19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   


Мәкрух

Аллаһу та’ала және Мұхаммед алейһиссалам ұнатпаған және ғибадаттардың сауабын азайтатын iстер. Тыйым салынғаны харам сияқты нақты білдірілмеген, Құран кәрімде күмәнді дәлелдермен яғни ашық білдірілмеген немесе сахабалардың (сүйікті пайғамбарымыздың достарының) білдіруімен түсінілген тыйымдар.

Мәкрух екені білдірілген тыйым салынған істерді үзірсіз жасау күнә болып табылады. (Сәйид Абдулхаким Аруаси)

Кіші және үлкен дәреті қысқан кезде немесе жел қысқан кезде намаз оқу мәкрух болып табылады. Намаздың арасында қысса, намазды бұзу керек. Егер намазды бұзбаса күнә болады. Жамағатты жіберіп алса да, намазды бұзғаны жақсы. Кәрахатпен (мәкрухпен) намаз оқығаннан гөрі, жамағат сүннетін оқымау абзал болып табылады. Намаз уақытын немесе жаназа намазын өткізіп алмау үшін бұлай оқу мәкрух болмайды. (Ибн Абидин)