1 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     3 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / Жақсы мінездің түрлері

Жақсы мінездің түрлері

АЛТЫНШЫ БАП

«Ахлақи алаи» кітабының алтыншы бабында жақсы мінездің түрлері білдірілген. Біз бұлардың арасынан тек әділетті ғана баяндаймыз. Әділет үшке бөлінеді:

Біріншісі, Аллаһу та’алаға құлдық ету. Аллаһу та’аланың мейірімі, ниғметтері, ихсандары әрбір махлұққа жайылған. Ниғметтерінің ең үлкені – құлдарына бақыт жолын көрсетуі. Олар лайық болмаса да барлығын ең жақсы түрде жаратқан. Мәңгі, шексіз, санауға келмейтіндей ниғметтер, жақсылықтар берген. Осындай иеге, жаратқанға ғибадат ету, Ол ихсан еткен ниғметтеріне шүкір ету әлбетте қажет.

Әділетті болу үшін иесінің ақысына мән беру керек болады. Әр адамның жаратушысына қарыз болған осы құлдық ақысын орындауы уәжіп болады.

Әділеттің екінші бөлімі – адамдардың ақысын өтеу. Үкіметке, әмірлерге, заңға қарсы келмеу, ғалымдарды құрметтеу, аманаттарға қиянат етпеу, сауда-саттық ақысын өтеу, уәделерін орындау қажет.

Үшіншісі, өмірден өткендердің ақысын өтеу керек. Бұл – олардың қарыздарын өтеу, өсиеттерін орындау, қалдырған иелігін қорғау және артынан қалған қайырымдылық пен жақсылықтарын жалғастыру арқылы жүзеге асады.

Жақсылық жасаған адамға мал-мүлікпен, қызметпен қайтарымы беріледі. Мұны жасай алмаған адам хамд пен шүкір, алғыс пен дұға етеді. Қайтарымын жасамаған, рахмет айтпаған адамға ертеңгі күні міндетсініледі, жамандалады, ренжітіледі. Өйткені жақсылыққа жақсылық жасау адамдық борыш болып табылады. Осылай болса, әр жақсылықты жасаған, ең үлкен жақсылық ретінде жоқтан бар қылған, ең жақсы күйді берген, қажетті мүшелерді, күш-қуатты ихсан еткен, әрқайсысын тәртіппен істетіп денсаулық берген, ақыл мен зейінді сыйлаған, бала-шаға, үй, қажетті заттар, азық-түлік, сусын, киімдерімізді жаратқан ұлы иеге бұл ниғметтерді себепсіз, қайтарымсыз ихсан еткен, әр сәтте жоқ болудан, дұшпаннан, аурулардан қорғаған және бізге мүлдем қажеттілігі болмаған, шексіз күш-қуат, құдірет иесі болған Аллаһу та’алаға шүкір етпеу, құлдық ақысын орындамау қандай үлкен қылмыс, қандай үлкен зұлымдық және қандай опасыз жағдай болады? Әсіресе, Оған және ниғметтердің Одан келгеніне сенбеу немесе бұларды басқадан келген деп білу ең үлкен зұлымдық, ең жаман қарабеттілік болады. Бір адамға әрбір қажеттілігі берілсе, әр айда жеткілікті ақша, азық-түлік сыйға берілсе, бұл адам сыйлық берген адамды барлық жерде бәріне қалай мақтайды. Күні-түні оның сүйіспеншілігін, ізгілігін алуға, көңілін аулауға тырыспай ма? Оны дерттерден, қиыншылықтардан қорғауға тырыспай ма? Оған қызмет ете алу үшін өзін қауіпке тастамай ма? Осылай істемесе, әлгі сыйлық берушіні мүлдем қадірлемесе, бәрі оны айыптамай ма? Тіпті, адамгершілік міндетін атқарып жатқан жоқ деп жазаландырылмайды ма? Жақсылық жасаған бір адамға осыншама құрмет етіледі де, әр ниғметтің, әр жақсылықтың шынайы иесі болған, барлығын жаратқан, жіберген Аллаһу та’алаға шүкір ету, Ол ұнатқан, талап еткен нәрселерін орындау неліктен қажет болмасын? Әрине бәрінен көп Оған шүкір ету, бәрінен көп Оған бағыну, ғибадат ету керек. Өйткені, Оның ниғметтерінің жанында басқалардың жақсылығы, теңіздің жанында бір тамшыдай да бола алмайды. Тіпті, басқалардан келетін жақсылықтарды да Ол жіберіп жатыр.

