16 - Шәууал, 1445 жыл.
     25 - Сәуір, 2024 жыл.   


Мүстаһаб

Жақсы көрілген, ұнатылған деген мағыналарды білдіреді. Сүйікті пайғамбарымыздың ұнатып кейде істеуі әдет болған, істелгенде сауап беріліп, істелмеген кезде күнә болмайтын амалдар. Бұның үкімі сүннеті ғайри мүәккәдә үкіміндей. Бұларды iстеген адам көп сауап алады, ал iстемегенге азап болмайды, шапағаттан да махрұм қалмайды. Бұған мәндуб, әдеп те айтылады.

Мүстаһабтарға немқұрайлылықпен қараған, мән бермеген адам сүннеттерді орындай алмайды. Сүннеттерге немқұрайлылық ету парыздардың орындалуын қиындатады. Ал парыздарды немқұрайлылықпен орындаған адам Аллаһу та’аланың разылығына қауыша алмайды. (Мұхаммед Масум Фаруқи)

Мүстаһабтарға жеңіл қарамау керек. Бұлар Аллаһу та’аланың жақсы көрген, ұнатқан нәрселері болып табылады. Егер бүкіл дүниені беріп Аллаһу та’аланың ұнататын бір ісін істей алуға көзі жетсе және дүниені беріп сол ісі жүзеге асырылса өте үлкен пайда көреді. Яғни бір сынық құмыра беріп бағалы бір алмас алғандай болады. Немесе бірнеше тас бөліктерін беріп, өлген сүйіктісіне жанын қайтарғандай, қайта тірілткендей болады. (Имам Раббани)

Мүстаһаб амалдарды орындау Аллаһу та’алаға жақындатады және Аллаһтың разылығына қауышуға себеп болады. (Абдулхаким Аруаси)

Имамның соңғы сүннетті парызды оқыған жерде оқуы мәкрух (ғибадаттың сауабын азайтады). Жамағаттың сүннет пен парызды бір жерде оқуы мәкрух болмаса да, басқа жерде оқуы мүстаһаб болады. Мүстаһабты орындамаған адамның намазы нұқсан болмайды, бірақ сауабынан махрұм қалады. (Шәрнблали)

Бес уақыт намазды уақыттары кірісімен оқу керек. Тек құптан намазын қыс айларында түннің үште біріне дейін кешіктіріп оқу мүстаһаб. (Имам Раббани)