18 - Рабиул-әууәл, 1443 жыл.
     24 - Қазан, 2021 жыл.   



Нафақа

Адамның өмір сүруі үшін азық-түлік, киім-кешек және үй сияқты қажетті заттар.

«Әрбір мұсылман өзінің отбасына Аллаhу та’аланың разылығын үміт етіп, инфақ (нафақасын, қажеттіліктерін қамтамасыз) етсе, бұл нафақа ол үшін садақа болады.» (Хадис шәриф – Сахих Бұхари)

«Дін жолында соғысу үшін, құлды азат ету үшін, кедейге садақа беру үшін және отбасындағылардың нафақасы үшін жұмсалған алтындардың ең үстемі және сауабы көп болғаны отбасының нафақасы үшін берілген алтынның сауабы болып табылады(Хадис шәриф – Кимия-и Саадәт)

Парыздарды орындай алмайтындай мөлшерде аз тамақ жеу жаиз емес. Өзінің және бала-шағасының нафақасын (тамағы, киімі, баспанасын) қамтамасыз ететіндей және қарыздарынан құтылатындай мөлшерде еңбек ету парыз. (Абдуллаһ Мусули)

Аллаhу та’ала құлдарына өте мейірімді болғаны үшін барлығының ризығын, нафақасын Өзіне жүктеген. Аллаhу та’ала құлдарынан бірнеше адамның ризықтарын, нафақаларын қамтамасыз етуі үшін және олардың өсіп-жетілулері және рахат өмір сүрулері үшін бір құлын міндеттесе, ол құлына үлкен ихсан (жақсылық) еткен болады. (Имам Раббани)

Әйелінің нафақасын мол беру керек. Бірақ ысырап та етпеу керек. Әйелінің нафақасы үшін берілген ақшаның сауабы садақа сауабынан да көп. (Имам Ғазали)