 

Аллаһу та’аланың ниғметтерін кім санай алады?

Ниғметтерінің миллионда біріне кім шүкір ете алады?

Адам Аллаһу та’алаға, қажет болған шүкір қарызын қалай жасауы керек? Кейбірлердің айтуынша, бірінші міндет – Аллаһу та’аланың бар екенін ойлау. Өлең:

 

Шүкір болсын Аллаһқа ниғметтері мол болған,

Алдымен бар болу ниғметін берді Ол маған

Сияпатын санауға күш жетпес

Күш те, барлық үстемдік те лайық Оған!

Кейбірлердің айтуынша, ниғметтердің Одан келгенін түсіну және тілмен хамд пен шүкір жасау керек.

Кейбірлердің айтуынша, бірінші міндет – Оның әмірлерін орындау, харамдарынан сақтану.

Ал бір бөлігі, адам алдымен өзін тазалауы керек. Осылайша Аллаһу та’алаға жақындауы керек, деді.

Кейбірлері, адамдарға дұрыс жолды көрсету, дұрыс, салих болуы үшін тырысу керек, деді.

Ал кейбірлері, адамның нақты бір міндеті болмайды. Әр адамның өзіне сай басқа-басқа міндеттері болады, деді.

Кейіннен келгендердің айтуынша, адамның Аллаһу та’аланың алдындағы міндеті үшке бөлінеді: Біріншісі, денесімен жасалатын істер. Намаз, ораза сияқты. Екіншісі, рухымен жасайтын міндеттері. Дұрыс итиқадқа (сенімге) ие болу (Әһли сүннет ғалымдарының білдіргеніндей иман ету, сену.) Үшіншісі, адамдарға әділеттік жасау арқылы Аллаһу та’алаға жақындау. Бұл нәрсе аманатты сақтау, адамдарға насихат айту, ең алдымен Ислам дінін үйрету арқылы жүзеге асады.

Осы айтылғандардың барлығынан түсінікті болғаны – ғибадат үшке бөлінеді: дұрыс сенім, дұрыс сөз және дұрыс амал. Бұның соңғы айқын әмір етілмеген екеуі заманға және шарттарға қарай өзгереді. Аллаһу та’ала пайғамбарлары “алейһимуссалауату уәттәслимат” арқылы өзгертеді. Ғибадаттарды адамдар өзгерте алмайды. Пайғамбарлар “алейһимуссалам” және осы ұлылардың мұрагерлері болған Әһли сүннет жолының ғалымдары “раһимәһумуллаһу та’ала” ғибадаттардың түрлерін және қалай орындалатынын жеке-жеке білдірген. Бұларды әркімнің үйренуі және сол бойынша әрекет етуі қажет.

Бұл пақырдың түсінгені бойынша, сөздің қорытындысы, жоғарыда білдірілгеніндей дұрыс сенім, дұрыс сөз және салих амалдар – бірінші міндет.

Ислам ғалымдары және тасаууф ұлыларының “раһимәһумуллаһу та’ала” айтуынша, адамға уәжіп болған бірінші міндет – иман, амал және ықылас иесі болу. Дүние мен ахирет бақытына тек осы үшеуіне қауышу арқылы қолжеткізіледі. Амалдар – көңілмен және тілмен, яғни сөзбен және денемен орындалатын істер деген сөз. Көңілдің істері – ахлақ. Ықылас – амалын, яғни барлық істерін, ғибадаттарын, тек Аллаһу та’аланың разылығына, сүйіспеншілігіне қауышу үшін орындау деген сөз.