17 - Шәууал, 1445 жыл.
     26 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер / Мүжтәhид-и Мутлақ (Мутлақ мүжтәhид)

Мүжтәhид-и Мутлақ (Мутлақ мүжтәhид)

Діни үкімдерді, Құран кәрім, хадис шәриф және басқа да діни дәлелдерден мағына шығаруда өзіне арнайы қағидалар және усул (әдістер) қойған мүжтәhид. Бұған мүжтәhид-и фиш-шәр және мүжтәhиди мустақил деп те айтылады.

Төрт мазhабтың да имамдары мутлақ мүжтәһид еді. Осы төрт имамнан кейін мутлақ мүжтәhид ғалым жетілмеді. Ешбір ғалым  мутлақ мүжтәhид екендігін айтпаған. Тек қана Мұхаммед Жәрири Табари мутлақ мүжтәhид ғалым екендігін айтса да, ешбір ғалым бұл сөзін қабылдамады. (Имам Шарани)

Хижреттен төрт жүз жыл өткеннен кейін мүтлақ мүжтәhид ғалым жетілмегені үшін бұл уақыттан кейін келген ғалымдарды тақлид ету жаиз емес. Бұл уақыттан алдын жетілген бір мутлақ мүжтәhид ғалымның мазhабын үйрену үшін (сол мазһабтың) ғалымдарының ауызбірлігімен қабылдаған дін үкімдерін білдіретін фиқh кітаптарын оқу керек. (Имам Мәнауи)

Ниса сүресінің 58-аятында: «Түсіне алмаған дін істерінде кітапқа (Құран кәрімге) және сүннетке (хадис шәрифтерге) жүгініңдер» делінген. Бұл әмір мутлақ мүжтәhид болған ғалымға мойынсұну керектігін білдіретін әмір. (Махмуд бин Абдулғайур Пишауури)