8 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     11 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Басқа да тақырыптар / Ұмытшақтық және одан құтылу жолдары

Ұмытшақтық және одан құтылу жолдары

Сұрақ: Ұмытшақтыққа не себеп болады?

Жауап: Көп себебі бар. Кейбірлері мыналар:

Күнә істеу. «Күнә істеуі көп болғандардың ұмытшақтығы да көп болады» делінген. Бамдат намазы уақытында ұйықтау, дүние үшін қатты қайғыру, дүниеге қатты берілу, тұздалған ет жеу, өте ыстық нәрселерді жеу немесе ішу, көп қалжыңдасу, мазарда күлу, мазар тастарын оқу, әжетханада дәрет алу, ұзақ уақыт бойы жүніп (ғұсылсыз) болып жүру, қолдарын үстіндегі киіміне сүрту, мешітке сол аяқпен кіру, әурет жеріне қарау, қатты аш болу, әрдайым тоқ болып жүру, тірліктердің бытыраңқы болуы, иісі жаман нәрселерді жеу, есірткі қолдану, қышқыл алма жеу.

Зейінді ашатын және ұмытшақтықты кетіретін нәрселер:

Балдыркөк (сельдерей), құрғақ жүзім (мейіз), шөрек шөбін (чернушка) жеу, қойдың сүтін ішу, басты роза гүл майымен майлау, бадам (миндаль) жеу, миск және қалампыр қолдану, зире ұнтағын иіскеу, алоэ буымен тыныс алу, бал жеу.Хадис шәрифтерде де былай делінген:

«Қан алдыру – ақылды қуаттандырады, есте сақтау қабілетін арттырады.» (Хаким)

«Есте сақтау қабілетін арттыру үшін бал жеңдер!» (М.Насихат)

«Асқабақ бас миын қуаттандырады, ақылды арттырады.» (Дәйләми, И. Мүнауи)

Ұмытшақ болмау үшін күнәдан тиылу керек. Әрдайым Аллаһу та’аланы еске алу керек, пайғамбарымызға (алейһиссалам) салауат айту керек. Хадис шәрифте: «Айтайын деп тұрған нәрсесін ұмытқан адам, есіне түсіру үшін маған салауат айтсын!» делінген. (Ибн Сүнни)