7 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     10 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Басқа да тақырыптар / Әр істе озат болу үшін

Әр істе озат болу үшін

Пайғамбарымыз былай деген:

«Мына үш нәрсені орындағандар әр істе озат болады:

1) Жасамақшы болған істі Аллаһ разылығы үшін істесе,

(Адам, не Аллаһ разылығы үшін істейді, не нәпсінің қалаулары үшін, яғни адамдардың ризалығы үшін істейді. Адамдардың ризалығын Аллаһу та’аланың разылығына ауыстырып таңдағандардың шаруасын Хақ та’ала адамдарға қалдырады. Бірақ адамдардың ризалығын емес, Аллаһу та’аланың разылығын таңдағандарды өз қамқорлығына алады. Кім Аллаһ үшін болса, Аллаһ та ол үшін болады.)

2) Бірлік пен ынтымақтың ішінде болса,

(Денелердің бірге болуы деген сөз емес. Көңілдерінің бірге болуы, мақсаттарының ортақ болуы деген сөз.)

3) Дұрыстықтан мүлдем айрылмаса.»

Демек, дұрыстықтан айрылмай, бірлік пен ынтымақ ішінде, жасамақшы болған істерді Аллаһ разылығы үшін істейтіндер әр жұмыста озат болады.

 

Сәттіліктің сыры

Сұрақ: Сәтті болудың сыры не?

Жауап: Ислам ғалымдары былай білдірген:

1) Күнәлардан сақтану, харам істемеу,

2) Аллаһу та’аланың құлдарына мейірімдік, жақсылық жасау,

3) Сабыр ету,

4) Жылы жүзді болып, күлімдеп жүру.

Осы төрт нәрсені орындап жүрген адамның сәтсіз болуы мүмкін емес.