11 - Шәууал, 1445 жыл.
     20 - Сәуір, 2024 жыл.   


Мұсылман

Аллаhу та’аланың пайғамбарлары арқылы жібергендеріне және Мұхаммед алейhиссаламға сеніп, Аллаhу та’аланың әмірлерін орындап, тыйымдарынан сақтанған адамға мұсылман делінеді.

Аллаhу та’ала Құран кәрімде былай дейді:

«Малдарын, жандарын пида етіп дін дұшпандарымен Аллаhразылығы үшін соғысатын, жиһад ететін мұсылмандар үйлерінде отырып, қамалып ғибадат ететіндерден артық. Барлығына жаннатты уәде етемін.» (Ниса сүресі 95)

«Мұсылман – мұсылмандарға қолымен де, тілімен де зиян бермейтін адам.» (Хадис шәриф – Бұхари, Мүслим)

«Мұсылман – мұсылманның бауыры. Оған зұлымдық жасамайды. Әрдайым оған жәрдемдесуге асығады. Менсінбеушілік етпейді және өзінен төмен деп санамайды. Оның жанына, малына, ар-намысына зиян тигізуі харам болып табылады.» (Хадис шәриф - Әшиатул-Ләмәат)

«Бір адамның мұсылмандығының көркемдігі малаяниден (пайдасыз нәрселерден) ұзақ тұруынан және қажетті нәрселерді жасауынан белгілі болады.» (Хадис шәриф – Мәктубат)

"Бір мұсылман Аллаhу та’аланың әмірлері мен тыйымдарына қаншалықты мойынсұнатын болса, Аллаhу та’ала да оны соншалықты азиз (қадірлі) етеді. Өзге мұсылмандардың көңіліне (жүректеріне) де оған деген сүйіспеншілікті орнатады."  (Ибраһим Хаууас)

"Мұсылман – жақсы, ақыл-есі дұрыс адам. Шынайы мұсылман Аллаhу та’аланың әмірлеріне мойынсұнады. Аллаhу та’аланың әмірлерін орындамау күнә болады. Құл борыштарын өтейді. Мұсылман күнә жасамайды және қылмыс істемейді. Отанын, ұлтын және байрағын жақсы көреді. Барша адамдарға жақсылық жасайды және жамандық жасағандарға насихат береді. Осындай мұсылманды Аллаhу та’ала да, құлдары да жақсы көреді. Ондайлар бақытты және тыныштықта өмір сүреді." (Абдулхаким Аруаси)