек. Егер бала бұл сенімдерге ие болса, адал, ар-ожданды, жақсы мінезді, қоғамға пайдалы адам болудың жолында деген сөз.

Баланы тозақ отынан құтқару, дүние отынан сақтаудан да маңызды. Баланы қорғау оны тәрбиелеу, оған жақсы мінезді үйрету және оны жаман достардан сақтаумен жүзеге асады. Өйткені барлық жамандықтардың басы жаман дос!

Бала ата-ананың қолындағы аманат. Оның жүрегі құнды гауһардай тап-таза, қамырдай әр пішінге ене алады. Құнарлы топырақтай еккен нәрсең дереу өніп шығады. Жақсылық егілсе, дін мен дүние бақытына ереді. Анасы, әкесі және ұстазы да бұл сауабына ортақ болады. Бірақ, жамандық, бүлік егілсе, құриды, анасы, әкесі және ұстазы да бұл күнәға ортақ болады.

Хазреті Садуддин Қашқаридің әкесі сауда-саттық жасап керуендермен ұзақ елдерге қатынайтын. Әкесі хазреті Садуддинді жастайынан түрлі елдерді көріп, жетілуі үшін жанында алып жүретін. Ұлының жақсы жетілуі үшін ешқандай шығындардантартынбайтын. Садуддин әкесінің берген дін тәрбиесімен өсіп, айналасына үлгі боларлықтай жетілуде еді. Бір ретінде, он екі жас шамасында әкесімен сауда сапарына шыққан болатын. Бір керуен-сарайға келіп қонақтайды. Садуддин керуен-сарайдың есігінің алдында отырғанда, сол араға бір топ саудагерлер келіп, сөйлесе бастайды. Араларындағы пайданы бөлісу үшін, бір-бірімен ұзақ уақыт ұрысып, тартыса бастады. Саудагерлердің ұзаққа созылған бұл жағдайын көріп тұрған Садуддин жылай бастады. Саудагерлер баланың себепсіз жылауына таң қалып, неге жылағанын сұрайды. Сонда Садуддин Қашқари: «Сіздерге қарап жылап тұрмын. Таңнан бері осындамын, дүниелік үшін ұрысып, жан-таласудасыңдар. Бір мезет те Аллаһу та'аланың есімін еске түсіріп, Ол туралы сөйлеспедіңдер. Оның бұйрығы мен тыйымдарынан бір ауыз да сөз айтпадыңдар. Сендерге жаным ашығанынан жылап, тозаққа түспеулерің үшін дұға етіп жатырмын " деді.

Саудагерлер баланың бұл халіне таң қалып, барлығы жасағандарына тәубе етіп, халалдасып істерін аяқтады.

Осы себепті балаларға жастайынан Құран кәрімді және өзіне керекті илмихал (иман, фиқһ, ахлақ) білімдерін үйрету керек, кейін әулиелердің халдері, Сахабалардың және өткен ұлылардың үлгі боларлық өмірлік хикаяларын әңгімелеп, солардай жақсы мінезді болуларына ат салысу керек.